Слайд 2: Сонымен PR не?
Әлемдік PR- дың айтуынша, қазіргі кезде 500-ден астам анықтамасы бар. Әйтсе де, қысқа түсінігі мынаған саяды. PR- дың басты қызметі – компания немесе жеке адамның қоғам алдындағы беделін (репутация, имидж т.б ) қалыптастыру мен беделді басқару.
Слайд 3: Беделді кім қалыптастырады?
Қазіргі кезде біз Қазақстанда PR саласындағы мамандардың түрлі атауын естіп жүрміз. 1. Баспасөз хатшысы (Пресс-секретарь) 2. Ресми өкіл 3. Қоғаммен байланыс маманы 4. Қоғаммен байланыс менеджері 5. PR менеджер 6. Саяси технолог 7. Имиджмейкер (Сән салонындағы сәнді кісілермен шатастырмаңыз) 8. БАҚ-пен байланыс маманы.
Слайд 4: Беделді кім қалыптастырады?
Беделді қалыптастыру, басқару ісімен дәл осы мамандар айналысады. Қазіргі кезде бұларды барлық министрліктер, мемлекеттік және жеке ірі компаниялар және бірқатар ірі тұлғалардың жанынан көруге болады.
Слайд 5: Беделді кім қалыптастырады?
Олар министрліктің немесе мемлекеттік жеке компанияның баспасөз қызметінде, қоғаммен байланыс департаментінде, жарнама және маркетинг бөлімінде, БАҚ-пен байланыс бөілімнде немесе жеке PR агенттігінде жұмыс істеуі мүмкін.
Слайд 6: Бедел не үшін қажет?
Егер жеке компанияны алып қарасақ, оның өнімінің өтуі мен табысы, бизнесінің дамуы, инвестор немесе мемлекеттік органдармен байланысы дәл осы беделге байланысты болады. Саяси тұрғыда жеке саясаткердің немесе партияның саяси аренада жеңіске жетуі, белгілі бір қызметке қол жеткізуі немесе оның артынан халықты ерте алуы тікелей беделіне байланысты.
Слайд 7: Бұлар беделді қалай қалыптастырады?
Елестетіп көрейік. Бұл ретте алдымен, мақсатты жоба жасалады. Бұл жоба қысқа немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді – белгілі бір кезеңде өнімді жарнамалуға бағытталады.
Слайд 8: Бұлар беделді қалай қалыптастырады?
Ал, ұзақ мерізімді PR жоба – саясаткер немесе танымал тұлғаның, жеке компанияның, мемлекеттік органның бір немесе одан да ұзақ жылдар бойы беделін қалыптастыру мен басқаруға арналады.
Последний слайд презентации: PR: Қара PR деген не?
Сала мамандары PR – дың басты қызметі тек оң бағыттағы істерді жүзеге асыру деп анықтама береді. Алайда, түрлі компаниялардың, жеке адамдардың арасындағы бәсекелестік PR саласына да өзгеріс енгізді. Бәсекелестер БАҚ материалдары мен жарнамалық өнімдерді, түрлі сыбыстарды тарату арқылы жеке компанияның, жеке адамның беделіне нұсқан келтіруді көздейді. Алайда, бұл кәсіби PR мамандарының қызметтік этикасына жат. Әйтсе де, біздің қоғамда қара PR белең алып келеді.