Первый слайд презентации: Хирургиялық стоматологиядағы қосымша зерттеулердің қазіргі әдістері (морфологиялық әдістер және функционалдық диагностика әдістері)
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Хирургиялық стоматология және балалар жасындағы стоматология кафедрасы Орындағандар: 402 Тексерген: Әлмуратова А. С.
Слайд 2: Жоспары:
I.Кіріспе II. Негізгі бөлім: Термометрия, электроодонтометрия, термовизиография т.б зерттеу әдстері. Инструментальды зерттеу әдісі. III. Қорытынды
Слайд 3: Кіріспе
Хирургиялық стоматологияда науқастарды тексеру маңызды шаралардың бірі болып есептелінеді. Сол себепті зерттеу әдістерінің жыл сайын дамып,жаңа түрлерінің пайда болуы қазіргі хирургиялық стоматологияда өте маңызды болып есептелінеді. Қосымша зерттеу әдістерінің заманауи әдістері бірнеше түрлері кездеседі. Соларға жеке-жеке тоқтала кетсек.
Слайд 4: Термометрия
Термометрия физикалық зерттеу әдісі. Әдістің негізгі әсер етуі жылу мен суыққа тіс тіндерінің реакциясын,жауабын бақылап,анықтауға бағытталған.
Слайд 5
Ыстық және суық суды,қыздырылған инструментті, қыздырылған гуттаперчаны қолданып тіс тіндеріне бағыттағанда тіндердің жауап қайтаруының дәрежесі мен сипатын анықтайды. Термометриялық зерттеу әдісі тіс жегі, пульпит пен периодонтит ауруларының дифференциалды диагностикасында қолданылады. Реакциялық жауаптың болмауы пульпа некрозы жайлы, ұзақ ауыру сезімі – пульпит туралы,ал тез қысқа ауыру сезімі тіс жегінің пайда болуы туралы мәліметтер береді.
Слайд 6: Электроодонтометрия
Электроодонтометрия- пульпа мен тіс периодонтына әсер ететін токтың минимальды күші. Зерттеуді одонтодиагностика жүргізуге бағытталған арнайы аппараттармен жүргізіледі. Мысалы: ОД- 1 ОД-2 Од-2М ИВН-1 Интактілі тістің пульпасы 2-6 мкА, пульпа қабынуы кезінде-10-100 мкА,ал периодонт қабынуында-100 мкА жоғары ток күшіне әсер етеді.
Слайд 7: Термовизиография ( термография )
Тіс тіндерінің денесінде температураның таралуын мен температуралық симметрияның бұзылу аймақтарын анықтау. Әдіс жақ сүйегінің сынуы кезінде бұл әдістің көптеген артықшылықтары бар. Ондай жағдайда зақымдалу ошағында температура көрсеткішінің жоғарлауы байқалады,ол аурудың оң ағымында 3-5 күн ішінде температуралық көрсеткіш төмендейді. Тері-асты май шел қабатында қан құйылып, іріңдеу болмағанда температураның көтерілуі тоқтатылып, төмендейді.
Слайд 8
Қабыну процестері ( жедел жарақаттық остеомиелит) зақымдалған ошақ денесінің температурасы жоғарлайды. Әдіс қарапайымдылығымен, жеткілікті ақпараттандырылуымен және зиянының болмауымен ерекшеленеді.
Слайд 9: Цитологиялық зерттеулер
Жара ( язва ), эрозия,ауыз қуысының шырышты қабатының, пародонт тіндері аурулары және ісіктер кезінде жүргізіледі. Аурудың табиғатын, қабыну процесі белсенділігінің дәрежесі мен жүргізіліп жатқан емнің нәтижелері мен ауру болжамын нақты анықтауға көмектеседі. Зерттеу материалы ретінде жұтқыншақтан алынған жағынды, аралас сілекей, өзекшелі сілекей, ауыз қуысының шайындылары мен қызыл иек қалталарының сұйықтығы алынады. Материал шыныға жағылып, ауада кептіріліп бекітеді. Жағындыларды цитологиялық бояулармен бояймыз.
Морфологиялық әдіс- ауыз қуысының әр түрлі мүшелері мен тіндердің биоптаттарын зерттеу. Биоптаттардан кесінділер жасайды, арнайы әдістерді қолдана отырып гистологиялық бояғыштармен бояйды( гематоксилин эозин, Ван-Гизон бойынша пикрофуксинмен бояу).
Слайд 12
Диагностикалық пункция- арнайы инелерді қолдану арқылы патологиялық ошақтан материал жинақталып, препараттартар дайындалады. Бұл әдіс мүшелер мен тіндер зақымдануының сипаты мен дәрежесін анықтауға көмектеседі,әсіресе ісік процестерінде. Қолданысқа ие болатын инелердің ұзындығы 6-8 см. Егер сүйектің трепанациясы болса Куликовский мен Вирдың инелері қолданылады. Пунктаттың аспирациясы 5-10 гр шприцтермен жүргізіледі. Пунктатты шыны табақшаға жағып,жұқа қабат түзейміз. Арнайы бояумен бояп, гистологиялық лабораторияға жібереміз. Материалды сақтау мерзімі-2 күн,себебі материал тез іріп кетеді.
