Слайд 2
ШИКІЗАТ бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады. табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі. Бірнеше түрлері сараланады: борлық шикізат (бор алу үшін қолданылады, каолиндік шикізат ( керамика мен отқа төзімді материалдар алуда, сондай- ақ, бірқатар технологиялық процестерде қолданылады), цемент шикізаты және т.б.
Слайд 3
Өндірістік шикізат түрлері Өндірістік шикізат Минерал текті шикізат Жасанды шикізат яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар минерал текті шикізаттардың табиғи түрлері кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық - шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электроэнергетика сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен әсер етеді.
Слайд 4
Шикізат ресурсты өңдеуіне байланысты Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары өңдегенде Негізгі шикізат Көмекші шикізат Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған өнімнің материалдық негізін қалайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтын бұйымдар көмекші шикізатқа жатады.
Слайд 5
МАТЕРИАЛДАР – Өнімді дайындау және өндіріске қызмет көрсету үшін көбінесе еңбек заты ретінде пайдаланылатын әр түрлі заттай элементтер. Өнім тікелей солардан дайындалатын негізгі материалдар және кәсіпорынның өндірістік пайдалану мұқтаждары үшін пайдаланылатын көмекші материалдар (мысалы‚ жағар май) түрлеріне бөлінеді.
Слайд 6
МАТЕРИАЛДАР Т ҮРЛЕРІ Материалдар Негізгі материалдар Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрінде кіріп, оның материалдық негізін құрайды дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақта оның түзелуіне әсер етеді. Отын мен энергия өзінің экономикалық ерекшілігіне қарай көмекші материалдарға жатқызылады, бірақта оның ерекше маңыздылығына байланысты ресурстардың жеке тобына жатқызылады.
Последний слайд презентации: Шикізат және материал ресурстары
Отын-энергетикалық ресурстар түрі Отын-энергетикалық ресурстар Ықтималды Нақтылы Иқтималды отын-энергетикалық ресурстарына ел бойынша, белгілі бір экономикалық аймақта бар отын мен энергияның барлық түрі бойынша қорлар жатады. Кең мағынада нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланып жатырған энергияның барлық түрінің жиынтығын айтамыз.