Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік — презентация
logo
Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Физика – дененің құрылымын,қозғалысын және байланысын зерттейді.
  • Физика тарихы
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
1/24

Первый слайд презентации

Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Орындаған : Абдикайм Ж, Эрмахан Н Қабылдаған: Қожабекова Э Тобы: 1502-19 Шымкент, 2021жыл

Изображение слайда

Слайд 2

Кіріспе. Ғылыми білімнің пайда болуы Негізгі бөлім. Антикалық ғылымның бастапқы кезеңі; Атомистиканың пайда болуы; Аристотель; Архимед; Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер. Жоспар:

Изображение слайда

Физика – табиғатты зерттейтін ғылым

Изображение слайда

Физика – ертедегі ғылымның түрі. Ол ежелгі адамдардың Күннің неге жарқырауын, жанартаудың атқылауы және судың қайнауын түсінбегендіктен әр түрлі сұрақтар туындауынан пайда болды.

Изображение слайда

Слайд 5

Ғылыми білімнің пайда болуы Адамзат өзін қоршаған әлем жайлы білімдерді өмір сүру үшін қатал күресте алды. Қорғаныс пен тамақ табу үшін кездейсоқ сойыл мен тастарды пайдаланып, құралдар жасауға көшті. Адам баласының ұлы жетістіктерінің бірі отты алу және пайдалану болды. Адам табиғат туралы діни ұғымдармен қатар аспан жарқыраулары жайлы, өсімдіктер мен жануарлар жайлы, қозғалыстар мен күштер жайлы және метеорологиялық құбылыстар жайлы нақты білімдерін байытты. Жинақталған білімдер мен практикалық дағдылар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, болашақ ғылымның алғашқы фонын құрады.

Изображение слайда

Слайд 6

Егіншіліктің пайда болуы қоғамда шешуші рөл ойнады. Бір жерден жылдан – жылға тұрақты егін алу үшін жағдай жасалған жерде қоныс – мекендер, қалалар, одан кейін мемлекеттер құрыла бастады. Мұндай жағдайлар Солтүстік Африкада Ніл аңғарында пайда болды, мұнда жыл сайынғы су тасқындары егін даласында құнарлы лай қалдырып отырды. Осылай Тигр және Ефрат өзендерінің арасында б.э.д. IV мыңжылдықта заманауи ғылымның бесігіне айналған ежелгі құлиеленуші мемелекеттер құрыла бастады. Қоғамдық қажеттіліктер жазу әліппесінің (Египеттегі иероглиф, Вавилондағы сына жазулар), астрономиялық және математикалық білімдердің пайда болуына алып келді. Осы күнге дейін сақталған Египеттегі ұлы пирамидалар б.э.д. III мыңжылдықта мемелекет көп адамдарды ұйымдастырып, материалдар есебін, жұмсалған жұмыс күші мен еңбекті жүргізгендіктерінің дәлелі бола алады. Бұл мақсаттар үшін арнайы адамдар мен ақыл – ой еңбегінің жұмысшылары қажет болды. Ніл өзенінің тасу уақытын анықтау үшін мұқият астрономиялық бақылаулар қажет болған. Египеттіктер 30 күннен тұратын 12 айлық күнтізбе жасап шығарды, күнтізбеде қосымша 1 жылға тағы 5 күн қосылды. Айлар үш он күндікке, тәулік 24 сағатқа бөлінді. Вавилондық математика және астрономия жоғары дәрежеге жетті. Вавилондықтар Пифагор теоремасын білді, квадрат және квадрат түбірлерді, куб және кубтық түбірлерді есептеп шығарды, теңдеулер жүйесі мен квадрат теңдеулерді шығара алды. Тарихшылардың ойынша вавилондық математика египеттік математикаға қарағанда жоғары дәрежеде болған. Бірақ геометрия аумағында вавилондықтарға қарағанда египеттіктер өте жоғары дәрежеде болған.

