Кафедра : Психиатрия, Психотерапия және Наркология Тақырыбы : Пароксизмальды — презентация
logo
Кафедра : Психиатрия, Психотерапия және Наркология Тақырыбы : Пароксизмальды
  • Кафедра : Психиатрия, Психотерапия және Наркология Тақырыбы : Пароксизмальды бұзылыстар
  • Жоспар
  • Кіріспе
  • Пароксизмальды бұзылыс түрлері
  • Эпилептиформды пароксизмдер
  • Эпилептиформды пароксизмдер
  • Үлкен ұстама (grand mal)
  • Кафедра : Психиатрия, Психотерапия және Наркология Тақырыбы : Пароксизмальды
  • Кіші ұстама (petit mal)
  • Пароксизмальды бұзылыстар
  • Пароксизмальды бұзылыстар
  • Пароксизмальды бұзылыстар
  • Кафедра : Психиатрия, Психотерапия және Наркология Тақырыбы : Пароксизмальды
  • Үрей ұстамасы,соматовегетативті симптоматикамен
  • Истериялық талма
  • Пайдаланған әдебиеттер
1/16

Орындаған: Исаханова Ұ.И Қабылдаған: Ибраева А.М Курс 5, топ -10-004-1 Факультет: жалпы медицина С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина У ниверситеті Алматы 201 5 ж

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар

І. Кіріспе Пароксизмальды бұзылыс. ІІ.Негізгі бөлім Эпилептикалық формалық пароксизмалар Үрей талмас ы, соматовегетативті симптоматикамен Истериялық талмала р Пайдаланған әдебиеттер

Изображение слайда

Слайд 3: Кіріспе

Пароксизмалар ( Талмалар )- кенет дамитын, қысқа уақыттық, қайталануға бейім, тырысулармен немесе басқа да еріксіз қозғалыстармен және вазовегативті реакциямен көрінетін ұстамалар. Паракосизм түрінде әр түрлі психикалық ( елестеушіліктер, сандырақ, сананың қарауытуы, үрей, қорқыныш,ұйқышылдық ұстамалары ), неврологиялық (тырысулар) және соматикалық ( жүректің қағуы, бас ауыру, тершеңдік ) бұзылыстармен көрінуі мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 4: Пароксизмальды бұзылыс түрлері

Изображение слайда

Слайд 5: Эпилептиформды пароксизмдер

Эпилептиформды пароксизмдерге-мидың органикалық бұзылысына негізделген, әр түрлі клиникалық көріністермен көрінетін қайталамалы пайда болатын стереотипті қысқа уақытты талмалар жатады. Пароксизмдердің зақымдалу ошағының орналасуына ( самайлық, шүйделік т.б.) жасына ( балалардағы эпилепсия –пикнолепсия ), пайда болу себебіне ( симтоматикалық эпилепсия) және тырысудың болуына ( тырысулық және тырысусыз пароксизмдер ) байланысты көптеген классификациялар бар.

Изображение слайда

Слайд 6: Эпилептиформды пароксизмдер

Изображение слайда

Слайд 7: Үлкен ұстама (grand mal)

Бір сәтте сананың толық жоғалуымен және кенеттен құлаумен жүретін генерализацияланған тырысулық ұстама. Ұстама алднда бірнеше сағат немесе бір –екі күн бұрын жалпы әлсіздік, бастағы ауырлық сезімі, көңіл-күй өзгерісі, еңбекке қабілеттілік төмендеуі тәрізді хабаршы белгілер байқалады. Үлкен ұстаманың үш кезеңін ажыратамыз: 1. Аура висцеросенсорлы. Грек тілінен аударғанда «леп есу» деген сөз. Ұстамалардың көп жағдайында бірінші аура болады ( сенсорлы,моторлы, висцералды немесе психикалық көріністер ). Ұ стама ұстар алдында ауру адам басы ауырып, мең –зең болад,қолы дірілдеп,көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып,есіненен танады. Аураның мида патологиялық ошактың болуын білдіреді.

Изображение слайда

Слайд 8

2. Тоникалық кезең. Тырысулық ұстама болған уақытта барлық көлденең жолақты бұлшықеттердің тоникалық кернелуіне байланысты науқас «шалынған» тәрізді құлайды. Дене керіледі, қол-аяғы жазылады, өйткені жазғыш бұлшықеттер күші басым болады. Тыныс алу бұлшық еттерінің жиырылу нәтижесінде кеуде қуысынан, спазмдалған дыбыс тесігінен ауа күшпен шығады да, ұстаманың басында осындай науқастарға тән айқай естіледі. Ауыз бірнеше секунд бойына ашыұ болады, сонан соң тістеі сақылдап, тілі мен ұрты шайналады. Көз бұлшық еттерінің жиырылуы нәтижесінде көздері аларып, айналады. Тоникалық фаза 15-20 сек созылады, артынан клоникалық фазаға ауысады. 3. Клоникалық кезең. 20-40 сек созылады. Бұлшық еттердің тырысулық жиырылуы босаңсу жағдайымен алмасып тұрады, науқас «ұрылып» соғылады. Тіл бұлшық еттерінің тырысулық жиырылуы нәтижесінде сілекей көбіктенеді де ауыз арқылы сыртқа шығады, кейде қанға боялып, алқызыл түсті болып шығады. Клоникалық фаза кезінде еріксіз несеп, нәжіс немесе ұрық шығару болады. Құрысудың барлық кезеңі бойы науқас деп алмайды, тері жабындысы, бет терісі бозарудан қою көк және қара көк түске дейін ауысады. Құрысу аяқталғаннан кейін бірнеше минутқа дейін комотозды жағдай бақыланады, артынан –жиі ұйқы жағдайына ауысатын есеңгіреу жағдайы бақыланады. Құрысудың барлық кезеңі есте қалмайды, кейде ретроградты амнезия болады.

