Первый слайд презентации
Тақырыбы: Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы
Слайд 2
Оқу мақсаттары : 6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну; 6.1.2.1 сандардың қатынасы ұғымын меңгеру; 6.1.2.2 берілген қатынасқа кері қатынасты табу; 6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу;
Слайд 3
Ба ғалау критерийлері : Білім алушы: екі санның қатынасын түсінеді; сандардың қатынасы ұғымын біледі; берілген қатынасқа кері қатынасты таба алады; екі санның қатынасын оқи және жаза біледі.
Слайд 4
Ой-түрткі: С-1: Жай бөлшек дегеніміз не? С-2: Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосып, азайтамыз? С-3: Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосып азайтамыз? С-4: Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз? С-5: Жай бөлшектерді қалай бөлеміз? С-6: Бөлшектің негізгі қасиеті қандай?
Слайд 6
Бөлшектің негізгі қасиеттері. Егер бөлшектің бөлімінде алымында нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, немесе бөлсек, онда бөлшектің мағынасы өзгермейді.
Слайд 7
Екі шаманың өлшемдерін бөлінді түрінде салыстыру үшін «қатынас» ұғымын қолданады. АНЫҚТАМА. Екі санның бөліндісі түріндегі өрнек сол сандардың қатынасы деп аталады. Мұнда а және в қатынастың мүшелері деп аталады. а - қатынастың алдыңғы мүшесі, в - қатынастың соңғы мүшесі. Оқылуы: «а санының в санына қатынасы немесе а - ның в - ға қатынасы»
Слайд 8
Негізгі қасиеті: Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген қатынасқа тең қатынас шығады. Кері қатынас: Егер берілген қатынастың алдыңғы мүшесін соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп, орындарын ауыстырып жазсақ, онда берілген қатынасқа кері қатынас алынады. Мысалы: 10:12=5:6. Мысалы, қатынасы қатынасына кері қатынас.
Слайд 9
Екіден артық мүшесі бар қатынас 2:3:5- үш мүшелі қатынас. Бұл үш шаманың сәйкес мәндерінің ара қатынасын білдіреді. теңдігі а, в, с шамаларының сәйкес мәндері түрінде өрнектелетінін білдіреді. Екі санның қатынасын процентпен өрнектеуге болады. Ол үшін екі санның қатынасын (бөліндісін) 100 – ге көбейтіп, процент белгісін (%) тіркеу керк. Мысалы,