Слайд 2
Сабақтың тақырыбы: Зерттеу және зерттеушілер Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 7. 1. 1. 3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар 7. 1. 1. 5 географиялық далалық зерттеу әдістерін қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді, талдайды 7. 1. 1. 6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: сызба, диаграмма, профиль, график Сабақтың мақсаты Географиялық дереккөздермен жұмыс жасай отырып карта, сурет, мәтінмен жұмыс жасайды; ТАК тақырыбы бойынша географиялық далалық зерттеу әдістерін қолдану арқылы түсіндіреді ЕББҚ: ТАК бойынша ақпараттарды талдайды;
Слайд 3
Мағынаны тану Бейнеролик : Табиғи-аумақтық кешендердің қалыптасуы Табиғат кешеніне не жатады ? Табиғат кешенін құрайтын компаненттерге не жатады ? https://youtu.be/UVLYndrTto4?si=ErKCBQwEu8Qp7ClM
Слайд 4
№1.Тапсырма (ТЖ) Топтық жұмыс І топ 1.Географиялық қабықтың құрамына қандай қабаттар кіреді ? 2.Су, ауа, топырақ бұл ? 3.Топырақтану ғылымының негізін салған кім ? ІІ топ 1.Табиғи аумақтық кешен деген не? 2.Топырақтың қайта қалпына келуі уақыты ата. 3. Табиғат зоналары ілімін негізін салды ІІІ топ 1.Ең үлкен табиғат кешені 2.Ең құнарлы топырақ қандай ? 3. Климаттың өзгерістерін және өсімдіктерді зерттей отырып, олардың арасында тығыз байланыс бар екендігін анықтаған ғалымды атаңыз
Слайд 5
№2.Тапсырма «Салыстыру» әдісі (ЖТ) Жұптық тапсырма Қазақстанның табиғи-аумақтық кешеннің компоненттерін салыстыру Мәтін Шөл табиғи-аумақтық кешені жауын-шашынның өте аз түсуімен және ауа температурасының жоғары болуымен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктер сирек таралған, негізінен жусан, сексеуіл, баялыш сияқты құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер өседі. Жануарлар дүниесінен қосаяқ, кесіртке, жылан, түйе кездеседі. Шөл топырақтары көбіне сұр-қоңыр, құмды және сортаң болып келеді. Бұл кешеннің қалыптасуына құрғақ климат, жоғары температура, жел әрекеті және жауын-шашынның аздығы негізгі әсер етеді. Дала табиғи-аумақтық кешені қоңыржай климат жағдайында қалыптасқан. Мұнда жауын-шашын шөлге қарағанда көбірек түседі, сондықтан өсімдіктер жамылғысы жақсы дамыған. Негізгі өсімдіктері — бетеге, боз, жусан. Жануарлардан киік, қасқыр, түлкі, дала қояны таралған. Дала топырағы негізінен қара топырақ және қоңыр топырақ болып келеді. Бұл табиғи кешеннің қалыптасуына климаттың қоңыржайлығы, жеткілікті ылғал, жер бедерінің жазық болуы және күн сәулесінің мол түсуі әсер етеді. Табиғи – аумақтық кешеннің түрлері (табиғат зоналары) Өсімдігі мен жануарлары Топырағы Әр кешеннің қалыптасуына әсер ететін факторлар Шөл Дала Дескриптор: Жалпы 3 – балл: 1. Шөл мен даланың өсімдігі мен жануарларын дұрыс сипаттайды — 1 балл 2.Шөл мен даланың топырақ түрлерін дұрыс анықтайды — 1 балл 3.Әр кешеннің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды (климат, ылғал, температура) салыстырады — 1 балл 4.Қазақстанның табиғат зоналарын кескін картаға түсіру – 1 балл
Слайд 6
№3.Тапсырма (ФС) тапсырмасы. (ЖЖ) Жеке жұмыс Тізімдегі географиялық нысандарды жіктеңіз (Ніл, Виктория, Месопотамия, Анхель, Ниагара, Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран, Ертіс, Гималай, Амазонка, Монблан, Тынық, Іле, Ыстықкөл, Балқаш, Каспий, Анд, Үнді ) Дескриптор:. Жалпы 3 – балл: 1.Географиялық нысандарды жіктейді 1.Өзен мен көлдерді анықтайды -1 балл 2. Сарқырама мен мұхиттарды анықтайды – 1 балл 3. Тау мен жазықтарды анықтайды – 1 балл