ҚЫТАЙ — презентация
logo
ҚЫТАЙ
  • ҚЫТАЙ
  • Қытай Халық Республикасы
  • ҚЫТАЙ
  • Қытайдың орналасуы
  • ҚЫТАЙ
  • ҚЫТАЙ
  • Тарихы
  • ҚЫТАЙ
  • Саясат жағдайы
  • Эканомикасы
  • ҚЫТАЙ
  • Тілі мен жазуы
  • Мәдениеті
  • ҚЫТАЙ
  • ҚЫТАЙ
  • Әдебиеті
  • Өнері
  • Қытай медицинасы
  • ҚЫТАЙ
  • ҚЫТАЙ
  • ҚЫТАЙ
  • ҚЫТАЙ
1/22

Первый слайд презентации: ҚЫТАЙ

Изображение слайда

Қытай Халық Республикасы ( қыт. дәст. 中華人民共和國, жеңілд. 中华人民共和国, пиньинь : Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó ) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады. 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам Социалистік Республикасы

Изображение слайда

Слайд 3

Байрақ Елтаңба

Изображение слайда

Изображение слайда

Слайд 5

Мемлекеттік құрылымы Ресми тілі қытайша Елорда Бейжің Ірі қалалары Чунцин, Тяньцзинь, Шанхай, Бейжің, Гуанчжоу Төрағасы ҚКП ОК Бас хатшысы ҚХР төрағасының орынбасары Мемлекеттік Кеңестің премьері БХӨЖ төрағасы ХСКК төрағасы Си Цзиньпин [1] Ли Юаньчао [2] Ли Кэцян [3] Чжан Дэцзян Цзя Цинлинь Географиясы Жер аумағы • Барлығы • % су беті Әлем бойынша 3-ші 3 -орын 9,596,960 км² 2.8 2 Жұрты • Сарап ( 2006 ) • Санақ ( 2000 ) • Тығыздығы 1,315,844,000 4 адам ( 1-ші ) 1,242,612,226 адам 140 адам /км² ( 72-ші (2) )

Изображение слайда

Слайд 6

Экономикасы ЖІӨ   • Қорытынды ( 2010 )   • Жан басына шаққанда $ 9,872 трлн  $  ( 2-ші ) $7,368  $  ( 51 ) ЖІӨ (номинал)   • Қорытынды   • Жан басына шаққанда $2,000  $  ( 4-ші )   $ АДИ 0.768 ( орташа ) ( 81 ) Валютасы Юань

Изображение слайда

Слайд 7: Тарихы

Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті. Толық мақаласы: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті. Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Изображение слайда

Слайд 8

Изображение слайда

Слайд 9: Саясат жағдайы

1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады. Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады (шамамен 150 адам). Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады. Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері бар. БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер және демократтар блогінен тұрады.

Изображение слайда

Слайд 10: Эканомикасы

Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге асады. Экономикалық қатынастарда қытайлық ықпалды азшылықтары бар бұл елдерде (бұл ел алдымен Оңтүстік Шығыс Азия елдері) пекин, осы азшылықтардың экспедициялық элементтеріне саяси тұрғыдан қолдау көрсетуге және олардың кәсіпкерлік мүмкіншіліктерін Қытайдың көрсетілген елдерде экономикалық және саяси қатысуын және өзінің эксплуаттарылық кірістерін кеңейту үшін қолдануға ұмтылады. ҚХР және шетелдік Қытай буржуазиясы бөлігі арасындағы ерекше қатынастар нәтижесінің бірі Қытай экономикалық негізі жоқ және дамушы елдердің экономика үшін орнын толтырмайтын тауарлы және қаржылы аударылымдар болды. Қытай дамушы елдермен экономикалық байланыс облысында Қытай басшылығының «теориялық» құрылуы. Қытай басшылығы өзінің сыртқы саяси жаспарларында дамушы елдердің экономикалық бағынуына маңызды орын бөледі. Осы мақсаттарда Пекин оларға экономикалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстарының концепциясын байланыстыруға тырысады. Осылай бола тұра «өз көршіне сүйену» деген модификацияланған концепциясы насихатына қытайдың дамушы социалисттік ел рольіне әрекеттенуіне және бұл ерекше характерден шығатын оның дамушы елдермен экономикалық баланысына басты орын беріледі. Маоизмтар ұлттық көзқарастардан және Қытай экономикасы үшін социалисттік елдердің интерпоционолдық көмегіне сүйене отрып «өз күшіне сүйену» концепциясында бейнеленген халықаралық еңбектің бөлінуінде қатысуының мақсаттың сәйкестілігін жоққа шығарады. Бұл концепция Қытайдың экономикалық дамуына үлкен зиян тигізеді. Әлемдік шаруашылық байланыста ғылыми – техникалық революцияда. Социалисттік экономикалық потенциялының өсуінде және социалисттік носондар бойынша Қытай дүниежүзілік сүйену 3 шаруашылықпен айналасу.

