Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы — презентация
logo
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Мерейтойдағы жоспарланған іс шаралар
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
1/12

Первый слайд презентации: Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы

Изображение слайда

Слайд 2

Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің « Тарихи Рашиди » атты шығармасында келтірілген.

Изображение слайда

Слайд 3

Кейбір тарихи деректерде Моңғол шапқыншылығы Қазақ хандығының құрылуын 150-ден 200 жылға кешеуілдеткені жайында айтылады. Әбілқайыр хандығының құрамында болған қазақ ру-тайпаларын 1457 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар бөліп алып шығып Моғолстанның батысындағы ( Жетісудың батысы ) Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы Қозыбасы деген жерге хандығын құрған.

Изображение слайда

Слайд 4

Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының арасындағы текетірестен Моғолстан ханы өзіне одақтас іздей бастайды. Сонымен Моғолстан ханы Есенбұға Жәнібек пен Керей сұлтандарға өз аумағынан жер бөліп береді. Бірақ Мұхаммед Хайдар Дулатидің « Тарихи Рашиди » атты шығармасында Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды.

Изображение слайда

Слайд 5

Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 « Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы » атты бұйрығы шықты. Қазақстандық қоғам қайраткері Дос Көшімнің ойынша, атаулы күнді тойлау жайлы ой, қазақтарда мемлекет болмаған деген мәлімдемеден кейін туындаған.

Изображение слайда

Слайд 6

«Альтернатив» орталығының директоры Андрей Чеботарёвтың пікірінше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Назарбаевтың « Қазақ мемлекеті елдің тәуелсіздігінен соң пайда болды » деген екіұшты пікірі мен Владимир Путинның қазақтарда мемлекет болмаған дейтін аты-шулы сөзі себеп болған. Путинтың қазақтарда « мемлекет болмаған » деген сөзі Назарбаевтан бастап бүкіл қоғамды ойландырды. Себебі, осындай риторика Украина мен украиндықтарға да айтылған болатын.

Изображение слайда

Слайд 7

Бірақ, МГУ ақпаратты-аналистикалық орталығының директоры Сергей Рекеданың пікірінше, Путинның сөздерінде ешқандай құпия жоқ, ал ол айтқан сөздер контекстен алынған, онымен қоса, осыған ұқсайтын сөздерді 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан : « Қазақтарда ешқашан мемлекет болған емес, өйткені шекарасы болмаған. Ең алғаш біз, қазақ мемлекетінің шекарасын бекітіп, БҰҰ- ға дейін жеткіздік ».

Изображение слайда

Слайд 8: Мерейтойдағы жоспарланған іс шаралар

Изображение слайда

Слайд 9

Мерейтойдың шығыны шамамен 23 млрд теңге ($124,19 млн) болады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның бүкіл аймақтарында тойланады. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінеді. Тараздағы іс-шараларды өткізуге 13,47 млрд теңге жұмсалады.

Изображение слайда

Слайд 10

Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығы Алматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді « Қазақ елі » атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсіріледі.

Изображение слайда

Слайд 11

Қазақ хандығы туралы деректі фильм түсіруге 250 млн теңге бөлінеді. Ілияс Есенберлинның « Көшпенділер » трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінеді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болады. « Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтеді. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылады (501,8 млн теңге ). « Тараз — ғасырлар куәсі » атты көрме өтеді. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтеді. Басқа да шығындар : « Ұлы көш » фильмі (150 млн теңге ) түсірілуіне, « Тамгалы » Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық -музей құрылысына (100 млн теңге ), « Керей-Жәнібек », « Қазақ елі » спекталі қойылуына және « Қазақ хандығы » балетіне (68 млн теңге ), Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге ) жұмсалады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы: НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Изображение слайда

Похожие презентации