Изображение слайда

Слайд 7

Астрономия жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі алғашқы ғылым саласы болды. Астрономияның дамуы үшін математика қажет болған, ал құрылыс практикасы механиканың дамуына себепкер болды. Құрылыс жұмыстары кезінде қарапайым механизмдер құрамасы: рычагтар, катоктар (асфальт тегістейтін каток), көлбеу жазықтықтар қолданыс таба бастады. Яғни практикалық қажеттіліктер өмірге ғылыми білімнің: арифметика, геометрия, астрономия, механиканың және т.б. жаратылыстану ғылымдарының нышанын алып келді. Ғылым тарихы және мәдениет ұғымдарының бастапқы кезеңдері аса жоғары екендігін атап өткен жөн. Тарихшылар египеттік және вавилондық математикаға кездейсоқ үлкен мән бермеген. Мұнда математиканың нышаны геометрияның негізі қаланған. Египет пен Вавилонда адамдар алғаш рет жұлдызды аспанды, Күн, Ай және аспан денелерінің қозғалысын, аспан жарқырауларын бақылауды үйреніп, уақыт өлшемінің негізін жасап, алфавиттік жазудың негізін қалаған.

Изображение слайда

Слайд 8

Ертедегі Шығыстың ғылымға қосқан үлкен үлестеріне қарамастан, заманауи ғылымның түпнұсқасы Ежелгі Грекия болды. Дәл осы жерде әлем туралы ұғымды дамытатын теориялық ғылым пайда болды. Антикалық ғылымның бастапқы кезеңі Бұл туралы келесідей ғылымдардың атаулары айғақ бола алады: грекиядан шыққан ғылыми терминдер: масса атом электрон изотоп грекиялық әріптерді формулаларда қолдану және ғылыми әдебиеттерде сақталған грек ғалымдарының есімдері: Фалес Пифагор Демокрит Аристотель Архимед Птоломей

Изображение слайда

Слайд 9

Алғашқы ғалымдарды философтар деп атаған, яғни «даналықты сүюшілер» деген мағынаны білдіреді. Грекиялық қоғамда төмендегі мамандықтар пайда болды: Сонымен, Ежелгі Грекияда жүйелі ғылыми зерттеулер, ғылыми білім беру, ғалым – мамандар мен ғылыми ақпараттар пайда болды.

Изображение слайда

Слайд 10

Грек ғылымының негізін салушы Фалес Милетский (шамамен б.э.д. 624-547 ж.ж.) және басқа да Ионийстік мектептің өкілдері: Анаксимандр (шамамен б.э.д. 610-546 ж.ж.), Анаксимен (шамамен б.э.д. 585-525 ж.ж.) барлық заттардың материалдық негізі жайлы және барлық заттар осы негізден дамитыны жайлы идеяны ұсынған. Фалес мұндай негізді су деп санаса, Анаксимандр – « апейрон », Анаксимен – ауа деп санады. Сонымен, әлемді ештеңеден құдіретті күшпен жасау жайлы діни ұсыныстарға қарсы грек ойшылдары мәңгілік идеяларын, диалектикалық даму идеясын және әлемнің жасалмайтынын ұсынды.

Изображение слайда

Слайд 11

Иоництердің материалистік түсініктерімен қатар философияда Пифагор (шамамен б.э.д. 580-500 ж.ж.) және оның шәкірттері дамытқан идеалистік бағыт пайда болды. Пифагордың жеке тұлғасын аңыздар тұманы басқан. Көптеген ғылымның және философияның тарихшылары Пифагорды аңыз адам деп санаған. Бірақ дәл сол Пифагор жайлы биографиялық жинақтар жеткілікті көлемде сақталған. Пифагор аристократиялық әулеттен шыққан, өзінің шыққан тегін мифтік Гераклдан алған. Ол Самос аралының тұрғыны, аристократтардың саяси күресіне және аристократия жағындағы демократияға қатысқан. Сосын ол Италияға қашып кетіп, сол жақта құпия одақ құрған. Саяси күресте одақ құлатылып, ал Пифагор қуғында жүріп өмірден өткен. Бірақ пифагорлық мектеп өзі қайтыс болған соң да өз жұмысын жалғастыра берді. Филолая, Сократ, Аристарх және Самосскийдің есімдері мектеппен байланысты. Пифагор философиясының орталық пункті – әлемді басқаратын сияқты сандардың құдіретті рөлі жайлы оқыту болды. Олар кез келген затты, әлемдегі кез келген құбылысты сандармен түсіндіруге болады деп жорамалдады. Әрине пифагорлықтардың сандық көзқарастарының маңызы жайлы идеясында табиғатта рационалдық дән бар: сандық талдау, математикалық қатынастар табиғатты сипаттаудың ғылыми негізін құрайды. Пифагорлықтардың маңызды сіңірген еңбектерінің бірі – Жердің шар тәріздес екендігін және оның қозғалысын ұсынғандықтары болды.

