Еңбек нарығы — презентация
logo
Еңбек нарығы
  • Еңбек нарығы
  • Негізгі сұрақтар
  • Еңбек нарығы
  • Еңбек нарығы
  • Құқықтың дүниетанымдық мәселелері
  • Еңбек нарығы
  • Сөз және көзқарас еркіндігі.
  • Еңбек нарығы
  • Еңбек нарығы
  • Еңбек нарығы
1/10

Первый слайд презентации: Еңбек нарығы

Орындаған:Жакенов Д.Е Тексерген:   Ашимова Г.М Топ:ФН901

Изображение слайда

Слайд 2: Негізгі сұрақтар

Адам және оның еркіндігі ( Б.Спиноза ). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері. Сөз және көзқарас еркіндігі.

Изображение слайда

Слайд 3

Еркіндік Еркіндік- адамның о бастан ешбір сыртқы себептілікпен, жағдайлармен, ешбір сыртқы күштермен әрі өзін қоршаған ортамен алдынала анықталмағандығы. Еркіндік- адамның кім, не және қандай болатындығы қалыптасу, даму жолында, өз өмірінде түбінде тек өзі анықтайтындығы немесе анықтамайтындығы.

Изображение слайда

Слайд 4

“Еріктік - танып-білінген қажеттілік”, Б.Спиноза «Ешқандай еріктіктің болуы мүмкін емес, тек қана қажеттілік бар» «Еріктік бар жерде қажеттілік жоқ» «Еркіндік дегеніміз - адамның арқаланатын жауапкершілік жүгі», Ж-П.Сартр Еркіндік туралы пікірлер

Изображение слайда

Құқық дегеніміз не? Тар мәнінде ( мағынасында ) құқық – мемлекет белгілеген бекіткен жалпыға міндетті әлеуметтік нормалардың жүйесі ; кеңірек мағынасында азаматтардың мемлекет бекіткен, кепілдік беретін және қоғайтын негізгі құқықтары мен құқықтық қатынастарды да қамтиды. Құқық салттардың, моральдық және діни нормалардың негізінде пайда болады. Олар нені істеу және нені істемеу керек, ненің жақсы, ненің жаман екендігін анықтаған және жалпы мүдделерді білдірген. Мінез-құлық ережелері мен нормаларын орындау бүкіл ұжыммен қамтамасыз етілген, оларды бұзу сирек құбылыс болатын.

Изображение слайда

Слайд 6

Құқық философиясы құқық негіздерін, оның онтологиялық, гносеологиялық және құндылықтық функцияларын зерделейді, ал бұлар әрқашан да философиялық қызығушылық пәні болды. Құқық философиясы заң нормаларымен өзара әрекеттестікте адамның іргетастық құқықтарын негіздейді.

Изображение слайда

Слайд 7: Сөз және көзқарас еркіндігі

Еркіндік —   адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 8

Әлемдік философияда еркіндік мәселесі көне грек ойшылдарының идеяларында көрініс тапты. Қоғамда адамдардың еркін және еркіндігі жоқтарға бөлінуіне байланысты еркіндік антика философиясында мәселе ретінде қойыла бастады. Бұл мәселені алғаш философия тарихында Сократ көтерген болатын. Әрі қарай өрбіткендер Платон, Эпикур, стоиктер және т.б. болды. Орта ғасырларда болса, ерік бостандығы ретінде философия мен теологияда еркіндік мәселесін шешуге талпыныстар жасалынды. Бұл әсіресе христиан дінінің үстемдік етуімен байланысты. Ондағы негізгі идея адамның « күнә мен күнәдан құтылу » жолдарын таңдауы болды. Бұл мәселеде философтар ғана емес теологтар да бір шешімге келген жоқ. Соңында екі негізгі бағыттағылар арасында күрес басталды. Еркіндіктің алдын ала Құдаймен анықталып қойылатындығын жақтаушылардың ең көрнекті өкілі Августин болды. Орта ғасырдағы ұлы христиан ойшылы ақыл мен еріктің айырмашылығын адамның Құдай алдындағы күнәһарлығы еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан тайқуынан көреді. Екінші бағытқа ерік бостандығын дәріптеуші Фома Аквинскийдің ілімін жатқызуға болады. Ал қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары еркіндікті адамның кедергісіз жан-жақты даму ретінде түсіне отырып, оны жоғарғы адамдық құндылықтық деңгейіне көтерді. Мұндай түсінік Дж.Бруно, Пико делла Мирандола, М.Монтень еңбектерінде байқалады.

Изображение слайда

Слайд 9

Жаңа Заманда капитализмнің орнығуымен еркіндік өзекті мәселеге айналды. Еркіндік мәселесі жайында Декарт пен Спиноза, Гоббс пен Руссо, Локк пен Юм сияқты ойшылдар өз көзқарастарын қалыптастырған болатын. Осы ойшылдардың ізденістерінің өзіндік бір қорытындысындай және батыстық мәдениеттегі еркіндік мәселесін шешуде өзіндік үлгі қалыптастырған неміс классикалық философиясы деуімізге болады. Неміс классикалық философиясының өкілдері И.Кант, Г.В.Ф.Гегель, Л.Фейербах, И.Г.Фихте, В.И.Шеллинг еркіндік мәселесін ерекше деңгейге көтере отырып, оны онтологиялық, этикалық, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қарастырды. Еркіндік мәселесін диалектикалық материализм тұрғысынан қарастыру Ф.Энгельстің шығармашылығымен байланысты. Ал кеңестік философияда еркіндік көбінесе тек қажеттілікпен байланысты қарастырылды. Қазақ халқының дүниетанымында еркіндік болмыстың іргетасы ретінде қарастырылады. Адам мен әлемнің қатынасы контексінде еркіндік мәселесі адамның табиғаттың ажырамайтын бөлігі ретінде қарастырылуынан туындайды.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Еңбек нарығы

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Изображение слайда

Похожие презентации