Изображение слайда

Слайд 11

Халықаралық күш салу бәсеңділіктері дамуына елдер үшін, алахронизм болып табылады. Жеткілікті ғылыми техникалық потенциялдары бар және экономикалық құрылу қажеттіліктері үшін сыртқы ресурстарды бірқалыпты жұмылдыруға мұқият елдер, ең бірінші социалисттік елдермен және шетелдермен экономикалық байланыстарды шарты бойынша ұлттық экономикалық деңгейді қазіргі уақыттағы талаптарға сай көтере алады. Маонистік доктринаның ауқатсыздығы «өз күшіне сүйену» теориясы дамушы елдерге байланыстыра отырып шығады және маонистерді өздері Қытайдың сыртқы экономикалық қатынастары практикасында оның ережелерінен аймақтады. Қытай «тор» модернизациясы программасын жүзеге асыру барысында «Батыс монополиясы үшін экономикалық есігін біртіндеп ашады. Қазір Пекин «өз күшіне сүйену» маонисттік доктринасының банкротқа ұшырауынынң куәчі болатын, Қытай территориясында аралас кәсіпкерлікер шығаруды ұсынады. Қытайлық өкіл 1974 жылы 1 сәуірде БҰҰ басты Ассемблеясының ҮІ арнайы сессиясында «өз күшіне сүйену» біраз түзетілген баяндамасын берді. Ол сонымен қатар «өз күшіне сүйену» шетелдік кенеттен бас тарту немесе «тұйықтық» дегенді білдірмейді деді. Біз бір – бірінің орнан толтырушылық, бір – біріне пайдалылық және мемлекеттің суверенитеті сыйлау негізіндегі экономикалық және технолгиялық алмасуды, әртүрлі елдердің ұлтты экономикасының дамуына пайдалы және ажет деп ойлаймын. Пекин халықаралық экономикалық қатынас практикасында ешқандай сипттары және өнегелері жоқ Қытайдың дамушы елдермен сыртқы экономикалық байланысын қатынастардағы жаңа үлгі ретінде көрсетуге тырысады. Соңғы 20 – 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея. Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.

Изображение слайда

Слайд 12: Тілі мен жазуы

Қытай жазуы морфема–логографтық жазу саналады. Көне қытай тілінде сөздер бір буынмен, яғни бір ғана иероглифпен жазылса, кейін көп буынды – бірнеше иероглифті сөздер саны ұлғайып, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің түбір морфемаларына айналған. Қытай жазуы Дауынкоу өңірінен табылған алғашқы жазудан (қыш ыдыстағы жазу) басталады, бес мыңжылдық тарихы бар. Археологиялық зерттеулер жазудың қытайдың Инь-шан дәуірінде (б.з.б. 2140 – 1711) пайда болғандығын көрсетті. Хань дәуірі тұсында түрліше жазылып жүрген иероглифтер бірізділікке түсті. Қытай жазуы дамудың үш түрлі кезеңін бастан кешірді: сауыт-сүйек жазуынан қола, Дачуан, Шиау жуан жазуларына дейінгі дәуір; Шиау жуаннан Линшу үлгісіне дейін; Линшу жазуынан Жие шу, Сау шу, Шиң шу уақыты және жазудың бергі дәуірі. Иероглифті зерттеу ертеден басталды, бірақ қазірге дейін қытай жазуында қанша иероглиф бар екені нақты анықталмаған. Б.з. 100 – 121 жылы Шүй-Шин жасаған «Шуо вын жие зы» сөздігінде 9353 иероглиф қамтылған, Цинь патшалығы тұсында (1644 – 1911) Жаң Шу құрастырған «Каң ши» сөздігінде 47035 иероглиф бар. Қытай – жапон сөздігінде 48902 иероглиф, «Қытай тілінің үлкен сөздігінде» 49905 иероглиф қамтылған (Тайвань, 1968). Ғалымдар қазір иероглифтер саны 60 мың шамасында деп болжайды.

