ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ — презентация
logo
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • Үкіметтің құқықтық мәртебесі
  • Үкіметті құру
  • Қазақстанның П ремьер-министері
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • Қазақстан Республикасының Премьер- Министрi
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • Денсаулық сақтау министрi Салидат Зекенқызы Қайырбекова
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • Үкімет үйі
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
1/24

Первый слайд презентации: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ

Изображение слайда

Слайд 2

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Изображение слайда

Слайд 3

ҚР ҮКІМЕТІ П ремьер -Министр Ахметов Серік Нығметұлы Қорғаныс министрi Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Iшкi iстер министрi Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Денсаулық сақтау министрi Салидат Зекенқызы Қайырбекова Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі - Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Ауыл шаруашылығы министрi Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы Көлік және коммуникация министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Серік Сақбалдыұлы Әбденов Қаржы министрi Болат Бидахметұлы Жәмішев Төтенше жағдайлар министрі Владимир Карпович Божко Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Сейдахметқызы Айтжанова Мұнай және газ министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров Әділет министрі Берік Мәжитұлы Имашев

Изображение слайда

Слайд 4: Үкіметтің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

Изображение слайда

Слайд 5: Үкіметті құру

Үкiметтi Республика Президентi ҚР- ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер- Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР- ның Премьер- Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер- Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

Изображение слайда

Сергей Терещенко (16қазан 1991-14қазан1994   ) Ә кежан Қажыгелдин с (14 қазан1994 - 1997) Нүрлан Балгимбаев ( 10 қазан 1997- 1 қазан 1999) Қ асым -Жомарт Тоқаев (1999 - 2002) Иманғали Тасмагамбетов ( 2002 - 2003 ) Даниал Ахметов (2003-2007) Кәрим Мәсімов (2007-2012) СЕРІК НЫҒМЕТҰЛЫ АХМЕТОВ 2012 жылы, 24 қыркүйектен бастап

Изображение слайда

Слайд 7

Сергей Терещенко Ә кежан Қажыгелдин

Изображение слайда

Слайд 8

Нүрлан Балгимбаев Қасым-Жомарт Тоқаев

Изображение слайда

Слайд 9

Иманғали Тасмагамбетов Даниал Ахметов

Изображение слайда

Слайд 10

Кәрим Мәсімов

Изображение слайда

Слайд 11

СЕРІК НЫҒМЕТҰЛЫ АХМЕТОВ

Изображение слайда

СЕРІК НЫҒМЕТҰЛЫ АХМЕТОВ 1958 жылғы 25 маусымда Қарағанды облысында туылған. Білімі жоғары. Қарағанды металлургия зауыты жанындағы зауыт -ЖТОО- ын, Ресей Басқару Академиясының аспирантурасын бітірген. Мамандығы инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы. 
 Еңбек жолын Қарағанды металлургия зауытында бастаған. 1983 жылдан 1990 жылға дейін партия және комсомол органдарында, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарған. Кәсіпкерлікпен шұғылданған, Орталық-Қазақстандық « Кең дала» тауар биржасының президенті болған. Теміртау қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі, Қазақстанның кәсіпкерлер мен жұмыс берушілерінің « Атамекен » Одағы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер- Министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 
2009 жылдың қараша айынан бастап Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарды.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының бірінші вице- премьері болып қызмет атқарды.
« Құрмет » орденімен, « Еңбектегі ерлігі үшін » медалімен, мерейтойлық медальдермен марапатталған. Елбасының 2012 жылдың 24 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстанның Премьер- Министрі болып тағайындалды.

Изображение слайда

Слайд 13

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер- Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер- Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

Изображение слайда

Слайд 14

ҚР ПРЕМЬЕР - МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСТАРЫ Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев Келімбетов Қайрат Нематұлы Әсет Өрентайұлы Исекешев

Изображение слайда

Слайд 16

1953 жылы 18 тамызда Алматы облысында туған. 1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін тәмамдаған. 1979 -1991 жылдары -   ҚазМУ комсомол комитетінің хатшысы, партком хатшысының орынбасары, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, қолданбалы талдау кафедрасының доценті, проректоры. 1992 жылдан - Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы Ғылыми-инженерлік ақпараттық-есептеу орталығының  директоры, ҚазМУ-дің “ Жаңа компьютерлік технологиялар ” ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі қызметтерін қоса атқарды. “ Өндірістік құбырөткізгіштермен мұнай тасымалдауды басқару жүйесін әзірлеу және құру ” Республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасының жетекшісі. 1998 жылдан - Мәскеу қаласындағы  Халықаралық инженерлік академияның бірінші вице-президенті. 1999 жылдан - Ислам елдері  (FEIIC) Инженерлік академиясы федерациясының бірінші вице-президенті. 1999 жылы “Әділет” Жоғары құқық мектебін “құқықтану” мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2001 -2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.

