Слайд 2
Үй тапсырмасы Тренинг «Досыңды ізде» Оксидтің формуласын құру үшін екінші жартыңды - өз досыңды іздеп тап.
Слайд 3
Мына хатты толықтырып жазып жіберулеріңізді сұраймын. Екі... тұратын, оның біреуі... болып келетін қосылыстар... деп аталады. Оксидтер.....,.....,...... болып жіктеледі. Металдар жанғанда...... оксидтер түзіледі. Ал бейметалдар жанғанда....... оксидтер түзіледі. ...... оксидтер сумен әрекеттескенде негіз түзіледі. Қышқылдық оксид + сілті = …… +....... 7. ZnO + 2HCl =...... +....... 8. Қышқылдық оксид + негіздік оксид =...... 8 «Г» класс
Слайд 4
Мына хатты толықтырып жазып жіберулеріңізді сұраймын. Екі ЭЛЕМЕНТТЕН тұратын, оның біреуі ОТТЕГІ болып келетін қосылыстар ОКСИДТЕР деп аталады. Оксидтер ҚЫШҚЫЛДЫҚ, НЕГІЗДІК, ЕКІДАЙЛЫ болып жіктеледі. Металдар жанғанда НЕГІЗДІК оксидтер түзіледі. Ал бейметалдар жанғанда ҚЫШҚЫЛДЫҚ оксидтер түзіледі. НЕГІЗДІК оксидтер сумен әрекеттескенде негіз түзіледі. 6. Қышқылдық оксид + сілті = ТҰЗ + СУ. 7. ZnO + 2HCl = ZnCl 2 + Н 2 О 8. Қышқылдық оксид + негіздік оксид = ТҰЗ
Слайд 5
Ой қозғау: Бұл суреттер нені білдіреді? Суретке қарап бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?
Слайд 6
Күнделікті өмірде қолданып жүрген азық түліктердің, дәрі-дәрмектердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Мысалы: лимонға қышқыл дәмді – лимон қышқылы, ал алмаға – алма қышқылы, ашыған сүтке — сүт қышқылы береді.
Слайд 7
Сірке қышқылы 3000 жыл бұрын пайда болған. «Уксус» сөзі гректің « оксос » сөзінен шыққан, « қышқыл » деген мағынаны білдіреді. Күкірт қышқылы Х ғасырда пайда болған. Ашқан парсы ғалымы –Абу- бекери -Рези. Күкірт қышқылын купоростардан алғандықтан «купорос майы » деп атаған. Азот қышқылы Х V ғасырда анықталған. Тұз қышқылын « тұз спирті » деп атаған. Бұл қышқылдарды күкірт қышқылы арқылы алған. Сондықтан күкірт қышқылын « қышқылдар анасы » деп атаған.
Слайд 8
«Мағынаны тану» Қышқылдар дегеніміз - құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат. Негізгі белгісі : қышқыл дәм және күйдіргіш. Қышқыл ерітінділерді ажырату үшін арнаулы анықта ғыш – индикаторлар пайдаланылады. Оларға лакмус, метилоранж, фенолфталеин жатады.
Слайд 9
Сірке қышқылы Лимон қышқылы Алма қышқылы Құмырсқа қышқылы Бейорганикалық Қышқылдардың жіктелуі: Органикалық HCl H 2 SO 4 H 3 PO 4 H 2 CO 3 H 2 SiO 3
Слайд 10
Қышқыл-дар Аталуы Қышқыл қалдығы ( R ) Валент-тілігі R аталуы H N O 3 Азот қышқылы NO 3 І Нитрат H 2 S O 4 Күкірт қышқылы SO 4 ІІ Сульфат H 2 C O 3 Көмір қышқылы CO 3 ІІ Карбонат H 3 P O 4 Фосфор қышқылы PO 4 ІІІ Фосфат H Cl Хлорсутек Cl І Хлорид H 2 S Күкіртсутек S ІІ Судьфид H Br Бромсутек Br І Бромид ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ АТАЛУЫ
HCl HF HBr H 2 S HI HCl HF HBr H 2 S HI HNO 3 H 2 SO 4 H 2 CO 3 H 2 SiO 3 H 3 PO 4
Слайд 12: Қышқыл құрамында оттектің болу немесе болмауына байланысты:
Оттекті Оттексіз Қышқылдар
HF HCl HBr HI HNO 3 HClO 4 H 2 S H 2 SO 4 H 2 SO 3 H 2 CO 3 H 2 SiO 3 H 3 PO 4 H 3 BO 3 ? ? ?
