Первый слайд презентации: Тақырыбы: Топтық психотерапия
Орындаған: Насирдинов Ш.М Қабылдаған: АҚ “Астана Медицина Университеті” Астана 2014 жыл
Слайд 2: Жоспары:
Топтық психотерапия даму тарихы Топтық психотерапия ұғымына түсінік беру. Топтық психотерапияның артықшылығы мен кемшілігі. Психотерапевтикалық топтар. Қорытынды
Слайд 3: Топтық психотерапия даму тарихы
Топтық психотерапияның негізін салушы Джозеф Пратт болып табылады. Ол 1906 жылдан бастап туберкулездік ауруханада топтық терапияны өткізе бастады. Топтық психотерапияның дамуына үлкен үлес қосқан Зигмунд Фрейдтың жұмыстары, ол психологиялық топ, топтың бір-бірімен қатынасы және басшы туралы айтып өткен. Оның оқушылары Альфред Адлер, Луис Уэндер, Пауль Шильдер психоаналитикалық еаді топтар арасында қолдануға тырысты. Бірақта, топтық тсихотерапияның фдамуына жол берген Якоб Морен саналады, ол «топтық психотерапия» терминін енгізген.
Слайд 5
Топтық психотерапия-психотерапевтикалық әдіс, оның негізі болып емдеу мақсатында топтағы адамдарды топтық әрекет пен топтық қарым-қатынасқа бағыттау, топтық психотерапевті қосқанда. Топтық психотерапияны коллективтік психотерапиядан ажырату керек. Коллективтік психотерапия кезінде адамдарды біріктіру кездейсоқ жасалынады, кез-келген психотерапевттік әдіс қолданылады. Коллективтік психотерапия кезінде психотерапевт психотерапевттік әдістермен көптеген науқастарға әсер етеді, бірақ ем барысында науқастар арасында пайда болатын оқиғаларды, қарым-қатынас және әрекетті қолданбайды. Коллектив-ортақ мақсатқа жетуде адамдарды біріктіретін жоғарғы форма, олар жоғары дәрежелі ұйымшылдығымен және психологиялық бірігуімен ерекшеленеді. Жоғары айтылғанды негіздейтін болсақ, психотерапевттік жұмыс барысында наүқастар бір бүтін болып, бір мақсатқа жету үшін бірікті. Ал топтық психотерапияның мақсаты жеке адамның өзінің емделіп кетуі, бұл жерде топ және оның мүшелері сол мақсатқа жету үшін қолданылатын құрал ретінде қаралады.
Слайд 7: Топ жетекшісінің негізгі мақсаты:
а)топ мүшелерін олардың талқылап отырған мәселесіне араласуын, әрекет етуін, қарым-қатынас жасауын қадағалау ; б) Топтың барлық мүшелерінің ашылып сөйлеуіне жағдай жасау ; в) Топта арнайы норманы қалыптастыру және оны қолдап жетілдіру ; г) Әсер ету техникасын абфйлап, іс әрекетті саралап барып таңдау ;
Слайд 10
Топтық психотерапияның артықшылығы Ақшаның және уақыттың үнемділігі; Бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйрену, соның арқасында өзінің басқа біреумен қатынасу әрекетін бағалау, басқа адамдармен қатынаста эффективті амалды қолдануды үйрену. Топ прасында өзіңнің қатынасыңды көрсетіп олардан жауап алу арқылы өз әрекетіңнің нәтижесін бағалауға болады. Топта әр мүшенің күнделікті өмірі талқыланады, ол жағдайдың қиындығы мен ерекшелігін бағалауға мүмкіндік береді. Топта үйренген әрекет етудің жаңа түрдері мен өзіне және өзгелерге деген қатынасын түсіну және оларды шынайы өмірдеде пайдалана алуы. Өзін жетілдіруге қосымша мүмкіндік. Топ мүшелері өмірлік тәжірибелерімен, өздерінің қиындықтары мен олардың шешілуі туралы әңгімелерімен алмасады, бір-бірінің тәжіриюесінен үйренуге тырысады. Топтық психотерапияның кемшілігі Топтағы барлық адамдар өз мәселелерінің нәтижелі шешімін таба алмайды және басқаларға табуға кедергі жасайды. Топ мүшелерінің мінез-құлықтарының әртүрлі болуы. Кейбір топтық нормалар топтың нәтижелі жұмыс жасауы үшін қажетті иллюзия түдыруы мүмкін, бірақ бұл иллюзиялар өмірде қалаулы болып табылады. Сондықтан кейбір адамдар үшін топ бәрі болып, шынайы өмірде өзгеріс енгізуге тырыспайды. Мұндай адамдар топта ұзақ болуға тырысып, ұқсас топтарды іздейді
Слайд 11
Психокоррекциялық топты түсінудің 2 негізгі бағыты бар: Бірінші бағыт жақтаушылары (Бредфорд, Гибб, Беннис ) арнайы мәселеге бағдарланады,қарым-қатынасқа икемділті өңдейді. Жетекші көшбасшылықтан ысырылмайды және көбінесе тәлімгер ретінде рөл атқарады. Бұл топтарға: Т-топты, тренинг топтарын жатқызады. Екінші бағыт жақтаушылары ( Роджерс, Шутц, Перлз ) гуммандық демократиялық басқаруға бағытталған. Акцент топ арасындағы мүшелердің бір-біріне деген қарым-қатынасына бағытталған. Бұған жатады : кездесу топтары мен гештальт топтары.