Изображение слайда

Слайд 17

2003 жылы “ Отан ” партиясының Бюро мүшесі,  2007 жылдан - “ Нұр Отан ” ХДП Саяси кеңесінің  Бюро мүшесі болып сайланды. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабын басқарды. 2007 жылдың маусымында “ Нұр Отан ” ХДП төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылдың тамызында  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары, “Нұр Отан” Халықтық-демократиялық партиясы фракциясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі жетекшісі  болып сайланды. 2008 жылдың сәуірінде ҚР Президентінің жарлығымен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды. ҚР Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі  ¹ 1065 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. 2009 -2011 жылдары Түркітілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының (ТЕБМҚ-ВМОТС) президенті, 2011 жылдың шілдесінде  ТЕБМҚ Құрметті Президенті болды. 2011 жылы XI Бас Ассамблеяда Ислам елдері  FEIIC Инженерлік академиясы федерациясының президенті болып сайланды. «Парасат» орденімен,  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі

Изображение слайда

Слайд 18: Денсаулық сақтау министрi Салидат Зекенқызы Қайырбекова

Изображение слайда

Слайд 19

1961 жылы 1 тамызда туған. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқық тану» мамандығы бойынша бітірген. 2001 -2006 жылдары - Қазақ мемлекеттік медицина академиясының қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының ізденушісі. 1984-1998 жылдары Қарағанды облысының медицина ұйымдарында дәрігер -невропатолог, Қарағанды көп салалы емдеу-диагностикалық бірлестігінде бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді. 1998 -2001 жылдары - Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының ¹ 5 медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының төрайымы. 2001 -2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті директорының орынбасары, министрліктің аппарат жетекшісі. 2004 -2006 жылдары - Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры. 2006 -2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі. 2008 жылғы 4 желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитетінің төрайымы. 2009 жылғы 5 қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы. 2010 жылғы 23 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице- министрі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. « Құрмет» орденімен марапатталған.

Изображение слайда

Слайд 20: Үкімет үйі

Изображение слайда

Слайд 21

Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бас әкімшілік ғимараты болып табылады. Министрліктер үйі,  ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат  ғимараттарымен бірге Үкімет үйі Астананың сол жағалауда орналасқан әкімшілік орталығының жалпы  дизайн-концептіне кіреді. Премьер-Министрдің төрағалығымен мұнда Үкімет отырыстары, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналған жұмыс кеңестері, сондай-ақ шетелдік әріптестермен кездесулер өтеді.

Изображение слайда

Слайд 22

Үкімет үйінің   құрылысы 2002 жылдың наурыз айында басталып, 2005 жылдың   шілде айында аяқталды.  Ғимараттың жалпы ауданы 33752 мың шаршы метрді   құрайды.

Изображение слайда

Слайд 23

2005 жылдың   қыркүйек   айында   ҚРПремьер-Министрінің   Кеңсесі   Үкімет үйі   ғимаратына қоныстанды.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ

Ғимарат   заманауи   сәулет-құрылыс технологиялары бойынша салынып, сырты ашық cұр түсті гранит таспен қапталды Нысан 21 қабаттан тұрады. Олар әртүрлі биіктіктегі және бір-бірімен байланыстырылған бес блокқа бөлінген, оның ішінде: А блогы - 21 қабатты, В, Г блоктары - 3 қабатты, Б, Д блоктары - 2 қабатты ғимараттар. Үкімет үйінде кеңестер өтетін 13 зал бар. Үкімет үйінде Қазақстанға ресми сапармен келетін мемлекет басшыларымен, үкімет және делегация басшыларымен шағын құрамдағы кездесулер мен кеңейтілген форматтағы келіссөздер өткізілетін залдар бар.

Изображение слайда

Похожие презентации