Слайд 14
Бірнегізді HCI, HNO 3 Үшнегізді H 3 PO 4, H 3 BO 3 Екінегізді H 2 S, H 2 SO 4, H 2 SiO 3 Қышқыл құрамындағы сутектің санына қарай
Слайд 15: Қышқылдардың агрегаттық күйі - Газ тәрізді ( HCl, H 2 S ) - Сұйық ( HNO 3, H 2 SO 4 ) - Қатты ( H 2 SiO 3, H 3 PO 4 )
Слайд 17: Қышқылдардың физиологиялық әсері :
Қарын сөлінде ақуыздарды ыдырататын тұз қышқылы болады. Сүт қышқылы адамдарда қимыл-қозғалыс кезінде бұлшық еттерде пайда болады. Қышқылдардың физиологиялық әсері :
Слайд 18: Қышқылдардың медицинада қолдануы :
Аскорбин қышқылы, Ацетил- салицил қышқылы, Никотин қышқылы, Фолий қышқылы.
Слайд 19
Қышқылдарды алу. Оттекті қышқылдарды алу. Оттексіз қышқылдарды алу үшін (S, CI, Br ) сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді:
Слайд 20
«Жарнама» әдісі бойынша «Қышқылдардың индикаторға әсерін» жарнамалау. Эксперименттік бөлім: Дескриптор: Білім алушы Индикаторларға анықтама береді. Индикатор түрлерін қышқылға салғанда түстерінің өзгеретінін атап айтып бере алады.
Слайд 23
ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ КҮЙДІРГІШ ЗАТ! Теріні және ағаштан, былғарыдан жасалған заттарды күйдіреді. Егер қышқыл ерітіндісі қолыңызға тамып кетсе, дереу қатты ағынды суға жуып, сосын жарақаттанған жерді 2%- дық ас сода сы ерітіндісімен сүртіңіз.
Слайд 25
ҚЫШҚЫЛ ЖАҢБЫРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ Дескриптор: Білім алушы Қышқыл жаңбырларға сипаттама береді. Қышқыл жаңбырлардың пайда болу себептері мен шешу жолдарын ұсына алады. Тапсырманы «Фишбоун» әдісі арқылы талдап бере алады.
Слайд 27
Пайдасы Зияны ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ Венн диаграммасы Дескриптор: Білім алушы Қышқылдардың қолданылуын біледі. Қышқылдардың пайдасын ашып айтып бере алады. Қышқылдардың зияны туралы сипаттай алады.
Слайд 28
Деңгейлік тапсырма 1. Агрегаттық күйлеріне сәйкес келетін қышқыл формуласын жазыңыз: Сұйық Қатты Газ 2. Берілген бейметалл оксидтеріне сәйкес келетін қышқыл формуласын жазыңыз: SO 2 CO 2 P 2 O 5 SiO 2 SO 3 3. Әр бағанға реакция типіне сәйкес қышқылдар қатысатын бір реакция теңдеуін жазыңыз: Айырылу Қосылу Орынбасу Алмасу Дескриптор: Білім алушы Қышқылдардың агрегаттық күйлерін ажырата біледі. Қышқылдардың формуласын жазып бере алады. Қышқылдарға тән реакция теңдеулерін құрастыра алады.
Слайд 29
Дескриптор: Білім алушы Қышқылдарға байланысты реакция теңдеулерін жаза алады. Есептің берілгені бойынша белгісіз заттарды анықтай алады. Пропорция құру арқылы есепті шығара алады. Кім жылдам? (есеп шығару) 1) 25 %- дық 400 г күкірт қышқылы магний металымен әрекеттескенде қанша көлем сутегі бөлініп шығады ? 2) 141,75г азот қышқылымен қанша грамм натрий гидроксиді әрекеттесе алады? 3) 2,45моль кальций карбонаты күкірт қышқылымен әеркеттескенде қанша литр көмірқышқыл газы бөлінеді?
Слайд 30: Сәйкестендіру тесті
Қышқылдар Сипаттамасы 1. HCl А. Бірнегізді қышқыл 2. H 2 CO 3 Б. Органикалық қышқыл 3. НҒ В. Газ күйіндегі қышқыл 4. H 2 SO 4 Г. Үшнегізді қышқыл 5. Лимон қышқылы Д. Тұз спирті 6. H 2 SiO 3 Е. Тұрақсыз қышқыл 7. H 2 S Ж. Оттекті қышқыл 8. H 3 PO 4 З. Купорос майы Дескриптор -Қышқылдардың атауын сипаттамасымен сәйкестендіреді.
Слайд 32
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, тақырып соңындағы В, С деңгейінің есептерін шығару.
