Первый слайд презентации
Тақырыбы:Оқушылардың жо ғары жүйке қызметінің анатомиясы,физиологиясы. Оқушыларда неврозды алдын алу Орындаған:КА-20 тобының студенті Усеинова Жанерке Тексерген:Сарсембаева А.Ш. Қарағанды,2020 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Шетел тілдер факультеті «Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы»
Слайд 2: Жоспар
1. Жоғары жүйке қызметі 2. Жоғары жүйке іс-әрекеті.Шартты және шартсыз рефлекстер 3. Темпераменттер-Гиппократ бойынша 4. И.П. Павловтың І-ші және ІІ-ші сигналдық жүйелер туралы ілімі.Динамикалық стереотип. 5.Невроз және оның пайда болу себептері 6.Невроздың алдын алу шаралары
Слайд 3
Әдебиеттер тізімі: Данилова Н.Н. Крылов А. Л. Физиология жоғары жүйке қызметі. Ростов -на-Дону: Феникс, 2005. https://kk.wikipedia.org/wiki/ Жоғары_жүйке_қызметі Ордабеков С.О., Абдрақов Б.Қ., Ахауова Г.Қ. « Жас ерешелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы » 2012 ж. « Ақ нұр » баспасы. Қ.Дүйсембин, Г.Абеуова, З.Алиакбарова. « Жасқа сай физиология және валеология», А., 2007. Рақышев А. « Адам анатомиясы » 2004ж. Сәтбаева Х. Қ., Өтепбергенов А. А., Нілдібаева Ж. Б. « Адам физиологиясы » https://stud.kz/referat/show/76581 https://kk.psichiatria.org/balalardagy-nevrozdar/ https://kk.unistica.com/ балалардағы-нейроздар-себептері/
Слайд 4
Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-өрекеті мен мінез-құлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М. Сеченов пен И.П. Павлов зерттеген.
Слайд 5
Алғаш рет психикалық қызметтің негізі ретінде рефлекстік қағиданы И.М.Сеченов (1863 ж) дәлелдеді. XX ғасырдың басында И.П. Павлов ми қыртысын зертеуде көптеген өзгерістер енгізді. Адамның мінез-құлқы негізінде, ЖЖІӘ-нің маңызды орын атқаратынын атап көрсетті. Сілекей бөліну үрдісін зерттей келе И.П. Павлов шартты рефлексті ашты. Ол шартты рефлекстің жоғарғы деңгейі тітіркендіргіш емес, оған ілесіп жүретін сигнал (ишара) екенін көрсетті.
Слайд 6: Шартты рефлекстерд і зерттей келе И.П. Павлов мидың іс-әрекеті 2 үрдістен құралатынын анықтады:
Қозу Қозудың таралуы бірнеше ағзалар мен жұйкелерді қамтып, жайылмалы реакциялар түрінде, ал үрдістің жинақталуы рефлекстік реакция мен оның мақсатының тарылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Тежелу Тежелу жинақталған және жайылмалы күйінде болады.Қыртысты тежелудің орындалуы барысында,шартты рефлексті өшіретін бірнеше түрі бар.
Слайд 7
И.П. Павлов - жануарларда (иттерде) шартты рефлекстерді қалыптастыру және бекіту кезінде, қыртыс процесстері жоғары жүйке іс-әрекеті типтерінің қалыптасуында маңызды орын алатынын көрсетті. - Күш – қозу және тежелу процесстері дәрежесі - Теңдесулік – қозу және тежелу процесстерінің қатынасы. - Жылжымалық – қозу және тежелу процесстерінің бір-біріне алмасу жылдамдығы.
Слайд 8
Жоғарғы жүйке іс-әрекеті Шартсыз рефлекс – гомеостаз тұрақтылығын сақтау үшін тұқым қуалайтын (филогенезде қалыптасқан) рефлекторлы механизмдер. Организм іс-әрекетінің осы көрінісіне сәйкес,ол барабар тітіркену әсеріне жауап ретінде тұрақты рефлекстік жолдар ішінде пайда болады. Шартты рефлекс – организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакциясы. Ол лайықты рецептор аппараты арқылы,кез келген сигналдық тітіркенудің әсеріне жауап ретінде,тұрақсыз және өзгергіш рефлекстік жолмен жүзеге асырылады.
Шартсыз рефлекс Шартты рефлекс 1. Туа біткен ; 2. Түрлік; 3. Рефлекстік доға тұрақты; 4. Рефлекстік доға қыртыс асты құрылымында тұйықталады ; 5. Рефлекс тұрақты, әрі нықты ; 6. Рефлекс арнайы рецептивтік өріске арналған тітіркендіргіште байқалады. 1. Жүре пайда болған ; 2. Жекешілдігі; 3. Рефлекстік доға тұрақсыз( уақытша байланыс); 4. Рефлекстік доға ми қыртысында тұйықталады; 5. Тұрақсыз; 6. Кез-келген индиферентті тітіркендіргіште байқалады. Шартты мен шартсыз рефлекстің айырмашылығы.