Слайд 13: Инструментальды зерттеу әдістері
Рентгенография- бірінші рет рентген суретін осыдан 200 жылдай бұрын Вильгельм-Конрад Рентген жасаған. Ал тістің рентген суреті бірнеше жылдан кейін пайда болды. Тіс-жақ жүйесі рентгенологиясының да өзіндік төңкерісі бар. 1926 жылы Цешинский тістердің изометриялық суретін сипаттап жазған. Ол өз кезегінде ауызішілік рентгенография әдісіне негіз болды. 1926 жылы финдік Сойла және Паатеро бірінші ортопантомограф ойлап тапты. Бірінші компьютерлік томография 1974 жылы сыналған. Кейіннен осы еңбектері үшін Кормак и Хаунсфильд Нобель сыйлығымен марапатталған.
Слайд 14: Артықшылықтары:
Кез – келген рентген суретін тек негатоскоп не визиограф арқылы ғана көруге болады. Бірақ басқа проекцияда, басқа бұрышпен көруге мүмкіндік болмайды. Ол үшін жаңа рентген суретін жасау керек. Ал компьютер жадындағы сақталған үшөлшемді реформат арқылы түсірілген нысананы қалаған өлшемде, қалаған бұрышынан, қалаған тереңдігінде, барлық жазықтықта науқастың қатысуынсыз ақ көруге мүмкіндік болады Егер рентгенограмма суммациялық сурет болып саналса, Ал КТ әрбір тінді қалыңдығына байланысты милиметрлеп, оның бөлшектеріне дейін анықтайды. Мысалы ортопантограмма жасағанда нысананың суретін тек бір ғана жазықтықта көреміз. Ал КТ-да берілген нысананы үш бағыттан көруге мүмкіндік туадыиит
Слайд 16: Жақ -бет аймағында сүйек тіндерінің томографиясы оның әрбір бөлшегіндегі өзгерістерді анықтай алады
Слайд 17
2.2 тістің КТ- сы. • профильді томограмма 2.2; • күрек тіс каналы мен периапикальді деструкция маңындағы альвеоолды өсіндінің аксиальді томограммасы • ұлғайтылған үшөлшемді реформат 2.2 тіс түбірі ұшының маңындағы кортикалды пластинканың фенестрациясы
Слайд 19
Аксиальді томограмма : эндодонтиялық зерттеулер кезінде канал топографиясын анықтау үшін.
Слайд 20: Үшөлшемді профильді томограмма. Жоғарғы жақсүйегінің пародонтологиялық статусын анықтау үшін
Слайд 21: Үшөлшемді реформат Алвеолды өсінді мен қатты таңдайдың екі жақты жырығы кезіндегі ретенирленген тістердің орналасуын анықтау
Слайд 22: Сонымен қатар кт :
Жоғарғы және төменгі жақтың сынуын Жарақаттан кейінгі асқынуларды Қатерлі түзілімдерді Қабыну үрдістерін Сілекей бездерінің ауруларын Торлы лабиринтті Қанат таңдай шұңқырының Маңдай сүйегінің т.б. патологиялық процестерін анықтауға мүмкіндік береді.
Слайд 23: қорытынды:
Хирургиялық стоматологияда науқастарды тексеру маңызды шаралардың бірі. Сол себепті зерттеу әдістерінің жыл сайын дамып,жаңа түрлерінің пайда болуы қазіргі хирургиялық стоматологияда өте маңызды болып есептелінеді. Қосымша зерттеу әдістерінің заманауи әдістері бірнеше түрлері кездеседі. Осы түрлерді жекелеп қарастыру білікті маман стоматологты дайындауда маңызы зор.Сондықтан зерттеу әдістерін теориялық және тәжірибе жүзінде қолдану болашақта науқастарға дұрыс әрі нақтылы диагноз қоюға септігін тигізеді.
Последний слайд презентации: Хирургиялық стоматологиядағы қосымша зерттеулердің қазіргі әдістері: Пайдаланылған әдебиеттер:
Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с. Скорикова Л.А. Пропедевтика стоматологических заболеваний. - Ростов-на-Дону, 2002. Хирургическая стоматология: Учебник. / Под редакцией Робустов Т.Г. с соавт. – 3-е изд., перераб. и дополн. - М., Медицина, 2003 - 504 с. Безруков В.М. Амбулаторная хирургическая стоматология. Москва: 2002. -75 с. Бернадский Ю.И. Основы челюстно-лицевой хирургии и хирургической стоматологии.: 2003-416с. Ж.Б.Оразалин, К.Т. Төлеуов Хирургиялық стоматология – Алматы. «Білім», 1998 - 368 бет. А.Ғ. Құраш Бастың және мойынның клиникалық анатомиясы. Оқулық I том. Қарағанды, 2006. - 277 бет. Х.Л. Сағындықов, И.С. Ревюк, Ж.Ж. Айтбаев Стоматологиялық тәжірибедегі қауіпті жағдайлар мен бет-жақ аймағының жедел қабыну аурулары және жарақаттары кезінде көрсетілетін жедел көмектер: Оқу әдістемелік нұсқау. – Астана: ҒТАО, 2006. - 118 бет. К.К.Талимов, С.А.Атабаев – Пародонт ауруларын хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері.- Оқу әдістемелік нұсқау. Алматы 2002. Х.Л.Сағындықов, И.С.Ревюк, Ғ.Ж.Айдаров, Б.Б.Кожаков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Әдістемелік нұсқау. Алматы 2004.