Шекспир шы ғармашылығы — презентация
logo
Шекспир шы ғармашылығы
  • Шекспир шы ғармашылығы
  • Жоспар :
  • Шекспир шы ғармашылығы
  • Шекспир шы ғармашылығы
  • Джон Шекспир үйі
  • Шекспир шы ғармашылығы
  • Шекспир шығармашылығы
  • Шекспир шығармашылығы үш кезеңге бөлінеді :
  • Мағлұматтар:
  • Шығармалары:
  • Гамлет трагедиясы
  • Гамлет
  • Оқиға аясы
  • Шекспир шы ғармашылығы
  • Шекспир шы ғармашылығы
  • Қорытынды
  • Назар аударып тыңдаған-дарыңызға рахмет!!!
1/17

Первый слайд презентации: Шекспир шы ғармашылығы

Орындаған: Мұқан Гүлдана Тексерген: Сыдықова Сәуле Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар :

Кіріспе бөлім: Шекспир ұлы драматургы Негізгі бөлім Шекспир шығармашылығы Гамлет трагедияды Қортынды бөлім Пайдананылған әдебиеттер

Изображение слайда

Слайд 3

Изображение слайда

Слайд 4

Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы   Стратфорд   деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді ( саудагер   болған, қала мэры болып да сайланған ). Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады ( ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т.б.). 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді.

Изображение слайда

Слайд 5: Джон Шекспир үйі

Шекспирдің туған үйі деп есептеледі

Изображение слайда

Слайд 6

1612 ж. Шекспир туған қаласына қайтып оралады. Оның айналасында туғандары болады, бірақ сүйікті театры болмайды, ал театрсыз Шекспир өмір сүре алмады. 4 жылдан соң өзінің туған күнінде 23 сәуірде 52 жасында Шекспир қөз жұмды. Ол Стратфорд шіркеуінде жерленеді.

Изображение слайда

Слайд 7: Шекспир шығармашылығы

Шекспир ескі, феодалдық дүниенің күні бітіп жатқандығын түсінді. Бірақ ол ақша мен баюға құмарлық үстемдік еткен буржуазияның жаңа дүниесімен де келісе алмады. Жазушының пікірі бойынша жауыздық барлық жерді жайлаған, ол сезім атаулының – сенім, әділет, сүйіспеншіліктің бәрін де уландырып отыр.  «Менің айналамда көріп отырғанымның бәрі де жексұрындық », – деп үндейді ақын.

Изображение слайда

Слайд 8: Шекспир шығармашылығы үш кезеңге бөлінеді :

Шекспир шығармашы-лығының бірінші кезеңі 1590-1600 жж. қамтиды Шекспир шығармашылығының екінші кезеңі (1601-1608)  Англия өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістермен тұтас келді. Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңі (1609-1612) бұрынғысынша зұлымдық пен адамгершіліктің күресін арқау ете отырып, тартысты көбіне ұнамды қасиеттің иесіне моральдық және реальдық жеңдіру арқылы шешеді.

Изображение слайда

Слайд 9: Мағлұматтар:

Шекспир  Ресейде   XVIII ғ. кеңінен таныла бастады. Ол туралы   Н.М.Карамзин,  А.С.Пушкин, К.Ф.Рылеев, В.К.Кюхельбекер т.б. жақсы лебіз білдірген.  В.Г.Белинский  1838 ж. «Гамлет» атты арнайы мақала жазды. Шекспир пьесалары қазақ тіліне аударылып, республикалық көптеген театрларында қойылып келеді.  «Отелло», « Асауға тұсау »  т.б. туындылары   М.Әуезовтің аударуымен күні бүгінге дейін сахнадан түскен емес. Пьесалары   қазақ тілінде   талай рет кітап болып басылды. « Сонеттер » 1970 ж. жеке кітап болып шықты. Сонеттерді алғаш рет қазақ тіліне аударған  Х.Ерғалиев,  М.Мақатаев.

Изображение слайда

Слайд 10: Шығармалары:

Өзінің «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ромео мен Джульетта » және басқа трагедияларында Шекспир қайырымдылық пен әділеттілік туралы ізгі, батыл адамдар армандарының жүзеге аспайтындығын көрсетті. Ол күшті, ер жүрек кейіпкерлерді, олардың жоғары сезімдерін – сүйіспеншілік пен достықты, адалдық пен ерлікті мадақтады. Шекспирдің кейіпкерлері тағдырдың әлсіз құрбандары емес, олар қиналады және күреседі, бірақ дүниені өзгертуге қабілеті жетпейді.  Шекспир 37 пьеса (трагедия, комедия, тарихи драма), сондай-ақ көптеген өлең жазды. Шекспирдің антик мифологиясының сюжеттеріне жазылған 2 поэмасы бар («Венера мен Адонис», «Лукреция»).