Изображение слайда

Слайд 12

Атомистиканың пайда болуы Ежелгі гректердің азапты ойлары Ғалам құрылған элементтердің тұжырымдамасын алдыңғы қатарға шығарды. Бұл тұжырымдаманы алғаш Эмпидокл (шамамен б.з.д. 490-430 ж.ж.) ұсынды, ол Сицилия аралындағы Акрагант қаласында тұрған. Эмпидокл төрт нақты элементтерді жорамалдады, дәлірек айтсақ: от, ауа, су және жер. «Ешнәрсе ештеңеден пайда болмайды және ол еш себепсіз жоғалып кетпейді». Қазіргі физикада іргелі рөл ойнайтын сақталу заңдарының тарихы Эмпидоклдың осы тұжырымдамасынан бастау алған.

Изображение слайда

Слайд 13

Демокрит Абдера қаласында туылған. Демокриттің көп саяхаттағандығы жайлы мәліметтер сақталған, ол Египетте, Вавилонда, Персияда болған және ғылымның әр саласынан көптеген туындылар жазған. Бірақ оның туындылары бізге жетпеген және оның туындылары жайлы басқа авторлардың кітаптарынын білеміз. Демокрит теорияларының негізгі ережелері физика және философия бойынша көптеген қазіргі кітаптарда сол бір сөзбен қолданылады. Атомистиканың пайда болуы

Изображение слайда

Слайд 14

Демокрит ережелері төмендегідей: Ештеңеден ешнәрсе пайда болмайды. Бар нәрсе жойылып кетпейді. Барлық өзгерістер бөлшектердің бірігуі мен жіктелуі салдарынан болады. Себепсіз ештеңе болмайды, бірақ барлығы да қандай да бір негіздеме мен қажеттіліктен туындайды. Атомдар мен бос кеңістіктерден басқа ештеңе жоқ, басқаларының барлығы тек көзқарас. Атомдар саны жағынан шексіз және пішіні жағынан шексіз әртүрлі. Шексіз кеңістік арқылы мәңгі құлау кезінде жылдам құлайтын үлкен атомдар кішкентай атомдармен соғылады; осының салдарынан қаптал қозғалыстар, құйындар пайда болады және біреулері басқаларымен бірге немесе біреулері басқаларынан кейін қайта жоғалып кетіп жатады. Заттардың арасындағы айырмашылық олардың атом сандарының, шамасының, пішінінің және атомдардың орналасу тәртібінің айырмашылығынан болады; атомдардың арасында сапалық айырмашылықтар болмайды. Атомда ешқандай «ішкі күйлер» жоқ; олар бір – біріне қысым және соққы жолдары арқылы әсер етеді. Жан жіңішке, тегіс және домалақ атомдардан тұрады. Бұл атомдар ең көшпелі және денеге енген атомдардың қозғалысы өмірлік құбылыстарды туғызады. 1 2 3 4 5 6

Изображение слайда

Слайд 15

Аристотель Аристотель  ( көне грекше :  Ἀριστοτέλης;  б. з. б. 384 ж.,  Стагира  ( Орталық Македония), Колхида  түбегі —  б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халқида,  Еубея   аралы ) —  ежелгі грек   философы, Платонның   шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның  (Ұлы Ескендір ) ұстазы, « адамзаттың бірінші ұстазы » деген құрметті атаққа ие. Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында   физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика ( шешендік өнері ),  саясат, этика, эстетика, биология, зоология  және  экономика   қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі діни мәдениеттерге, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті.

