Первый слайд презентации: Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. Саяси мәдениет пен мінез-құлық
Аға оқытушы : Сураган Мая
Слайд 2: Дәріс жоспары :
1. Саясаттың түсінігі мен табиғаты, құрылымы және субъектілері. 2. Саясаттың түрлері, негізгі атқаратын қызметі мен қоғамда алатын орны. З. Саяси мәдениет түсінігі, мәні, құрымдық компоненттер және саяси мәдениет қызметтері.
Слайд 3
C аясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс-әрекет болып табылады. Саясаттың негізгі маңызды мәселесі мен мақсаты - билік. Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік, халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат-ол қызмет болса, екіншіден өнер, басқару өнері болып табылады. (Аристотель)
Слайд 4
Саясаттың құрылымы: -саяси қызығушылық; -саяси ұйымдар; -саяси іс-әрекет және қызмет; -саяси мәдениет, саяси сана; -саяси қатынастар; -саясаттың субъектілері:
Саяси мүдде – ол адамдарды бір мақсат қою мен оны іске асыруға ұйғарушы саяси жүріс-тұрыстың қайнар көзі. Саяси сана – саясат әлемі туралы жеке немесе топтық көзқарастан және оған адамдардың ұғына қатынасуына байланысты саяси өмірді қабылдауы. Саяси әрекет – субъектілердің өз биліктік мүдделерін іске асыру барысындағы әлеуметтік белсенділіктің бір түрі.
Слайд 6
Саяси ұйым – қоғамдық үрдістерді басқару және реттеумен байланысты көпшіліктік биліктің бірден бір институты. Саяси қатынастар – жеке адамдардың, қоғамдық топтардың өзара және саяси институттармен билік туралы тұрақты әрекеттесулері. Саясаттың субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне жағдайына ықпал ететін саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін саясатты жасайтын адамдарды ұйымдастыруды не әлеуметтік топтарды айтады.
Слайд 7
Оларға мыналар жатады: тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді. Әлеуметтік және саяси институттар- мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, шіркеулер, БАҚ, халықаралық ұйымдар, мысалы: БҰҰ, Европалық парламент, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) және т.б..
Слайд 8
Саясаттың негізгі типтеріне мыналар жатады: I. Қоғамның негізгі сфералары: - мәдени; - экономикалық; - әлеуметтік; - ұлттық; - экологиялық. II. Қызметтердің маңыздылығына қарай: - «ашық есік» саясаты; - нейтралдық саясат; - «үлкен адым» саясаты. III. Әсер ету объектілеріне қарай: - ішкі; - сыртқы деп бөлінеді
Слайд 10
Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: Ішкі және сыртқы. Ішкі саясат – мемлекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады. Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады: саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау, сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау.
Слайд 11: Саяси мәдениет - деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады
Саяси мәдениеттің бірлігі қоғамның тұрақтылығын нығайтады, көптеген саяси процестерді дереу болжауға ықпалын тигізеді. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдастыруға, бақылауға және т.б. өзіндік көзқарастары пайда болады.
Слайд 12: Саяси мәдениет құрылымы:
I. Азаматтардың саяси санасы: - саясатқа қызығушылық деңгейі; - үкіметке, жүйеге, символика мен заңдарға қарым-қатынасы. II.Азаматтардың іс әрекет сферасы: - қоғамның саяси өміріне қатысу деңгейі; - мемлекеттік институттардың қарым-қатынас сферасы; - электоралдық іс-әрекет. III. Саяси көшбасшылардың қызмет ету мәдениеті: - басқару тәсілдері; - шешім қабылдау тәсілдері; - қақтығыстарды реттеу әдістері.
Слайд 13: Саяси мәденит адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді. Саяси мәдениет – ол саяси жүйеге қатысушылардың жеке позициясы мен бағыт-бағдары
Слайд 14
Саяси бағыт-бағдар мынадай элементтермен толығады: - танымдық бағыт-бағдар; - саяси объектілер мен идеяларды тану мүмкіндігі; - белсенді бағыт-бағдар; - саяси объектілер қарым - қатынасындағы қарама-қайшылықтар т.б.. - бағалаушылық бағыт-бағдары саяси жаңалықтар мен оқиғаларға баға беру пiкipi; - интеграциалау бағыт бағдары; - қоғамдағы әр түрлі күштердің мақсат мүдделерін бipiктipy.