Изображение слайда

Слайд 13: Мәдениеті

Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған. Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және « Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты.Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – « Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш « фармакология» кітабы Қытайда жазылды. Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.). Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды. 1966 жылы кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз километр қашықтыққа ұшты. 1970 жылы Қытай бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 жылы 2-ЖЖС-н ұшырды.

Изображение слайда

Слайд 14

Изображение слайда

Слайд 15

Изображение слайда

Слайд 16: Әдебиеті

3 мың жылдық тарихы бар Қытай әдебиетінің алғашқы поэтикалық ірі туындысы – « Шицзин» («Жыр кітабы», б.з.б. 11 – 6 ғасырлар) халық жырларының жиынтығы. Көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), « Чуньцю» («Жылнама»), филосафиялық трактаттардан «Чжуан-цзы», «Сюнь-цзы», тағы басқа шығармаларды атауға болады. Тан дәуірінде поэзия мен новелла дамыды. Юань әулеті (1289 – 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа Қытай әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 – 1936) болды. 1921 – 22 жылы реалистік және романтик. бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; «Мысықтар шаїары», 1972, тағы басқа).

Изображение слайда

Слайд 17: Өнері

Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б.з.б. 221 – 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 – 907) және Сун (960 – 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 – 6 ғасырлардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған. Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті – сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы – барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын-сауық») ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғасырлар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 – 19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, тағы басқа құрылды. 19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз. драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.

Изображение слайда

Слайд 18: Қытай медицинасы

Қытай медицинасы – дәстүрлі медицинаның белгілі және дамыған саласы. Қытай медицинасының негізі, қайнар көзі қытай халқының көне мәдениеті мен дәстүрінен, қытай өркениетінің жетістіктерінен бастау алады. Қытай медицинасы адамның организмін біртұтас дене деп қарастырады, ал дененің саулығы адам организміндегі қуаттың (энергияның) тепе-теңдігіне байланысты деп санайды. Мұнда бір мүшеге ғана қатысты диагноз жоқ (мысалы, гастрит, тағы басқа); ол адамның денесін жанынан айырып қарамайды, ондағы сезімдік (эмоциялық), ділдік, рухани қызметтер тек миға ғана емес, әр мүшеге, әр клеткаға тән қасиет деп саналады. Жалпы алғанда, басты назарды емделуге емес, аурудың алдын алуға аударады. Дәрігер, ең алдымен, салауатты өмір сүруге үйрете алатын ұстаз әрі ақылшы. Сау адамның алдымен дәрігерден кеңес сұрауы дағдылы құбылыс. Мұндай ерекшелік, тіпті, көне жазбалардан-ақ айқын көрінеді. Мысалы, « Нэйцзин» қағидатында (б.з.б. 3 – 2 ғасырларда) былай жазылған: «Нағыз дананың ісі былықты түзегенінде емес, тәртіпті сақтағанында...». Дәрілер дайындау үшін қытай медицинасы тек қана табиғи құрамдарды қолданады; бұл батыстық медицинада жиі кездесетін асқыну мен жанама қауіп-қатерлердің болуын азайтады. Осындай ерекшеліктері арқасында оның ресми медицина әдістерінен белгілі бір артықшылықтары бар. Сонымен бірге, қытай медицинасының ұстанымдарының тиісті ғылым негіздеуі болмаса да, көп жағдайда оның емдік әдістерінің тиімділігінің жоғары екені байқалады. Оған мысал, әсіресе дүние жүзіне белгілі қытай медицинасының бір бағыты – чжэнь-цзю терапиясы, яғни инемен емдеу және күйдіру. Қазіргі кезде қытай медицинасы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымында ( ДДСҰ ) ресми түрде танылды. Бірнеше халықаралық медицина ғылымы форумдар мен кездесулерде қытай медицинасы кеңінен зерттелуі, қолданылуы қажет деп көрсетілген. Бұл жөнінде 1978 жылы 6 – 12 қыркүйекте Алматыда өткен ДДСҰ-ның халықар. конференциясының декларациясы қабылданды. ҚХР-да үкімет қолдауымен жыл сайын 30 мыңдай қытай медицинасы мамандары даярланады. Ал Қазақстанда қытай медицинасын оқыту Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, Шығыс медицина институтында (Түркістан қаласы) және бірқатар медицина жоғары оқу орындарда ашылған кафедралар мен факултеттерде жүргізіледі.

Изображение слайда

Слайд 19

Изображение слайда

Слайд 20

Изображение слайда

Слайд 21

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ҚЫТАЙ

Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации