Первый слайд презентации: Тақырып : Толық алынбалы пластиналық протездерді бекіту әдістері.Жақтардың орталық ара қатынасын фантомда анықтау
Қабылдаған:Кузеков Ж.С. Орындаған:Искенов Д.Н. Тобы:Ст11-001-1қ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Ортопедиялық стоматология пропедевтикалық кафедра
Слайд 2
I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім: Толы қ алмалы –салмалы пластиналы протезді бекіту туралы түсінік Протез жақ сүйегіне бекітудің мынадай әдістері бар Механикалық Хирургиялық Анатомиялық Физикалық-биологиялық Биофизикалық Тұрақтандыру Жақ сүйектердің орталық арқатынасын анықтау IV. Пайдаланылған әдебиеттер. Жоспар:
Слайд 3
Кіріспе Толық алмалы – салмалы протез бұл – тіс қатарында барлық тістер болмаған уақытта қолданылатын протез. Барлық тістердің болмауы дистрофиялық (тіс жегісі, пародонтоз) және жарақатты процестердің әсерінен тіс – жақ жүйесіндегі функциональды және анатомиялық бұзылыстарға алып келеді. Толық алмалы – салмалы протез көмегімен пайда болатын өзгерістерді тоқтатуға және шайнау қызметін қалыптастыруға, науқастың ішек жолдары қызметін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік туғызады.
Слайд 4
II. Негізгі бөлім: Толы қ алмалы –салмалы пластиналы протезді бекіту Бекіту. Тіссіз жақ сүйектеріндегі протездің қызметтік құңдылығы ең алдымен протездің бекуіне – олардың жақ сүйектеріндегі тыныштық жағдайында жеке қызметтік қимылдауы кезінде орнығуына байланысты. Бекіту күші протез тіні және ауыз қуысы мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне,протез тіні шырышты қабатының күйіне, альвеола қырлары мен жақ сүйектері альвеола бөліктерінің пішіндеріне тәуелді.
Слайд 5
Протез жақ сүйегіне бекітудің мынадай әдістері бар механикалық биофизикалық анатомиялық хирургиялық физикалық-биологиялық
Слайд 6
Механикалық әдістер XVIII ғасырда Фошар молярлар аймағына бір-бірден оң және сол қапталынан иілген күйде орналастырылған алтын пластинкалық серіппені қолдануды ұсынған болатын. Кейінен бұл әдіс кең қолданыс тапты, пластинкалы серіппе спиральмен ауыстырылған болатын.
Слайд 7
Механикалық –ретенция,барлық белгілі әдістердің ішіндегі ең кең тарағаны.Ол табақшалы протездерді бекіту үшін түрлі механикалық құрылғыларды серіппелерді,қапсырмаларды,лигатураларды пайдалануға негізделген.Қазір бұл әдіс аз қолданылады. Хирургиялық – көмекші болып табылады,протезді тиімді бекіту үшін ауыз қуысын ортопедиялық емдеуге дайындалады арналған.
Слайд 8
Анатомиялық - П ротездің беку дәрежесі алғашқы кезекте протез тінінің анатомиялық-физиологиялық күйіне байланысты. Альвеола қыры және альвеола бөлігі жақсы білінетін жақ сүйектерде протез неғұрлым тұрақты келеді, себебі шырышты қабық бұлшық еттері, тартпаларының жақ сүйегіне бекуі орны альвеола қырынан жеткілікті алыс болады.
Слайд 9
Физикалық әдіс Тіссіз жақ сүйектеріне протезді орнықтыру үшін адгезия және когезия сияқты физикалық құбылыстарды пайдаланады.
Слайд 10
Адгезия – екі әртекті денелер жанасқанда, олардың беткі қабаттарында белгілі бір байланыстың пайда болуы. Когезия – физикалық денеде молекулалар, атомдар, иондардың ұштасуы, молекулааралық әсер және химиялық байланыспен түсіндіріледі. Когезия және адгезия құбылыстары іс жүзінде протездерді бекіту үшін пайдаланылады.
