Первый слайд презентации: Ксенобиотиктер
Орында ған: Көшербай Қ. Қабылдаған:Сардар А.
Слайд 2: Кіріспе
1. Ксенобиотиктер 2. Ластану 3. Химиялық ластану 4. Физикалық ластану 5. Биологиялық ластану 6. Жер үсті және жер асты суларының ластану көздері
Слайд 3
Ксенобиотиктер (Ксенобиотики) (грекше xenos — бөтен, жат, bios — тіршілік, өмір) — тірі организмдерге жат химиялық заттектер. Ксенобиотиктер биоталық айналымға кірмейді, әдетте, адамның шаруашылық іс-әрекетінен тікелей немесе жанама пайда болады. Оларға пестицидтер, минерал тыңайтқыштар,жуғыш заттектер (детергенттер),радионуклидтер, синтетикалық бояғыш заттектер және т.б. жатады. Қоршаған табиғи ортаға түскен соң олар аллергиялық реакция туғызуы, организмдерді өлімге душар етуі, тұқым қуалайтын белгілерді өзгертуі, иммунитеті төмендетуі, зат алмасуды бұзуы, табиғи экожүйедегі процестердің барысын биосфера деңгейіне дейін тұтастай өзгертуі мүмкін. Сыртқы ортадағы және тірі организмдердегі ксенобиотиктердің айналымын детоксикация және деградация арқылы зерттеу табиғатты қорғау жөніндегі санитариялық-гигиеналык шараларды ұйымдастыруда өте маңызды.
Слайд 4
Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортағазалал келтіруі. Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай: 1.физикалық ( электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы ) 2.химиялық ( мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары ) 3.биологиялық ( микробты, бактериялық, вирусты ) механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді. Ластану көздеріне қарай: 1.өндірістік 2.көліктік 3.ауыл шаруашылық 4.тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді.
Слайд 6
Химиялық ластану — қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі. Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді немесе тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жоғары елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр. Қзіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп айтады. Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады.
Слайд 8
Физикалық Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы, жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады. Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрес. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін. Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді. Негізгі бөлім 2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер. Өнд i р i ст i ң қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Н ə тижес i нде табиғаттағы көм i ртект i ң айналымы бұзылды деуге болады.
Слайд 9: Биологиялық ластану
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанудан басқа әр түрлі ауру туғызатын ластанудың биологиялық түрі кездеседі. Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, т.б. жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі. Жер бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады. Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт - адам организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы. Организмге түскен микробтар өсіп-өну үшін айрықша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі бір жерде өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитінде өсе алады.
Слайд 11
Сулардың ластануы деп оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі деп түсінеді. Суды 400-дей түрлі зат ластауы мүмкін. Егер судағы санитарлық-токсикологиялық (судың мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі) көрсеткіштері, сульфат, хлорид, нитрат, уытты ауыр металдар мөлшері шектеулі межеден артып кетсе, су ластанған болып есептеледі. Тағы суда араласқан оттегі мөлшерінің азаюы, радиоактивті элементтердің, ауруға ұшырататын бактериялардың пайда болуы да оның ластанғанын көрсетеді. Өндірістік ластанудың көздері мыналар: электроэнергетика; химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп; ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп; қара металлургия; түсті металлургия; машина жасау өндірісі; көмір өнеркәсібі; мұнай өңдеуші өнеркәсібі; жеңіл өнеркәсіп; құрылыс материалдары өнеркәсібі; тамақ өнеркәсібі; тұрмыстық жиынды сулары; өзен және теңіз кемелерінің жиынды сулары; қыста қалалардың кір қарларының суға тасталуы.