Первый слайд презентации: Қарсылықты салалас сөйлем
Слайд 7: Н. Сауранбаев
Қарсылықты салалас сөйлем дегеніміз – мағыналары бір-біріне қарсылас болып құрмаласқан бірнеше жай сөйлемдердің тобы. Мысалы: Қолындағы бар етін асып, жылы-жұмсағын осыларға тосып түнерген ашуды бір тарқатып жіберуге бәйек болып жүр, бірақ кебежесі құрғырда еті құрғырдың етегі ашылып жатыр, әйтсе де төртеуінің жырылып кетпеуіне кәрі шеше өзін едәуір дәнекер көреді (Ғ.М).
Бірақ Әйтсе де Дегенмен Алайда Сонда да Сияқты қайшы мәндегі жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Қарсылас болып құрмаласқан жай сөйлемдер
Слайд 9
Бұлар алдыңғы сөйлемде болмайды, соңғы сөйлемнің алдында тұрады Мұның белгілі себебі бар. Дағдыда соңғы сөйлемдегі ой алдыңғы сөйлемдегі ойға қарсы қойылады.
Слайд 10: Қарсылас салаласқа мысалдар:
Қырғыз тілінен: Ар жаққа кеткен жолдар көп еле, бірақ Жимін қашуға мүмкін еместігін білді. Әр жаққа кетіп жатқан жолдар көп еді, бірақ Жимен қашудың мүмкін еместігін білді. Башқыр тілінен: Біздә урман буйлоп бардық, лекин олар куренмәнеләр. Біз тоғай жағалап бардық, бірақ олар көрінбеді.
Слайд 12
Күңке басында көнбейтін болған, наразылық білдірген, алайда сол наразылық үстінде де Ұлжанды бақты (Әуезов ). Бір-екі жас болса да үлкендігін білдіріп әлімжеттік жасайды, әйтпесе мына түрін мысқылдай мазақ етер ем (Мұратбеков). Еламан мұның кеш оянған махаббат емес екенін білді, сөйтсе де кей кезде Ақбаланың жанарынан ықылас сезетін (Нұрпейісов).
Слайд 13
Мысалы, Ол басында қатты қарсылық білдірген еді, дегенмен көптеп-көмектеп көндірдік.
Слайд 14
Сөйтіп, қарсылықты жалғаулықтардың рөлі салаластың сыңарларының бір-бірімен байланыстыруда болсын, олардың арасындағы қарсылық мәнді жасап күшейтуде өте маңызды. Сыңарларының арасындағы қарсылық мәннің күшеюіне шылаулардың қабаттасып жұмсалуы да әсер етеді: Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.
Слайд 15
Кей кездері сыңарларының арасындағы қарсылық мән айқын білінгенде, бірақ, алайда жалғаулықтарын түсіріп айтып, жалғаулықсыз да құруға болады. Ондайда түсірілген жалғаулықтардың орнына сызықша қойылады. Елге мойнымды созам – көрінбейді. Аяғы жоқ – жүреді, аузы жоқ – сөйлейді (жұмбақ).
Слайд 16: Қарсылықты салаластарға тән мағыналық, құрылымдық ерекшеліктер:
1) Сыңарларында баяндалатын екі не бір тұлғаның (субъектінің) іс-әркеттері, ой-ниеттері бір-біріне қайшы болады: Абайдың қиналғанын Ділдә сезді, бірақ түк өкінген жоқ. 2) Екінші сыңарында бірінші сыңарындағы іс-әрекеттің логикалық қорытындысы ретінде болуға тиісті іс-әрекет, жай-күй болмай шығады немесе басқаша болады. Осы ең ақырғы сөзі тәрізді еді, бірақ айтары әлі таусылмаған екен.
Слайд 17
3) Сыңарларының құрамында бір-біріне антоним сөздер жұмсалады немесе баяндауыштары болымды-болымсыз тұлғада келеді. Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді.
Слайд 18: Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784 бет. 2. А.Байтұрсынұлы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: “Абзал-Ай”, 2013. – 640 бет. 3. С.Аманжолов. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: “Санат”, 1994. – 320 бет. 4. Н.Сауранбаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Павлодар, 2010