Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері — презентация
logo
Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері
  • Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері
  • ЖОСПАР:
  • Қазақстанда психология ғылымының   даму кезеңдері :
  • Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері
  • Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері
  • 2. Белгілі қазақ психологтары және олардың еңбектері
  • Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері
  • Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері
  • Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері
  • Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері
1/10

Изображение слайда

Слайд 2: ЖОСПАР:

1. Қазақстанда психология ғылымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері 2. Белгілі қазақ психологтары және олардың еңбектері

Изображение слайда

Ерте замандардағы ‑ Әл-Фараби, Абай, Шәкәрімнің психологилық ілімдері Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда ‑ М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов   еңбектері 30 жылдары қазақ психология ғылымының жекелеген мәселелері Ә.Сыдықовтың (1898-1983), С.Қожахметовтың (1910-1945), С.Балаубаевтің (1902-1972) педагогикамен астарласа жазылған біршама кітапшалар мен мақалалары жарық көрді Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда,  1947 жылы Абай ат. ҚазПИ -де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылуы 1947-1953 жылдары Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылуы 1952 жылы Республикада психология саласында алғаш диссертация қорғаған ұлт кадрлары – Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқанов сынды ғалымдардың шығуы

Изображение слайда

Слайд 4

Т.Тәжібаев (1910-1964)  Шымкент облысы Арыс ауданына қарасты 9 ауылында дүниеге келген. 1917 жылғы жұт пен аштықта әке-шешесінен, тума-туысқандарынан айрылып, тұл жетім болып қалады. Сол кездегі адамдардың арқасында Арыстағы бастауыш мектепке оқуға түседі. Кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. 1935 жылдан бастап психология бойынша еңбектер жаза бастайды. Солардың бірі Л.С. Выготскийдің психологиялық мұрасына арналған көлемі 80 беттік қолжазба. Т.Тәжібаевтың ғылыми ізденістері негізінен екі бағыттың төңірегінде. 1. Ұлт тілінде психологиядан оқу құралдарын құрастыру. 2. Халқымыздың психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасу жолын зерттеу. Оның «Ұжым мен топ психологиясы», «Қарым-қатынас психологиясы» деген оқу құралдары бар. Т.Тәжібаевтың еңбектерінің көбі Ш.Уәлиханов Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың психологиялық көзқарастарын зерттеуге арналған. Абайдың психологиялық көзқарастарын көп жылдар бойына зерттеп, бірнеше еңбектер жазды. Сұлтанбек   Қожахметов (1910-1945) психологиядан және педагогикадан бірнеше лекциялар жинағын жасақтаған. Ол Ұлы Отан соғысына дейін кезеңде психология ғылымдарын жұртшылыққа кейіннен насихаттаушылардың бірі болды. Ол шәкірттердің адамгершілік пен әдеп саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселелеріне байланысты бірнеше еңбек жазды. Оның «Эстетикалық тәрбие», «Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу туралы» және т.б. 1. Қазақстанда психология ғылымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері

Изображение слайда

Слайд 5

Мәжит   Мұқанов (1920-1985)  қазақтың ғылыми психологиясына үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ол Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Ырғыз ауылында туған. 1953 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясын, халқымыздың батырлық дәстүріне талдау жасайды. 1980 жылы докторлық диссертация қорғап профессор атанады. Ол жалпы психология жас педагогикалық, этноспсихологиясынан жазылған көптеген еңбектердің авторы. М. Мұқанов жүргізген енді бір экспериментінде оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығын анықтады. Мысалы, көшпелі ата-бабамыздың тыныс-тіршілігінде жазба-деректердің болмауы түрлі ақпарат-хабар мөлшерінің аздығы, зақатың суырып-салма шешендік қабілетінің күшті болуына себеп болған. өзінің этнос психологиясына байланысты көп жылғы зерттеулерін түйіндей келіп, М. Мұқанов адамның ойлау әрекеті өзгермейтін және өзгермелі болатындығын, мұның өзі қоғамдық әлеуметтік кезеңнің біреуінен өткенде келесіде ойлау механизмі өзгеріске түсіп отыратындығы адам интеллектісінің өзгермейтін жағы психологиялық дамудың алғы–шарты және басты тірегі ретінде қоғам дамуының кісінің ой өрісі шарттас болатындығын мұның дамудың барлық кезеңдерінде де орын алатындығын дәлелдеп берді. М. Мұқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадрларды даярлауда біраз үлес қосты. Оның жетекшілігімен бірнеше адам (Б.Ыбыраев, Қ.Нұрғалиев, Н.Нұртазина және т.б.) диссертация қорғап, осы салада бірер еңбек жазылды. М. Мұқанов ұлттық психология саласында жемісті еңбек еткен ғалымдардың бірі.