Изображение слайда

Слайд 9: Кіші ұстама (petit mal)

Кенеттен қысқа уақытқа сана сөнуімен тырысусыз ұстама, бұл уақытта науқас құламайды, бастапқы қалпында қалады, ұстама бірнеше секундқа созылып толығымен амнезияланады. Кіші ұстаманың типті мысалы Абсанс. Абсанс сананың бірнеше секундқа жойылуы, тоникалық өқрысу болмайды. Мысалы, сөйлеп отырып тоқтап қалады, беті бозарады, зейні басқа жаққа аударылады. Тырысу болмайды, науқас қалпын өзгертпейді. 1-2 секунд өткен соң ауру өзіне келіп бастапқы ісін жалгастырады, ұстама туралы ешетеңе білмейді. Кіші ұстаманың атипти варианттары: балаларда астатикалық құрысулар болуы мүмкін. пропульсия –бала алға қарай еңкейеді. Бұл кезде науқас тепе - теңдігін сақтай алмай алға қарай құлауы мүмкін бірақ тез тұрып, есін жинайды. Пропульсия екі түрде көрінеді : шоқу мен шолғу (1 айда), сәлем құрысулар (6 айда ) Ретропульсивті ауру артқа қарай құлайды. Латеропульсивті –бүйір жанына қарай құлау. Миоклоникалық құрысулар –шошығандағы селк ету тәрізді көрінеді. (и ығын қозғалту, мойнын бұру ) Кіші ұстамаларда аура болмайды және алдын ала белгілер болмайды.

Изображение слайда

Слайд 10: Пароксизмальды бұзылыстар

Психосенсорлы ұстама. Айналадағы қоршаған заттардың кеңістікте түсі,формасы, көлемі, орналасуы өзгерген секілді болып көрінеді. Пароксизм кезінде дене схемасының бұзылуы сезілуі мүмкін, дереализация және деперсонализация déjà vu және jamais vu пароксизмады ұстамалармен көрінеді. Суммеречные состояния ( сананы ң қарауытуы )- бірден басталып, бірден аяқталады. Жартылай немесе т олық амнезиямен аяқталады. Генерализацияланған ұстама –сананың терең бұзылысымен (кома) немесе толық амнезиямен жүреді. Бұл кезде мидың барлық бөлімдерінің қызметі бір мезетте үзіледі,ауру ұстама болатыны, алдын ала сезбейді,аура болмайды. Типті формасы кіші ұстамалар, егер аура болмаса ұлкен ұстама генерализацияланған ұстамаға жытқызылады.

Изображение слайда

Слайд 11: Пароксизмальды бұзылыстар

Изображение слайда

Слайд 12: Пароксизмальды бұзылыстар

Изображение слайда

Слайд 13

Эпилептикалық статус – эпилептикалық ұстамалар сериясы. Ұстамалар арасында науқастар есі анық болмайды, яғни, кома сақталады. Қайталамалы тырыспалы ұстамалар гипертермияға, мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысына және ликвородинамикаға әкеледі. Нәтижесінде ми ісінуі дамып, тыныстың регуляциясы мен жүрек –қантамыр жүйесінің қызметі бұзылып,өлім себебі болады. Бассүйекішілік ісіктерде, бас ми жарақатында, эклампсия да және тырыспаға қарсы дәрілерді қабылдауды кенет тоқтатқанда пайда болады. Жалпы эпилептиформды пароксизмдер тек қана эпилепсияда ғана емес,басқа да органикалық ауруларда кездеседі. Алкогольді және барбитураттарға тәуелділікте абстиненция жағдайына көбірек тән. Сонымен қатар камфор, бром камфор, коразол, бемегрид, кетамин, прозерин және басқа да холинэстераза ингибиторлары эпилептикалық ұстамаларды тудыруы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 14: Үрей ұстамасы,соматовегетативті симптоматикамен

Изображение слайда

Слайд 15: Истериялық талма

Истериялық талмаға психотравмалық факторлардың әсерімен және самовнушения механизмі арқылы шақырылатын функционалды ұстама тәрізді бұзылыстар жатады. Психотравмалық ситуацияны қажет етеді Құлаған кезде абайлап немесе ақырын сырғып құлайды. Бетте қызару немесе қантамырлық реакция болмайды Сіңірлік және қарашықтық рефлекстер сақталады, суыққа, ауру сезімге реакциясы болады. Атипті тырыспалар болады, яғни әр түрлі,науқас өзіне қалай елестетсе солай жасайды. ( қолын сермеу, тремор, ) Мимикасы қорқынышты, мұңлы азап шеккен немесе масаттану белгілерін көрсетеді. Талмалар бір –біріне ұқсамайды. Ұзақтығы үлкен- бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады Бөліктік есте қалулар болады, ал гипноз арқылы есін толық қалпына келтіре алады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Кафедра : Психиатрия, Психотерапия және Наркология Тақырыбы : Пароксизмальды: Пайдаланған әдебиеттер

Ғ.М. Құдиярова, Б.Б. Жарбосынова «Психиатрия» Алматы -2008, 6,16,17 беттер Н.М.Жариков, Л.Г.Урсова «Психиатрия» Алматы -2010, 88-110бб http:// kazmedic.kz/archives/151

Изображение слайда

Похожие презентации