Слайд 11
Ретенция және адгезия құбылыстары іс жүзінде протездерді бекіту үші пайдаланылады.Соңғы жылдары бекітудің физикалық –биологиялық әдістері кеңінен қолданылады. Олардың мәні протездердің адгезия және қызметтік созылуы есебінен бекуінде.Тіс протезді адгезиясын қамтамасыз ету үшін оның протез орналасатын орын тіндеріне толық сай келуіне қол жеткізу қажет.Ауыз қуысы шырышты қабтының макро- және микро- бедері протез негізінде дәл бейнеленуі тиіс.Адгезия күші шырышты қабат пен протездің орналасу орны ауданының микробедерінің қайталану дәлдігіне байланысты. Қызметтік жабысу протез астында кері қысым жасауға негізделген.Егер протезбен оның астындағы шырышты қабат арасында зарядсыз кеңістк түзілсе, протез қысым айырмасы есебенен жақсы бекиді. Емдеу кезінде бұған қол жеткізу үшін жоғары сапалы қалып түсіріп, протез шегін, көлемін анықтау керек.
Слайд 12
Физикалық-биологиялық әдісі Соңғы жылдары бекітудің физикалық-биологиялық әдістері кеңінен қолданылады. Олардың мәнісі протездердің адгезия және қызметтік созылуы есебінен бекуінде.
Слайд 13
Протез ұстауға механикалық ретенция күштері де маңызды.Оларды пайдаланғанда тіссіз жақ сүйектердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін,сүйек тінінің,шырышты қабаттың күйін қатаң ескереді.Протезбен әрекет ететін бұлшық ет күйін де анық білу қажет. Протезді жақ сүйегіне тыныштық күйінде де,қызмет кезінде де тиімді бекітетін негізгі күштер –қызметтік жабысу күштері.Ол үшін ауыз қуысында қақпақ аумағын жасайды.
Слайд 14
Қақпақ аумағы - протез шеті шырышты қабатпен түйісіп протездің шеті бойына тұйықтау қақпақ түзіп,оны жақ сүйегіне бекітуге жағдай жасайды. Бекітудің көмекші әдістері – бұл магниттерді, имплантаттарды,басқа да құрылымдарды пайдалану.Соңғы жылдары кейбір авторлар базис негізіне желімденгіш ұнтақ,гель,пленканы жағуды ұсынады.Мұнда сілекейдің тұтқырлығы артып,протездің бекуі жақсарады.Полиоксиэтилен негізіндегі ұнтақтар түріндегі адгезивтер ұсынылды.Олар алмалы-салмалы табақшалы протездің протез орналасатын орнының шырышты өабатына қараған бетіне жағылады.
Слайд 15
Сілекей әсерінен желім ісініп, жабысқақ қабат түзейді.Мұнының өзі протездің бекуін жақсартады. Корега кеңінен қолданылады.Қазіргі адгезивті препараттар құрамында пластификатор мен мономер бар кондиционерлер жатады.Пластификатор ретінде монобутилэтиленгликоль эфиріне аз ғана спирт қосылған монобутилфталат пайдаланған,ол полимер бөлшектеріне еніп,олар сарланып,пластификациялынып, кондиционер-гель түзеді, ол одан кейін протезге жағылады. Фирмалар түрі адгезиялық препараттар бекітуге кремі,ұнтағы,төсеммелер шығарады, оларды протезге тәулік бойы 1-2 жағады. Бұл кезде беку жақсарып қана қоймай, алмалы-салмалы тіс протезді пайдаланғанда, адгезивтер протезді бекітудің қазіргі құралы болып табылады.
Слайд 16
Мүлде тіссіз науқастарда протездегенде орталық окклюзияны емес, жақ сүйектерін арақатынасын анықтайды, себебі бұл кезеңде тістер қатары емес, окклюзиялы балауыз біліктері орын алады. Жақ сүйектері орталық арақатынасын анықтау дегеніміз төменгі жақ сүйегінің жоғарыға қатысты орнын үш озара перпендикуляр жазықтықта анықтау.
