Первый слайд презентации: Есік медициналық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Тақырып : Асқазан және ұлтабар сөлін зерттеу
Слайд 2: Асқазан және ұлтабар сөлін зерттеу
Жоспар Асқазан секрециясын жіңішке резеңке түтікше арқылы фракциялық әдіспен зерттеу. Асқазан ішілік РН метрия. Интрагастральды реоплетизмография. Зондсыз зерттеу. Радиотелеметриялық әдіспен зерттеу. Ұлтабар сөлін зерттеу.
Слайд 3: Асқазан сөлін зерттеуге қарсы көрсетілімдер
Өңеш стенозы Атеросклероз салдарынан дамитын жүрек ақаулары Асқазан жарасы ауруы Асқазаннан қан кету Кенеттен қан қысымның көтерілуі Қолқа аневризмасы
Жіңішке резенке көмегімен асқазандағы сұйықтық аш қарынға алынады,бұл 1-ші порция,1 сағат ішінде әр 15 минут сайын асқазан сөлін сорғызып 4 порция алынады бұл негізгі секреция,кейінгі екінші сағат ішінде баиқау тағамдары беріліп немесе парентеральды секреци стимульяторлары енгізілгеннен кейін екінші кезеңдегі 1 сағат ішінде әр 15 минут сайын 4 порци алады.Асқазан сөлінің 9 порциға екі сағат ішінде алынып асқазанның негізгі және стимуляция жасалғаннан кейінгі секрециясын зерттеу фракциялық зерттеу әдісі деп аталады.
Слайд 5: Асқазан ішілік РН метрия
рН-метр ( орыс. рН-метр) - әртүрлі биологиялық объектілердің сілтілік немесе қышқылдық дәрежесін сипаттайтын сутекті иондардың концентрациясын (1... 14 аралықта ) өлшеуге арналған аспап. Ол электродтық жүйеден, күшейткіштен, индикатордан ( немесе өздігінен жазғыштан ), реттеуіш құрылғыдан,орындауыш механизмнен тұрады. рН-метрлердің өлшеу принципі жағынан 2 түрі болады : потенциометрлік ( нөл-аспаптар ) және тура есептейтін.
Слайд 6
Асқазандағы жалпы қышқылдықты Бос тұз қышқылын анықтаймыз Байланысқын тұз қышықылын анықтаймыз Асқазан рагіне күмәнданғанда сүт қышқылын анықтаймыз Пепсиннің көлемін анықтаймыз Жасырын қанды тексереміз
Слайд 7: Зондсыз зерттеу
Бұл әдіс ауруханада жағдайы ауыр науқастарды зерттеуде қолданылыды. Сали сынамасы. 0,1 метиллен көгі себілген жұқа резеңкені суда жуып,науқасқа кешкі тамақтан кейін 1 сағаттан соң жұтқызады.12 сағаттық несеп түсінің көк түсті болып өзгеруі асқазан сөлінің құрамында тұз қышқылының бар екендігін білдіреді. Ацидотест сынағы Науқасқа индикатор таблетка қабылдату арқылы несеп түсінің өзгеруіне қарай асқазан бездерінің тұз қышқылын бөлу денгейі тексеріледі.
Слайд 8: Радиотелеметриялық әдіспен зерттеу
Ұшына радиокапсулалар бекітілген арнайы сүңгі асқазан мен 12 елі ішек қуысына енгізіледі де, олардан келетін сигналдар тіркеледі. Асқазанның pH көрсеткішін, қозғалыс қызметін, тонусын анықтайды.
Слайд 9: Ұлтабар сөлін зерттеу
Ұлтабар сөлін зерттеудің бауыр, өт қапшығы және өт жолдары ауруларының диагнозында маңызы үлкен.Ұлтабар сөлін зерттеу екі мақсатта жүргіледі. Өт құрамын тексеру арқылы диагноз қою үшін. Жиналған өтті сыртқа шығару өт қапшығының қабынуының және өт қапшығыда тастың пайда болуының алдын алу үшін.
Слайд 10
Сүңгілеу ұшында олива тәрізді металы бар, диаметрі 4-5 мм, ұзындығы әрбір 10 см сайын белгісі бар 1-метрге дейінгі арнайы ұлтабар сүңгісі көмегімен орындалады. Ұлтабарды сүңгілеуде сұйықтықтың үш бөлігі алынады. Ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады ( ұлтабардағы өт «А» үлесі ), қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі ( өт қабығындағы өт «В» үлесі ), мөлдір алтын- сары түсті сұйықтық пайда болғанда ( бауыр өті «С» үлесі ). Бұл бөліктердің диагностикалық маңызын ескеріп, дуоденальды зондтауды орындайтын мейірбике, бөліну барысында «В» және «С» бөліктерінің түстерін бақылау керек. «АВС» бөлігін бөлек-бөлек пробиркаға жинап, арнайы белгімен белгілеу керек. Кейбір ауруларда, мысалы, өт өзегі таспен бітелгенде «В» бөлігін алу мүмкін болмайды. Өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының ауруларында қолданады. Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма кезінде ұлтабарды сүңгілеу жүргізілмейді.
Последний слайд презентации: Есік медициналық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқастардың негізгі шағымдары : іштің ауырсыну сезімі, тәбеттің өзгерісі, қыжыл, кекіру, жүрегі айну, құсу, іштің кебуі, іш өту, іш қату, ауыздан бөгде иіс сезіну, дис ф агия, қан кету. Дисфагия - Тамақ өңештен өту барында жұтудың қиындауы. Дисфагия төмендегі ерекшеліктермен сипатталады : - жүтудың қиындауы ; - тамақ өңештен өткенде ауырсыну сезімінің пайда болуы ; - жұтқан тамақтың қайта қайтуы - регургитация.