СӨЖ 2. Тірі ағзалардағы термореттелу және жылуөнімдері — презентация
logo
СӨЖ 2. Тірі ағзалардағы термореттелу және жылуөнімдері
  • СӨЖ 2. Тірі ағзалардағы термореттелу және жылуөнімдері
  • Жылу реттелу
  • СӨЖ 2. Тірі ағзалардағы термореттелу және жылуөнімдері
  • Орталық жүйке жүйесінің әсері
  • Жүйке жүйесінің реттелуі
  • Температура тұрақтылығы
  • Температуралық тұрақтылық
  • Жылудың тұрақтылығын реттеу механизмі
  • Адамның  дене температурасы
  • СӨЖ 2. Тірі ағзалардағы термореттелу және жылуөнімдері
  • Адам денесіндегі жылу реттелу
  • СӨЖ 2. Тірі ағзалардағы термореттелу және жылуөнімдері
  • Қорытынды
  • Назар аударып тамашалағаныңызға
1/14

Орындаған: Насыров Н. ББ 13-03 тобы Тексерген: Орынбаев М. Алматы 2015

Изображение слайда

Слайд 2: Жылу реттелу

Жылу реттеу, терморегуляция  ( гр.   therme  – жылу және  гр.   regulo  – реттеу ) – қоршаған орта  температурасының   ауытқуына қарамастан адам,  сүтқоректілер   және құстардың   дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті. Дене температурасының тұрақтылығы –  жылу түзілу  және  жылу шығару  және олардың өзгеруіне байланысты болады.

Изображение слайда

Слайд 3

Изображение слайда

Слайд 4: Орталық жүйке жүйесінің әсері

Жылу реттеу процесіне аралық мидағы ( гипоталамус ) жылу орталығы,  орталық жүйке   жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі жылу сезетін   жүйке клеткалары, ішкі органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш жолдары,  эндокринді   және   тері бездері,  бұлшықеттер   қатысады. Дене қыза бастаса,  қан тамырлары   кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады.

Изображение слайда

Слайд 5: Жүйке жүйесінің реттелуі

Изображение слайда

Слайд 6: Температура тұрақтылығы

Жылу реттеу нәтижесінде ағзаның температурасы тұрақты болады ( мысалы, құстарда 40 – 41,5˚С, сүтқоректілерде 32 – 39˚С, адамда 36˚С). Сыртқы ортаның температурасының айтарлықтай ауытқуынан немесе жылу түзілудің жылдам өзгеруінен адам мен жануарлардың жылу темп-расы қалыпты жағдайда 0,2 – 0,3-тен 1 – 2 С-қа ауытқуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 7: Температуралық тұрақтылық

Изображение слайда

Денедегі жылудың тұрақтылығын реттеу механизмі адам мен жоғары сатыдағы жануарларда ғана жақсы дамыған. Мысалы, терлеу тек адам мен маймылға, сондай-ақ тақ тұяқты жануарларға ғана тән. Құстар терлемейді. Жәндік қоректілер, кемірушілер, т.б. аз терлейді. Ал төм. сатыдағы жануарларда ( мысалы,  бақа,  кесіртке ) жылу реттеу механизмі дамып жетілмеген. Сондықтан олардың дене темп-расы сыртқы орта темп-расына тәуелді болады. Адам қалыпты жағдайда жылудың 70%-ін ішкі органдардың қызметінің, ал 30%-ін бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде алады. Адамның дене қимылы арқылы түзілген жылуы тері арқылы, тыныс алғанда, зәр шығарғанда және дефекация кезінде шығарылады.

Изображение слайда

Слайд 9: Адамның  дене температурасы

Дені сау ересек адамның  дене температурасы +36,5°С+36,9°С. Бір тәуліктің ішінде де дене температурасының сәл де болса ауытқуы байқалады. Мысалы, түнге қарағанда күндіз сәл жоғарылау болады. Бұл ағзадағы зат алмасудың өзгеруіне тікелей байланысты. Адам дене температурасының мұндай аз ғана ауытқуын сезе бермейді. Дене температурасының +43°С көтерілуі немесе +25°С төмендеуі қазаға ұшыратады. Ағзаның өз дене температурасын бірқалыпты сақтауға бағытталған  физиологиялық үдерістерін  жылуды реттеу дейді. Дене температурасының тұрақтылығы ағзада пайда болған жылумен, сыртқа бөлінетін жылудың мөлшеріне байланысты. Ағза жылуды   тері   арқылы шығарады. Адамның бір тәулікте бөлетін жалпы жылуы шамамен 13 500 Дж болса, оның 80%-ы  тері   арқылы сыртқа бөлінеді. Адам денесінде жылу екі жолмен реттеледі. Біріншісі —  химиялық жол, екіншісі - физикалық жол.

Изображение слайда

Слайд 10

Изображение слайда

Слайд 11: Адам денесіндегі жылу реттелу

Химиялық жолмен   жылудың реттелуі зат алмасу кезінде ағзада түзелетін  жылу  мен  бұлшықеттердің   жұмысына байланысты. Бұл тағамның құрамындағы ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінетін  энергия арқылы реттеледі. Физикалық жолмен реттелуі   ағзада пайда болған энергияның сыртқы ортаға жылу түрінде бөлінуі арқылы жүзеге асады. Оған теріден судың  тер   арқылы булануы мысал болады. Тері арқылы ағзадағы жылудың реттелуі тер бездерінің, қантамырлардың,  тері   шел-май қабатының қатысуымен жүреді.

Изображение слайда

Слайд 12

Изображение слайда

Слайд 13: Қорытынды

Ағзадан жылудың бөлінуі тек сыртқы ортаның температурасына ғана байланысты емес. Кейде адамның көңіл күйіне де сәйкес жылудың бөлінуі өзгереді. Мысалы, кейбір адамдар қатты ашуланған кезде терісі қызарып не бозарып кетеді. Бұл да теріге келетін   қан мөлшерінің өзгеруіне байланысты.  Тері   арқылы жылудың реттелуі тікелей   жүйке және эндокриндік жүйелердің бақылауы арқылы жүзеге асады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: СӨЖ 2. Тірі ағзалардағы термореттелу және жылуөнімдері: Назар аударып тамашалағаныңызға

РАХМЕТ!!!

Изображение слайда

Похожие презентации