Изображение слайда

Слайд 16

Өмірбаяны Аты "Ұлы мақсат " дегенді білдіретін Аристотель  Солтүстік Македонияға   қарасты   Халкида түбегіндегі   Стагира   қаласында б. з. д. 384 жылы туған. Стагира қаласының орыны бұл күндері Салоникиден  55 км қашықтықта жатыр. Оның әкесі   Солтүстік Македония  патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. 18 жасында Аристотель Афина  қаласына барып, Платон Академиясында   шамамен жиырма жыл бойы — б. з. д. 347 жылы  Платон  қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады. Платон   Аристотельді өте ұнатты деу қиын, Аристотель де Платонның негізгі көзқарастарына қарата өзгеше пікірде болған және Платонмен дауласып қалып отырған. Әрине, ол бүкіл өмірінде Платонға деген құрметінен айныған жоқ.

Изображение слайда

Слайд 17

Платон қайтыс болған соң Академиядағы жаңа басшы математикаға көбірек назар бұрғандығына Аристотель төзе алмай Афинадан кетеді. Академияның жаңа басшыларының идеясын жақтамаса да, ол академиямен байланысын үзбеген. Кейін ол  Ксенократпен   бірге   Кіші Азиядағы  ( Бүгінгі Түркиядағы )  Гермиас   патшаның иеліктеріне сапар шегеді. Азияда болған кезінде ол  Теофрастпен бірге  Лесбос аралына   сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Гермиастың қызы (не қарындасы ) Питияға үйленді. Одан туған қызды да Пития деп атады. Гермиас бір реткі бүлікте кездейсоқ өлтірілген соң Аристотель отбасымен Кіші Азиядан кетуге мәжбүр болады Сол кезде Аристотельді Македония патшасы ІІ Филипп өзінің 13 жасар ұлы Ескендірге ( Македондық аты Александр) тәлімгер болуға шақырады. Плутархтың жазуынша, Аристотель Ескендірге этика, саясаттану және философия үйреткен. Б. з. д. 335 жылы ол Афинаның Ликей деген жерінде өз мектебін (лат. Lyceum) ашты. Ол " жастарды аздырды, жалған Құдайға сенді " деп айыпталып, у ішіп өлу жазасына кесілді. Бірақ бір жыл өтпей (б. з. д. 323 жылы ) ол Евбеяда ауырып қайтыс болды. Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады. Өмірбаяны