Слайд 10
Шартты сілекей бөлу рефлекстің қалыптастыруы - жануарға сілекей безіне фистула қояды - тәжірибені сауыққанан кейін жасайды; жануарларды жеке камерада ұстайды. Жануарға тағам шартты рефлексін қалыптастыру үшін алдымен индифферентті (шартты) тітіркендіргішті (қоңырау, шам) қолданып, 4-5 секундтан кейін тағаммен (шартсыз тітіркендіргіш) нықтау керек. Егер біраз қайталанғаннан кейін жарыққа, сілекей бөлінсе, онда рефлекс қалыптасқан болып табылады. Қорғаныштық шартты рефлексті қалыптастыруда шартсыз тітіркендіргіш ретінде электрлік ток қолданылады.
Слайд 12: Шартты рефлекс түрлері
І. Рецептордың орналасуына сәйкес 1. Экстероцептивті 2. Проприоцептивті 3. Интероцептивті ІІ. Шартты тітіркендіргіштің табиғатына сәйкес 1. Табиғи 2. Жасанды III. Биологиялық маңызына байланысты 1. Ас қорыту 2. Қорғаныш 3. Жыныстық 4. Бағдарлау IV. Жауап беру реакциясына байланысты 1. Тамыр қозғалтқыш 2. Сөл бөліну 3. Қимыл-әрекеттік 4. Экскреторлы және т.б. V. Рефлекстің ерекше түрі - уақытқа байланысты рефлекс VI. Үрдістің өту ағымына байланысты 1. Қозғыш 2. Тежегіш
Слайд 13
Жоғары жүйке әрекетінің қасиеттері Қозу және тежелу процестерінің күші Өзара тепе- теңдік, яғни қозу және тежелу процестерінің күшінің қатынасы Қозу және тежелу процестерінің қозғалғыштығы, яғни қозудың тежелуімен ауыстырылатын жылдамдығы және керісінше
Слайд 14
Жоғары жүйке іс-әрекетінің түрлері Күшті, теңдестірілген, жүйке процестерінің үлкен қозғалғыштығымен («тірі», жылдам, қозғалмалы түрі) Күшті, теңдестірілген, жүйке процестерінің төмен қозғалғыштығымен («тыныш», баяу, отырықшы, инертті) Күшті, теңгерімсіз, тежелуге қарағанда қозу басым (« шектеусіз » түрі ) Әлсіз, тез сарқылумен, өнімділіктің жоғалуына әкеледі («тежегіш» түрі)
И.П.Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерлерін «сигналдар» деп атады. Бірінші сигналдық жүйе – организмге сыртқы және ішкі ортадан келетін көру, есту және басқа сезім жүйелерінің сигналдары. Бұл адам мен жануарларға ортақ жүйе болып табылады. Екінші сигналдық жүйе – адамға ғана тән, яғни сөйлеуге байланысты. Оның сигналдары – еститін, оқитын және айтылатын сөз. Бірінші сигналдық жүйесімен сезілген заттардың бейнесі екінші сигналдық жүйесімен анықталады, яғни сөз арқылы түсіндіріледі. 1-ші сигналдық жүйесі сәбидің өмірінің 7-10 күндерінде қалыптаса бастайды, ал 2-ші сигнал жүйесінің даму белгілері 6 айында пайда болады. Нерв құбылыстарының негізгі қасиеттері тек 20-22 жаста ғана толық жетіледі. Сондықтан баланың жоғары жүйке әрекеттерінің топтары тұрақсыз, сыртқы ортаның жағдайларына өте тәуелді болады
Слайд 17
Динамикалық стереотип ( таптаурын ) - белгілі итіркендіргіштер бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелү жүйке процестерінің тұрақты бір із re салынған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде шартты рефлекстің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп күш жұмсауды қажет етпейді. Мәселен, егер итке күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығына бірнеше рефлекстер туғызылса ( қоңырау, метроном т.б.) және олар белгілі тәртіп бойынша жеткілікті түрде қайталанса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап реакциясының бүкіл жүйесін өзгертпей түгелімен қайта жаңғыртып шығады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерде организмнің бейімделуін, яғни ми қабығындағы қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И.П.Павлов динамикалық стереотип деп атаған. Адам мінезінің, сезімдері мен әдет-дағдыларының физиологиялық негізінде осы құбылыс жатады. Динамикалық стереотип шартты және шартсыз рефлекстер жүйесінің түрлі жағдайларда тепе- теңдігін сақтап, адамның дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруының физиологиялық негізі. Динамикалық стереотип адам өмірінде ұзақ уақыт бірыңғай түрлі мамандықта қызмет етуіне байланысты қалыптасады. Ол адамның өміріндегі кейбір жақсы, жаман әдет-мінезінің қалыптасуына да, жұмыста мамандануына да септігін тигізеді. Динамикалық стереотип — көп шартты рефлекстердің тізбегі.