Изображение слайда

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканыңкейбір облыс орталықтарында Ресей, Украйна т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткен. Психология ғылымының өкілдері ҚазПИ -де профессор психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада – украин психологы, академик Г.С.Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник т.б. жұмыс істеді. Республикада психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда қарқынды дамыды. Мысалы, 1947 жылы ҚазПИ -де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1947-1953 жылдары Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. Психолог кадрларды даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Осыкезде ҚазПИ мен ҚазМУ -де психологиядан аспирантура ашылды.

Изображение слайда

Слайд 7

Республикада психология саласында алғаш диссертация қорғаған ұлт кадрлары – Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. 1952 жылы Қазақ университетінің ғылыми кеңесінде Е.Суфиев « Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы » атты тақырыпта диссертация қорғады. Ол еңбегінде И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негізделген, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын ( қабылдау, зейін, ойлау ) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныстар береді.

Изображение слайда

Слайд 8

Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы орайлас басқа да диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Қазақтың Абай атындағы пединститутының ғалымдары халқымыздың интеллект, ақыл -ой ерекшеліктерін этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттей бастады. Мысалы, «Хат танымайтын адамдардың затты топтастыруының ерекшеліктері » ( В.В.Ставкин ), « Жұмбақты шешудің психологиясы »( Қ.Нұрғалиев ), « Айтыс өнері мен мақал-мәтелдердегі кісінің ақыл -ой ерекшелігінің көрінісі » ( М.Мұқанов ) зерттелді. Кейін жазылған еңбектер қатарына Ш.Бәймішеваның « Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары », М.Мұқановтың « Қабылдау мен есті микроструктуралық талдау », Б.Есенғазиеваның «Силлогизм және ойды психологиялық талдау », Қ.Шернияздаеваның « Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері » т.б. зерттеулерді жатқызуға болады.

Изображение слайда

Слайд 9

Психологияның жекелеген салалары бойынша бірнеше монографиялар жарық көрді. Олардың кейбірі : М.Мұқанов «Педагогика психология очерктері » мен « Ақыл -ой өрісі », Н.Нажділдиннің « Ұлттық психологияның табиғаты », Ө.Жөкебаевтің « Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері », Ғ.Досболовтың « Алдын -ала тергеудің психологиясы », Н.Фелифоровтың « Басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері », В.Яковлевтің « Діндардың жан дүниесі », Ә.Алдамұратовтың « Қызықты психология», Р.И.Илешованың « Медициналық психология» т.б. Осы жылдары профессор Қ.Жарықбаев психологиялық еңбектер жариялауда өндіре әрекет етті. Оның қаламынан 1960-1990 жылдар арасында «Психология» (1962), « Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі туралы » (1968), « Әл-Фараби » (1978), « Аталар сөзі – ақылдың көзі » (1980), « Ұстаздық еткен жалықпас » (1987), « Ақылдың кені » (1991) т.б. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой- пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше төлтума еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына В.Чистовтың « Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық мұрасы » (М;1989), К.Шәймерденованың «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары » (А; 1991), К.Ыбыраеваның « Мұхтар Әуезовтің педагогикалық көзқарастары » ( А; 1991), А.Ақажанованың « Қазақстанда жас және педагогикалық психологияның дамып, қалыптасу » атты диссертацияларын жатқызуға болады. Қазірде Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың тәлім-тәрбиелік мұралары зерттелуде, бұлардың психологиялық көзқарастары жайлы бірнеше еңбектер жарияланды. 1988 жылдан бастап тән.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Изображение слайда

Похожие презентации