Хоспис және паллиативті көмек — презентация
logo
Хоспис және паллиативті көмек
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • I. Кіріспе
  • Хоспис деген не, паллиативтік көмек деген не айырмашылық
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Анықтамаға сәйкес паллиативті көмек :
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Өмірінің соңында арнайы паллиативті көмекті талап ететін науқастардың үш негізгі тобын анықтауға болады
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Хоспис және паллиативті көмек
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер
1/17

Первый слайд презентации: Хоспис және паллиативті көмек

Орындаған: Әуелбек Г. Тобы : 3 01-МІҚ Қабылдаған: Ходжакулова У.А. Хоспис және паллиативті көмек Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі кафедрасы

Изображение слайда

Слайд 2

2 Жоспар : Кіріспе Негізгі бөлім Хоспис Палиативті көмек Паллиативті көмектің негізгі міндеттері III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда

Слайд 3: I. Кіріспе

Паллиативті көмек - деген өмірмен қоштасуға уақыты аз ғана қалған пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту. Оның ішінде пациенттерге және олардың жақындарына психологиялық қолдау көрсету. Жалпы паллиативті көмектің негізгі мақсаты өмірден үмітін үзіп, ажал сағатын күтіп жатқан адамдарға жарық дүниенің соңғы сәулесін жан жылуымен сезіндіріпе мейірім сыйлауға, тән азабын сездірмей ажалды саналы түрде қарсы алуға септігін тигізу болып табылады

Изображение слайда

Хоспис дегеніміз - қарттар үйіне немесе адаптация ( бейімдеу ) орталығына ұқсас мекеме. Хосписта науқастарға күтім (төсек-орын, тамақ, медбикелердің бақылауы ) көрсетіледі. Қажетінше ауырсынуды басатын дәрі- дәрмек салынады, яғни симптомдық ем қолданылады

Изображение слайда

Слайд 5

Паллиативтік көмек - дегеніміз, қатерлі ісіктердің асқынуларын мүмкіндігінше азайтуға арналған, науқастың жағдайына қарай қолдануға болатын медициналық көмек көрсету. Паллиативтік көмек қатерлі ісікті толық емдеп шығу үшін емес, оның асқынуларын басып, науқастың өмірінің сапасын мүмкіндігінше жақсартуға арналған ем. Паллиативтік ем хирургиялық, сәулелік, химиотерапиялық тәсілдермен жүргізіледі және қосымша симптомдық ем қолданылады

Изображение слайда

Слайд 6

Палиативті көмек « Паллиативті » термині латынның « pallium »: «бет перде » немесе « жамылғы » деген сөзінен шыққан. Бұл паллиативті көмек дегенді білдіреді : тегістеу – емделмейтін аурудың көрінуін жасыру немесе «қорғансыз» қалғандарды қорғау үшін сыртқы қабатын жамылғымен қамтамасыз ету

Изображение слайда

Слайд 7

Қазіргі уақытта паллиативті көмек -медициналық және әлеуметтік қызметтің маңызды бағыты. Оның мақсаты физикалық, психикалық, рухани – басқа да симптомдарды және ауырсынуды тоқтату, мұқият бағалау, ерте анықтау арқасында алдын алу және қайғы - қасіреттерді жеңілдету арқылы ем қонбайтын науқастар мен олардың отбасының өмір сапасын жақсарту

Изображение слайда

– қалыпты заңды үдеріс ретінде өмірді бекітеді және өлімді қарастырады; – өмір сүру мерзімін ұзарту немесе қысқарту ниеті жоқ; – науқастың мүмкіндігінше белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге тырысады ;

Изображение слайда

Слайд 9

- емделушінің ауыр науқастанған кезінде оның отбасына көмек ұсынады және ауыр қайғыдан кейінгі уайымдау кезеңінде психологиялық қолдау көрсетеді; – емделуші мен оның отбасының барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпаралық тәсілді пайдаланады – емделушінің өмір сүру сапасын жақсартады, сонымен қатар ауру ағымына оң әсер етеді ;

Изображение слайда

Слайд 10

Паллиативті көмектің негізгі міндеттері Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату. 2. Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыста - рына психологиялық қолдау көрсету. 3. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру. 4. Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру 5. Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу. 6. Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады

Изображение слайда

1. 4-сатыдағы қатерлі ісігі бар науқастар 2. Терминалды сатыдағы ЖИТС науқастары 3. Дамудың терминалдық сатысындағы онкологиялық емес күшейген ауруы бар науқастар ( жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі декомпенсациясы сатысы, ұмытшақ склероз, ми қанайналымының бұзылуынан бола- тын ауыр салдар және т.б.)

