Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориялық негіздері — презентация
logo
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориялық негіздері
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориялық негіздері
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориялық негіздері
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориялық негіздері
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориялық негіздері
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориялық негіздері
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог
  • Ата-аналармен және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс
  • Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориялық негіздері
1/8

Орындаған:Мүслім Перизат

Изображение слайда

Слайд 2

Мектепке дейінгі кезең – мектепке дайындық сатысы, баланың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту кезеңі. Демек, бала өміріндегі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту тәсілінің ұйымдастырылған оқу қызметінен баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әр баланың әлеуетін барынша дамытуға жағдай жасауға қарай өзгеруі тиіс. Педагогтің алдын ала жоспарлаған әрекеттерін орындап қана қоймай, баланың қызығушылығына көңіл бөліп, күнді өзі таңдаған белсенділік түріне қарай құрудың маңызы зор.

Изображение слайда

Слайд 3

Бірге ойнау дағдыларын, еңбек әрекеті дағдыларын, тазалықты, тәртіптілікті, ұйымшылдықты, ойлауды, қабылдауды, сурет салуды және басқа дағдыларды меңгерту ойын нысанында іске асуға тиіс. Ойын – баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы.

Изображение слайда

Слайд 4

Педагогтің рөлі – күні бойы балалармен әңгімелесуде денсаулық, қарым-қатынас, математика негіздері және білімнің басқа да салалары туралы білімді бойларына дарыту (педагог тамақтану кезінде денсаулық пен тамақтанудың маңызы туралы, серуенде табиғат туралы балаларға әңгімелеп береді). Қарым-қатынас дағдыларын педагог өзі көрсетуге тиіс. Балалармен диалог жүргізуде педагог қарым-қатынас тәсілдерін көрсетеді, әңгімелесушінің сезімін ескеру қажеттілігін түсіндіреді, сыпайылық пен адамдармен араласу қағидалары туралы айтады. Бала тәрбиесіндегі халық ауыз әдебиетінің маңызын ескере отырып, баланың ертегілер мен кітаптарға қызығушылығын қолдау қажет. Сәбилер мен мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшелігі – олар белсенді әрекеттер мен практика арқылы үйренеді. Сондықтан ұйымдастырылған оқу қызметі тек ойын түрінде өткізілуге тиіс.

Изображение слайда

Слайд 5

Білім беру салаларының міндеттері бала сол сәтте өзіне қызықты білімді өз бетінше таңдай алатын қолжетімді заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру арқылы іске асырылуға тиіс. Педагогтің міндеті – балалардың қызығушылықтарын атап өту, оқу әрекеті барысында әр баламен сөйлесу. Сабақ нысандарын педагог таңдауға тиіс. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін әдістемелік қолдау

Изображение слайда

Құбылмалы әлемде педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды. Педагогтер белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог

Изображение слайда

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата- аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды. Барлық ерекшеліктерді: әлеуметтік жағдайды, отбасы тарихын, елдің мәдени ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін, баланың мінез-құлқы мен ерекшеліктерін ескеру қажет. Ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының басты міндеттерінің бірі болуға тиіс. Ата-аналармен және ата-аналар қауымдастығымен жұмыс

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығының теориялық негіздері

Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата- аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқу-тәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне ата-аналарды тарту мәселесі мынадай бағыттарда шешіледі: 1) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру; 2) ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.

Изображение слайда

Похожие презентации