Слайд 17
Қазақстандық ғалымдар, Еслямгалиев Г.Т. Алтынбеков К.Д. (1989) беттің төменгі үштен бірін құлақ жарғағының биіктігіне қарай анықтауды ұсынады. Антропометрикалық әдістермен қатар неғұрлым кең тарағаны зерттеудің қызметтік – физиологиялық, анатомиялық – физиологиялық әдістері. Соңғысы стоматолог – ортопедтер ортасында өте танымал, себебі арнайы аппаратураны, жүргізу техникасын қажет етпейді.
Слайд 18
1. Ең алдымен жоғарғы жақтың білігін шақтаймыз. Жоғарғы жақтың білігінің фронтальді бөлігінің биіктігі 1-1,5см, ені 3-4 мм, ал бүйір жақтағы біліктің биіктігі 5-7мм, ені 10-12мм болады. Ауыз қуысына шақтаған кезде ең алдымен вестибулярлы доғаға мән береміз, егер ерін алдыға шығып тұрса артық жерін аламыз,ерін ішке кіріп тұрса балауызбен қосамыз.
Слайд 19
2. Алдыңғы біліктің биіктігін тексереміз. Білік жоғарғы еріннен 2-3 мм шығып тұру керек. 3. Протетикалық жазықтықты, ол үшін 2 сызығышты қолданамыз. 1-ші сызығыш көз қарашық сызығымен қояды, ал 2-ші сызғыш ауыз қуысындағы жоғарғы жақ біліктің окклюзиялық жазықтығына қояды, екі сызғыш бір біріне параллель болуы керек. Мақсаты біліктің алдыңғы бөлігінің биіктігін қалыптастыру
Слайд 21
Білік беті қарашық және мұрын – құлақ сызықтары бойына параллель келген соң, оны тегістеп, құрылған протетикалық жазықтықты жетілдіреді. Ол үшін Нейша аппаратын қолданған жөн.
Слайд 22
Біліктің бүйір бөлігінің биіктігін қалыптастыру үшін, құлақтың түйінен мұрын қанатына дейін кампер сызығын жүргіземіз. Тағы бір сызғышты білікті бүйір бөлігінің окклюзиялық жазықтықта орналастырып параллельдігін анықтаймыз.
Слайд 23
Төменгі жақ білігін шақтаймыз, вестибулярлы доғасын анықтаймыз. Жақтардың түйістіруін сұраймыз, физиологиялық тыныштық биіктігімен салыстырып, төменгі жақ білігінің биіктігін 2-3мм аламыз. Жоғарғы және төменгі білік бойымен 2 бүйір және 1 алдыңғы сызық сызып аламыз.
Слайд 24
Балауызды негізбен окклюзиялық білікті ауыз қуысынан шығарып жаңағы жүргізген сызық бойымен жоғарғы жақ білігіне кертпе жүргіземіз, ал төменгі жақ білігіне сызық бойымен қыздырылған балауызды жанастырамыз. Науқастың ауыз қуысына салып, сілекейін жұтынып барып жақтардың түйістіруін сұраймыз. Окклюзиялық биіктікті анықтаймыз.
Слайд 25
Соңғы кезең – жоғарғы тістерді орнату үшін бағдар сызықтарын салу. Осы сызықтарға қарап техник тістер өлшемін таңдайды. Жоғарғы білікке орта сызығын, сүйір тістік және күлімдеу сызығын түсіру қажет.
Последний слайд презентации: Тақырып : Толық алынбалы пластиналық протездерді бекіту әдістері.Жақтардың
IV. Пайдаланылған әдебиеттер. С.Р. Рузуддинова,А.А. Седунов,И.Ә.Құлманбетова,Ю.С. Лобанов Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы 374-385бет А.М. Маженова., Н.Қ. Сейітмәмбетов., “Стоматологиялық ортопедия” 2003ж., 88-96 бет В.Н. Копейкин “Руководство по ортопедической стоматологии” М, 1993. 216- 225 бет www.google.ru