Изображение слайда

Слайд 18

Аритотельдің ғылыми зерттеулері Физика саласында Аристотель " заттар тек үздіксіз әсер еткен түрткі күш болғанда ғана қозғалыс сақталады " деп қарады. Ол және  вакуум  өмір сүрмейді, кеңістік қашанда затқа толып тұрады деп есептеді. Галилей болса " зат қозғалысы кедергіге байланысты болады, тоқтап тұрған нәрсе еш күш түспесе мәңгі тоқтап тұра береді, қозғалыстағы зат еш күш түспесе мәңгі қозғала береді " деген  үдеудің  жаңа тұжырымын жасады. Кейін ағылшын ғалымы  Ньютон осы негізде  инерция  заңын ашты. Ньютон Аристотельдің " қозғалыстың себебі күш " ережесін сынап, " Күш қозғалыстың тіке себебі емес, ол тек қозғалыс шамасын өзгертуші ғана" — деп есептеді. Ньютонның классикалық механика теориясы ғылымға енуден бұрын батыс ғылымы Аристотельдің ғылымымен негізделген болатын. Аристотель еңбектерінде көптеген ғылыми бақылау жасау мен естелік қалдырулар бар. Дегенмен онда да кейбір қателерге жол берген. Мысалы, оның « Жануарлар тарихы» кітабында " еркек хайуандарда ұрғашы хайуандарға қарағанда көбірек тіс болады" делінген. Сол секілді, ренессанс  дәуіріндегі  Италия ғалымы   Галилео Галилей  Аристотельдің ауыр дененің жерге құлауы мәселесіндегі қателігін ашып берген. Аристотель " ауыр зат пен жеңіл затты бір уақытта биіктен тастаса, олардың ауыры алдымен жерге жетеді " деп айтқан. Галилей бұған келіспеген. Ол, егер бұл екі затты бір- біріне байлап қойса, онда ауыры алдыға сүйреп, жеңілі кері сүйреп, әуелгісінің жартысындай қозғалуға мәжбүр болмай ма деген уәж айтқан. Бірақ ғалымдарда ол кезде "Аристотель айтса бітті, қате болмайды " деген ұстаным басым болып, Галилейді " Аристотельге қарсы шықпақшы !" деп күлкі еткен. Ақыры, Галилей әйгілі  Пиза  мұнарасынан қалың жұрттың көзінше нақты ғылыми тәжірибе жасаған. Ол салмағы 10 кг және 1 кг екі шар денені алып, мұнара басынан бір сәтте жерге тастаған. Екі шар еш ілгері-кейіндіксіз бір уақытта жерге түскен. Сөйтіп, Галилей Аристотельдің де қателесуі мүмкін екеніне ғалымдардың көзін жеткізген болатын. Бұл кейін тартылыс күштің (гравитация) жер бетінде заттарға біркелкі әсер ететінін анықтау болды.

Изображение слайда

Слайд 19

Аристотельдің еңбектері Аристотель тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар   жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері :

Изображение слайда

Слайд 20

Архимед Архимед ( көне грекше :  Αρχιμήδης, б.з.б. 287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы –  Мысырды   аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу ашылғанда (17 ғасыр ) дұрыс бағаланған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды.

Изображение слайда

Слайд 21

Архимед: рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын (Архимед заңы ) ашқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “ Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын ” деп айтқан екен. Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған, ал оның “ Эратосфенге жолдаған ” хаты 1906  жылы ғана табылған. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарай бастаған. 1823  жылы Архимедтің “Шар мен цилиндр” және “ Дөңгелекті өлшеу және леммалар ” атты екі кітабы орыс тіліне аударылған.

Изображение слайда

Слайд 22

Архимедтің рычаг заңы гидростатика заңы ( Архимед заңы ) Архимедтің жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктары Архимедтің жер суаратын механизмдерді Архимедтің тас ататын қамал бұзатын соғыс қондырғылары

Изображение слайда

Слайд 23

Қорытынды: Сонымен, ғылым дамуының алғашқы кезеңінде – ақ әлемнің құрылуы мен шығуы жайлы, қозғалыстың себебі жайлы, табиғаттағы сандық көзқарастардың (қатынастардың) рөлі жайлы терең сұрақтар қойылды. Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында ертедегі ғалымдар табиғаттың теориялық талдауларына, әлемнің ғылыми көрінісінің дамуына негіз салды. Бұл алғашқы әрекеттерде көп аңғырттық, қияли өтіріктер болды және де ғылыми болжамды тексеру болмады және тәжірибелер мен математикалық талдауларды ұсыну болған жоқ. Бірақ материяның мәңгілік екендігі жайлы, жаратылыстанудың себебінен әлемнің дамуы жайлы нақты идеялар айтылған және Ғаламның алғашқы үлгілері жасалды. Әлемнің пайда болуы, құрылуы жайлы діни және мифтік ұсыныстардың орнына ғылым келді.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тақырыбы: «Ежелгі физика» Презентация Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Пайдаланылған әдебиеттер: Аристотель туралы мәлімет - FAKTILER.KZ Аристотель - өмірбаяны, философиясы, фактілері * Қызықты ( kuzminykh.org ) Аристотель — Уикипедия ( wikipedia.org ) Аристотель ( bankreferatov.kz)

Изображение слайда

Похожие презентации