Слайд 34: ҚЫШҚЫЛ ЖАҢБЫРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ» Қазіргі күнгі экологиялық мәселелердің бірі – қышқылды жаңбыр. Жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді және азот оксиді ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдарын түзеді. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рН мәні 5,6-дан төмен жауын-шашынды қышқыл жаңбырлар деп атайды. Қышқылды жаңбыр көлдердегі судың да қышқылдылығын арттырады. Канада, Швеция, Финляндияның оңтүстігіндегі көлдердің қышқылдылығы жылдан-жылға артып барады. Көлдің қышқылдануы және ауыр металл иондарымен ластануы балықтардың ұрықтанып көбеюіне ғана қауіп туғызып қоймай, ол планктондардың, балдырлардың және басқа тіршіліктердің жойылуына әрі адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Қышқылданған сулар металл құбырлармен аққан кезде металдарды ерітеді, олардың улы иондары пайда болады. Нью-Иорк аумағынан алынған қышқылды суды қорғасын ыдысқа құйып, бір түн қойғанда металл иондарының мөлшері тиісті мөлшерінен асып кеткен. Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері ( оған қар да жатады ). Жаңбыр құрамында қышқылдың ( pH <5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары ( мыс., SO 2, NO 2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады. Атмосфера құрамына еңген өндіріс қалдықтары күкірт диоксиді және азот оксидтері ондағы ылғалмен әрекеттесіп күкірт және азот қышқылдарын түзеді.Соның әсерінен жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады.Әдетте рН <5,6 болса жауын - шашын « қышқыл жаңбыр » деп аталады. Күкірт және азот оксидтері металлургия өндірісінде және көмір, мұнай мен әр түрлі газдар жиналған кезде түзіліп атмосфера құрамына енеді, күкірт оксиді жылу электр станциясынан бөлінсе,азот оксиді автомобиль көлігінде жанармай жанған кезде түзіледі. Жаңбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергия және басқа аурулармен науқастануына әкеледі. Қышқыл жаңбырларды болдырмаудың негізгі тәсілі техникалық қондырғыларды қолдану арқылы күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу
Слайд 35: Мәселенің сипаттамасы
Қышқыл жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері ( оған қар да жатады ). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары ( мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады. Себептері. Азот диоксиді және күкірт оксиді сияқты заттардың атмосфераға шығарылуы (выбросы) қышқылды жаңбырдың себептері болып табылады. Табиғатта орман өрті және вулкан оның көзі болып табылады, бірақ атмосфераға бұл заттардың шығарылуы адамдардың іс-әрекеттерінен болады. Лақтырулар (выбросы) жылу электростанциясы, металлургиялық зауыттар, автокөлiктермен, азот тыңайтқыштарын қарқынды қолданылатын ауыл шаруашылықтары нәтижесніде болады. Азот пен күкірт оксидтері атмосферда су молекулаларымен қосылып, әртүрлі қышқылдар түзеді: азот, азотты, күкірт, күкіртті қышқылдар.
Слайд 36: Зардаптары
Суаттардың тотығуы олардың батпақтануына, су мекендеушiлерiнiң өліміне әкеледi. Соның нәтижесінде су экожүйесінде басталатын азық-түлiк тізбегі үзіледi. Топырақтардың тотығуы нәрлi заттардың еруiне, сонымен бiрге өсiмдiктерде өліміне немесе деградацияға әкелетін ауыр металлдардың сілтіленуіне алып келедi. Сонымен бiрге мұндай өсiмдiктерді қолдану адам денсаулығына зиян келтiруі мүмкін. Сонымен бірге адамның денсаулығы үшiн суды қолдану да зиянды болуы мүмкін. Қышқыл жаңбырлармен күресу үшін көмір электростанцияларындағы қышқыл жаңбыр түзетін лақтырулырды қысқарту керек. Ол үшін: -күкірті төмен көмірді қолдану немесе оны күкірттен тазарту. -газ тәрізді өнімдерді тазарту үшін фильтрлерді орнату. -талғаулы энергия көздерін қолдану керек. Мәселені шешу жолдары.
Слайд 37
Қышқылдардың пайдасы: 3) Тұрмыста тамақ өнеркәсібінде сірке суы, лимон қышқылы қолданылады. Жеміс-жидектерде қышқылдың орасан зор қоры бар. Жеміс қышқылын бұдан 10 мың жыл бұрын, медицина дамымай тұрған кезде адамдар жиі қолданған. Антибиотиктер жасалғанға дейін жұқпалы ауруларды емдеуге, іріңді жараларды жууға, ішек түйілгенде, тіпті оба індетіне қарсы қышқыл пайдаланылады. 1 ) Медицинада бор және тұз қышқылдары қолданылады. 2) Өнеркәсіпте шикізат есебінде және автокөлік аккумуляторларында күкірт қышқылы қолданылады. Қышқылдардың зияны: 1) Концентрлі қышқыл ағзаға түссе мүшені бұзады. 2) Қоршаған ортаны ластайды. Себебі олар тотықтырғыштар.