Изображение слайда

Слайд 11: Гамлет трагедиясы

Изображение слайда

Слайд 12: Гамлет

«Гамлет» трагедиясы -  Шекспирдің   трагедиясы, Шекспирдің барлық трагедияларының ішіндегі ең күрделісі. Дүние жүзі әдебиетінде ешбір шығарма мұндай әр алуан пікір туғызған емес. АҚШ әртісі   Эдван Бут   Гамлет рөлінде, ca. 1870 Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы 1601 – 1602 ж жазылған. Оның сюжетін драматург ХІІ ғ. Саксон Грамматиктің көне хроникасынан алған – бұл Амлет деген дат бекзадасының тарихы. Шекспир бұл сюжетті жаңашылдықпен түсініп, образдарына терең әлеуметтік және философиялық мән беріп, мүлдем ерекше шығарма жазды.

Изображение слайда

Слайд 13: Оқиға аясы

Трагедияның әрекеті ортағасырлық Дания өтсе де, автор мұнда өзінің замандастарының типтік образдарын жасады, « шіріген дат мемлекетін » бейнелей отырып, ол өзінің кезіндегі Англияны көрсетті. Дат бекзадасы Гамлет әкесінің өзі өлмей, біреудің қолынан өлгенін естиді. Гамлеттің әкесін өлтірген Клавдий оның шешесіне үйленіп, таққа отырады.

Изображение слайда

Слайд 14

Гамлеттің позициясы өмірді, ақиқатты кең, терең түсінуге себеп болды. Енді ол жолында кездескен барлық өтірікші, екіжүзді адамдардың беттеріндегі маскаларын шешіп, әшкерелейді. Кейде оның сөздері ащы кекесін, сарказмға толы болып көрінеді, мысалы Офелиямен сөйлескен жерінде. Бірақ шынында, оның жүрегі ұлы сезімге, шынайы достыққа ашық. Гамлет Офелияны шынымен сүйеді, ол өлгенде, қатты қиналады. Гамлет анасын да өте жақсы көреді, бірақ сол сезімдерін Офелияға да, анасына да білдіртпейді. Өлер алдында Гамлет Фортинбрасты таққа отырғызып, оған тек елі үшін қызмет етуді тапсырады. Гораций досына Гамлет өлгеннен кейін жақсы атақ қалдыру үшін өзі туралы тек қана шындық айтуды тапсырады. Трагедияның шиеленісі – Гамлет пен Лаэрттың жекпе – жегі. Лаэртке король Гамлетті уланған рапирамен өлтіруді тапсырады. Гамлет Лаэрттың қолынан жарақаттанады, бірақ жекпе – жек кезінде олардың рапилары ауысып, Гамлет енді Лаэртты жарақаттайды. Екеуі де өлім аузында болады.

Изображение слайда

Слайд 15

Трагедияның идеясы. Гамлет бейнесі арқылы Х VII ғ. Англиядағы гуманистік озық ойдың дағдарысы бейнелеуін тапты. Бас кейіпкер Гамлет – Қайта өрлеу дәуірінің гуманисті, өз заманына лайық жоғары мұраттың иесі. Бірақ оның өмірге, адамға деген сенімі, оның ең жақсы мұраттары іске аспайды, себебі мемлекетті басқаратын адамдардың өздері қылмыскерлер, кісі өлтірушілер. «Гамлет» трагедиясының идеясы – жоғары армандардың құруы, қоғамды түзетуге шыққан жалғыз күрескердің қайғысы, трагедиясы. Гамлет образы көптеген ғасырлар бойы түрлі пікірлер туғызды. Ол әдебиетте әлі де адамдарды толғандыратын образдардың бірі болып қала береді. АҚШ әртісі   Эдван Бут   Гамлет рөлінде, ca. 1870

Изображение слайда

Слайд 16: Қорытынды

Шекспир пьесалары қазақ тіліне аударылып, республикалық көптеген театрларында қойылып келеді. «Отелло», « Асауға тұсау » т.б. туындылары М.Әуезовтің аударуымен күні бүгінге дейін сахнадан түскен емес. Пьесалары қазақ тілінде талай рет кітап болып басылды. « Сонеттер » 1970 ж. жеке кітап болып шықты. Сонеттерді алғаш рет қазақ тіліне аударған Х.Ерғалиев, М.Мақатаев.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Шекспир шы ғармашылығы: Назар аударып тыңдаған-дарыңызға рахмет!!!

Изображение слайда

Похожие презентации