Изображение слайда

Слайд 12

Паллиативтік орталық- соңғы тұрақ Алматы қаласында 1999 жылы салынған Қазақстандағы алғашқы хоспис қазір « Паллиативтік көмек орталығы » деп аталады. Бұл талай жанның соңғы тұрағы. Мыңдаған науқастың өмір жолын азапсыз аяқтауы үшін келіп, ажал үкімін күтетін жері.Елімізде мұндай орталық Павлодар,Өскемен, Қарағанды, Қостанай және Семей қалаларында бар. Жалпы мұндай орталықтар Европа елдерінде 70-80-ші жылдардан бастап салына бастаған екен. Бұл мекемелерде жұмыс істейтін арнайы мамандардың міндеті - айықпас дертке ұшырап, соңғы демін күтіп жатқандарға тән азабын сездірмей, моральдік-психологиялық көмек көрсете отырып, о дүниеге дайындау.

Изображение слайда

Слайд 13

75 % онкологиялық аурулар 25 % созылмалы аурулар « Қазақстанда паллиативті көмекке мұқтаж 18 мың адам бар. Ол науқастардың 75 пайызы онкологиялық ауруларға шалдықса, 25 пайызы созылмалы, дауасыз дертке душар болып отыр. Қазір Қазақстан бойынша паллиативті көмек көрсететін 11 орталық бар. Сол 11 орталық аймақ және 9 қалада

Изображение слайда

Слайд 14

« Паллиативті көмек деген ұғым - Қазақстан қоғамына ə лі сіңе қоймаған ұғым. Бірақ, ə лемнің дамыған елдерінің медицинасы осы паллиативті көмекті қатар дамытып келеді.  Өкінішке орай, Қазақстанда осы көмек түрі хоспистердің жұмысымен ғана байланыстырыла айтылады, ал елімізде хоспистер 1999-2000 жылдары пайда болған. Содан бері паллиативті көмек көрсету саласы көп дамыған жоқ. 2009 жылы " Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы туралы " заң жобасы қабылданса да, 2013 жылы паллиативті көмек көрсетудің ұлттық стандарты қабылданса да, бұл сала ə лі тиісті д ə режесіне жеткен жоқ

Изображение слайда

Слайд 15

Небәрі 20 жылда ел ішінде кешенді және тиімді паллиативтік көмек көрсету жүйесін құруға болатындығын дәлелдеген Данияның паллиативтік көмек көрсету жүйесі үлкен қызығушылық тудырады. Алғашқы хоспис пен үй жағдайында көмек көрсететін бригадалар Данияда 90-шы жылдардың басында пайда болды. Қазіргі уақытта Данияда 18 хоспис, 28 үй жағдайында көмек көрсететін жылжымалы қызметтер және үлкен клиникалар аясындағы 9 паллиативтік медицина бөлімшелері бар. Сонымен қатар, Даниядағы хоспистердің барлығы дерлік мемлекет тарапынан қаржыландырылатынын және олардың жағдайлары Еуропа бойынша ең озық екенін атап айту керек.

Изображение слайда

Слайд 16: Қорытынды

Қорыта келе паллиативті көмек дегеніміз – қауіпті аурумен зардап шегетін адам үшін мамандырылған медициналық қызмет көрсету. Диагнозға қарамай аурудың белгілерін жеңілдету. Негізгі мақсаты – емделушінің және оның отбасының өмір сапалығын жақсарту.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Хоспис және паллиативті көмек: Пайдаланылған әдебиеттер

do.gendocs.ru/docs/index-156818.html?page= medkz.ucoz.com/ publ / orta_buyn_medicina_qyzmetkerlerinin_maqalalary /mejirbikelik_kutimdegi_v_khendersonnyn_qosymsha_tolyqtyratyn_modeli/3-1-0-1284 ppt-online.org/12137 http://sestrinskij-process24.ru/karty-sestrinskogo-uhoda/

Изображение слайда

Похожие презентации