Первый слайд презентации: Шиеленіс тудыратын себептер және оларды шешу жолдыры
Орындаған : Сапарғалиев Нұртілек Тексерген : Гулия Муратбековна Тобы : ЖМ 1 04 Б
Слайд 2
Тұлға аралық немесе адамдар тобы әрекеттееуі мен қатынасуы кезінде, олардың ойлары мен ықпалдарының бір, бірше сәйкес емес, қарама-қайшы келуі салдарынан, негативті эмоционалдық әсерден екі жақты да уайымға, қобалжуға әкелуін қақтығыстар (конфликт) дейді. Топтағы адамдардың мүдделерінің, пікірлерінің, мақсаттарының қарама-қарсы келіп, оларга жету жолдары да әртүрлі түсінікте болуы көптеген конфликтік жағдайлардын негізінде жатады.
Слайд 3
Қақтығыс,талас, шиеленіс көріністері жалпы өмірде де, медицинада да кездесіп, жиі байкалады. Әр шиеленісте дәрігердің ең бір басты мақсаты — бұл қарсылықтың мотивін, ягни, себептерін білу. Көбінесе конфликт себептеріне адамның билік білдіруі, өзін-өзі көрсеткісі келуі,. қозу жағдайынан шығуы жатады. Қақтығыс үстінде оның себептері айтылмайды және олар сезілмеуі де мүмкін. Бірақ, келешекте бұндай шиеленістің алдын алу үшін, дәрігер оның себептерін білуі керек
Слайд 4
Сұхбаттасу үстінде ауру адамға ұсынылған мәлімет, тек ойлануға ғана берілген ақпарат. Ал науқастың жан дүниесінің ішкілікті шиеленісін шешу негізінде алынған мәлімет — сенім тудыратын түрде қабылданады. Конфликт, дәрігер тәжірибесінде көбінесе қызметтестер арасында кездеседі. Конфликтің негізінде жатқан жайларға карай жіктелуі : • тұлғааралық қақтығыстар ; • тұлға және мекеме арасындағы қақтығыстар ; • жеке топтар арасындағы қақтығыстар ; • мекемелер аралық қақтығыстар
Слайд 5
Жіктеудің келесі түрі бойынша қақтығыстар мынадай топтарға бөлінеді : • горизонталды қақтығыстар ( бір-біріне бағынбайтын, бір қатардағы қызметтестер арасында ); • вертикалды қақтығыстар ( бір-біріне бағыныштағы адамдар арасында ); • аралас түрі.
Слайд 6
Қақтығыс жағдайындағы басшының тәртібі. Шиеленіс кезінде адамның тәртібі жөнінде әртүрлі үлгілер бар. Конфликті конструктивті шешу келесі жайларға байланысты болады : • шиеленісті адекватты ( тиісті ) қабылдау, яғни өзінің, жекешелік және қарсыласының ықпалдары мен қылықтарын нақтылы дәл және бір жақты емес балмауы ; • ашық және нәтижелі қатынас жасау, проблеманы жан-жақты талқыл ay ғ a даярлық, конфликтік жағдайдан жолдары туралы ұсыныстарын, болған жағдай туралы өз түсінігін, мүдделерін ашық және әділ түрде айтуы ; бірге әрекеттесуде өзара сенім тудыруы.
Слайд 7
Қақтығыстарды шешудің негізгі бағыттары : 1.Психодинамикалық бағыт (психоанализ). Бұл бағыттың басты міндеті санасыз тенденциялар мен импульстерді анықтау және саналылық деңгейге көтеру. 2.Мінез – құлықтық психотерапия. Индивидтің кең мағынадағы мінез-құлығымен жұмыс істеуге бағытталған. Кеңесшінің көмегімен, клиент өзінің кикілжіңдер кезіндегі конструктивті емес мінез-құлқының себебі болып табылатын өз ойларын ауыстырады. 3.Гуманистік бағыт. Психотерапия кезінде клиентке « зат ретінде » қарауға және қысым жасауға қарсы шығады. Оның негізгі қағидалары « осында және қазір » басынан кешіп отырған сезімдерге шоғырландыру, сонымен қатар адамды өзінің жан-дүниесін зерттеуге ұмтылдыру болып табылады.
Слайд 8: Тест сұрақтары :
1. Дәрігерлер, медбике және пациент арасында қарама – қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада қандай қатынастар орнайды ? А. қарама – қайшылықты ; Б. тәуелді емес ; В. үйлесімді ; Г. тәуелді ; Д. дау – дамайлы. 2. Жұмыс кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қандай қатынас орнайды ? A. қарама – қайшы ; Б. дау – дамайлы ; B. сыйластық ; Г. тұрақты ; Д. топтық қатынастар.
Слайд 9
3. Әрбір дәрігердің немесе медбикенің меншікті қажеттері сипатында қаралса, онда ол қандай қатынас ? А. үйлесімді ; Б. жеке ; В. топтық ; Г. ұжымдық ; Д. өшпенділік. 4. Дәрігер мен медбике арасындағы қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс. А. ұжымдық қатынасының тұрақты болуы ; Б. сыйластық қатынасының болуы ; В. тұрақты қатынастың қалыптасуы ; Г. үйлесімділік қатынастар нышан береді ; Д. ұжымдық қатынастардан шеткеріліп қалуы. 5. Өзінің психологиялық негізіне назар салмастан, нақты көріп тұрғаны мен естігеніне сеніп қалу : A. объективті қателік ; Б. ситуативтік қателік ; В. асығыс қорытынды жасауға байланысты қателі к ; Г. субъективті қателік ; Д. жалған қарапайымдылық.