Слайд 12
Кездесу топтары Кездесу топтары терапевттік және психокоррекционды топтар болып табылады. Кездесу тобының негізін салғандар Роджерса, Мерфи және Шутц. Шутц кездесу топтардың негізгі белгілерін бөлді: 1. Ашықтылық және шынайылық топтық бағалылықты іске асыру арқылы нәтижеге жетеді,ол өзін-өзі ашумен (самораскрытие) көрінеді. Кездесу тобында басқа өзін ашылып көрсету бағаланады, ол сенімді қатынас орнатуға көмек береді. Лафт өзін-өзі ашуға көмектесетін белгілерді юөлді: Адамдар арасындағы өзара қатынас өзара түсінушілік негізінде туындайды ; Өзін-өзі ашу адамдарды біріктіретін жайттарға байланысты ; Өзін-өзі ашу біртіндеп жүзеге асады ;
Слайд 13
Кездесу топтарының негізгі қағидалары: Бір-бірімен қатынаста шынайылық пен ашықтылықтың болуы ; Ойларға сезімдердің пайда болуы.; «Осы жерде және қазір » принципі ; Ялом кездесу топтарының жалпы жағдайын бөлді : Топ 8-20 адамнан тұрады, бұл сан бір-бірімен нәтижелі қарым-қатынасқа жету үшін жеткілікті ; Уақыттың шектеулі болуы, тығыздалғын күндер мен сағаттар ; «Осы жерде және қазір » принципі Әдут-ғұрыптық көзқарасты қолдау; Өзін-өзі ашуды қолдау
Слайд 14
Топ мүшелерінің әрекет ету типін біле отырып психотерапевт топ мүшелерін рөлдерге бөлгенде көмектеседі.
Слайд 15: Қорытынды:
Топтық психотерапия мақсаты : науқастың мәселесін ашу, зерттеу және өңдеу, бір-бірімен арақатынас арқылы эмоциональды және мінез-құлықтық әрекеттерін өзгертуге көмек көрсету. 1) Танымдық ортасында топтық психотерапия науқасқа қорқыныш, үрей және басқа да негативті сезімдерді тудыратын жайттарды түсінуге көмектеседі ; өзінің әрекетінің ерекшелігі мен эмоциональды жауап беруге ; өзінің әрекеттерін өзгелердің қалай қабылдайтынын түсінуге ; өзін және өзгені қабылдауға ; ішкі психологиялық мәселелерін шешугі, өзінің мақсатын, қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді.
Слайд 16
2) Эмоционалдық ортада топтық психотерапия мына көмекке бағытталған: топ жетекшісі мен мүшелерінің эмоциональды көмек көрсетуі, өзіне және өзгеге шыншыл көзбен қарауды үйрену, өзінің позитивті және негативті мінезін көрсетуде ерікті болу, өзін және өзгелерге эмоциональды тұрақты болуды үйрену. 3 ) Әрекет ету ортасында топтық психотерапия мына көмекке бағытталған: өзінің негативті іс әрекетін көріп бағалауға, еркін және мәжбүрсіз қарым-қатынты үйрену, жаңа әрекет түрлерін үйрену, оларды шынайы өмірде қолдана білу.
Слайд 17: Қолданылған әдебиеттер:
1.Линде Н. Д Основы современной психотерапии.-М.: Изд. Центр «Академия», 2002-208с.; 2. Ялом И. Групповая психотерапия. Теория и практика.-Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2001-576с. 3. Кочюнас Р. Психологическое консультирование и групповая психотерапия.-М.: Академический проект: Гадуамус, 2005-464с. 4. Психотерапевтическая энциклопедия. Под ред. Карвасарского Б. Д.-Спб.: Питер Ком, 199-752с.