Невроз шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамитын, өте жиі таралған дерт. Негізінен жүйке жүйесі әлсіреген адамдарда байқалады.
Слайд 19: Балаларда невроздың болу себептері
Балаларда невроздың болуының негізгі себептері : күрделі оқыту бағдарламасы, шамадан тыс ақыл -ой жүктемесі, көптеген қосымша іс-шаралар ( үйірмелер, факультативтер, спорттық секциялар ); балалар ұжымы мен отбасындағы қақтығыстар ( қорлау, мазақтау, келемеждеу ); оқытушылар құрамының тәжірибесіздігі мен дайын еместігі ( материалды ұсыну барысында дауыстың күшеюі, сыныпта қолайлы микроклимат құра алмау, баланың мүмкіндігіне сәйкес келмейтін шамадан тыс талаптар ); отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері, үйдегі жағымсыз орта ( мысалы, нашар оқығандары үшін қатаң жаза, өмір сүрудің қолайсыз жағдайлары, қаражаттың жетіспеушілігі ); күшті эмоционалды соққы ( ата-аналардың ажырасуы, жақын туыстарының қайтыс болуы ); организмнің физиологиялық сипаттамалары ( туа біткен және жүре пайда болған аурулардың болуы, туу жарақаты, әлсіз иммундық жүйе ).
Слайд 20: Невроздың түрлері
Невроздардың жалпы және жүйелік болып бөлінетін бірнеше түрлері бар: - Қорқу неврозы - Қайталана беретін жағдайлар неврозы - Депрессивті невроз - Истерикалық невроз - Астеникалық невроз (неврастения) - Невротикалық тұтығу - Невротикалық жыпылықтату - Ұйқының невротикалық бұзылуы -Анорексия ( тәбеттің невротикалық бұзылуы ) - Невротикалық энурез - Патологиялық әдеттер
Слайд 25
Түйіндеме Жоғарғы жүйке қызметі мен негізгі процестерінің қалыпты қасиеттерінің әрекеттік ауытқулары көптеген жійке ауруларына әкеліп соғады. Сондықтан Невроз балаларды емдеуде алдымен оның себебін анықтап алған жөн. Сонда емдеу өз нәтижесін жақсы береді. Мұндай жағдайда бала үшін негізгі дәрі қуану мен күлу болып табылады. Таза ауада жақындарымен қыдыру, өзін өте жақсы көретін, сүйенішінің бар екенін білудің әсері зор. Баланы невроздан арылтудың әдістерін психотерапевт дәрігерлер белгілейді. Мысалы : гомеопатия, гипноз, ойын және арт-терапия, сондай ақ, ертегі терапиясының көмегі орасан. Алайда, бала үшін басты ем- үйде ұрыс-керіс, жанжалдың болмауы. Отбасындағы тыныштық пен қуанышты жағдайлар невроздың алдын алады.
Слайд 26
Бақылау сұрақтары 1)Жоғары жүйке қызметі дегеніміз не? 2)Жоғары жүйке қызметін зерттеушілер кімдер? 3)Шартты және шартсыз рефлекс дегеніміз не? 4)Жоғары жүйке іс-әрекетінің түрлері қандай? 5)Гиппократ бойынша темперамент түрлері қандай? 6)Шартты рефлекстің қандай түрлері бар? 7)Динамикалық стереотип дегенді қалай түсінесің? 8)Невроз дегеніміз не? 9)Невроздың алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?
Слайд 27: Тест сұрақтары
1) Ш артты-шартсыз рефлекстер туралы ілімді ашқан: А) А.Ухтомский В) И.М.Сеченов С) В.В.Парин Д) И.П.Павлов Е) И.И.Мечников 2) Ширақ,жүйке жүйесі күшті,қозуы мен тежелуі тең адам : а)сангвиник в)холерик с)флегматик д)меланхолик 3) Ш артты рефлекс: А) туа пайда болады В) тұқым қуалайды С) жүре пайда болады Д) ұрпақтан ұрпаққа беріледі Е) ата – анасынан беріледі
Последний слайд презентации: Тақырыбы:Оқушылардың жо ғары жүйке қызметінің анатомиясы,физиологиясы
4.Жоғары дәрежелі жүйке қызметін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі А) жүйке жасушалары В) жұлын, ми С) шеткі жүйке жүйесі Д) үлкен ми сыңары Е) кезбе жүйкесі 5.1-ші, 2-ші сигналдық жүйе туралы ілімді жасады: А) А.Ухтомский В) И.М.Сеченов С) Декарт Д) И.П.Павлов Е) И.И.Мечников 6. Динамикалық стереотип деген: А) жүйке жүйесінің тыныштандыратын процесс В) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуі нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуы С) ми қабығының алабында пайда болған тежелу Д) Сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы Е) дұрыс жауабы жоқ