Первый слайд презентации
Тұрақты электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр. Электр тізбегінің шартты белгілері
Слайд 2: Оқу мақсаттары:
8.4.3.1 - электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын түсіндіру; 8.4.3.3 -ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдану; 8.4.3.2 - электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану және олардың қызметін түсіндіру
Слайд 3
Терминология Қазақша Орысша Ағылшынша Электр тогы Электрический ток Electricity Шам Лампочка Light bulb Өткізгіш Проводник Conductor Кілт Ключ Swith Резистор Резистор Resistance Аккумулятор Аккумулятор Battery / sell
Электр тогының пайда болу немесе бар болу шарттары
Слайд 6: Электр тогының әсерлері:
Слайд 7: Электр тогының әсерлері:
Жылулық әсері – ток жүріп жатқан өткізгіш қызады, электр шәйнегімен шәй қайнатамыз, үтік, обогревательдер, плойка қайнатқыш, т.б. Химиялық әсері – электр тогы арқылы ерітінділер мен балқымалардан таза химиялық затты бөліп алуға болады, дәріні адамның тек керекті жеріне ғана сіңіруге болады, т.б. Магниттік әсері – ток жүріп жатқан өткізгіштің маңайында магнит өрісі болады да, ол магнитке тартылады, магнит тілше тогы бар өткізгіштің жанында бұрылады, т.б. Физиологиялық әсері – ток соғу қаупі – адамдар мен жануарлардың денесінен ток өткенде, бұлшық еттердің жиырылуы
Слайд 8: Алғаш рет электр тогы түсінігін енгізген француз ғалымы Андре Мари Ампер. Ампердің құрметіне ток күшінің өлшем бірлігі алынған
1775-1836
Слайд 10: Ток көзінің ɛ электр қозғаушы күші (Э.Қ.К) деп бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шаманы айтады:
[ ε ] =B ( Вольт ) Э.Қ.К – ток көзінің энергетикалық сипаттамасы
Слайд 13: І -ток күші - өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында ағып өтетін зарядтың сол уақыт аралығына қатынасына тең физикалық скаляр шама. Ток күшінің формуласы:
Өлшем бірлігі: [ I ] = А - Ампер
Слайд 17: Ток күшін өлшеу құралы амперметр деп аталады. Амперметрді электр тізбегіне, барлық құралдарға тізбектеп жалғайды / қосады
Слайд 18
Тапсырма Бір ток көзінен, бір кілттен, екі шамнан, бір резистордан тұратын электр тізбегінің схемасын салыңдар Үш шамнан, ток көзінен, кілттен, екі резистордан резисторлардың біреуіне және шамдардың біреуіне жалғанған амперметрі бар электр тізбегінің схемасын құрыңдар Бір ток көзінен, бір кілттен, шамнан, резистордан, гальванометрден тұратын электр тізбегінің схемасын салыңдар