ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ — презентация
logo
ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • Жоспары :
  • Ежелгі шығыс философиясы
  • Ежелгі үнді философиясы
  • «Варна» сөзі
  • ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ
  • Ведалар кезеңі
  • Буддизм ілімі
  • Джайнизм ілімі
  • Чарвака-Локаята
  • ҮНДІ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰДАЙЛАР МЕН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР;
  • Ауробиндо Гхош (1872-1950 жж.)
  • Ауробиндо Гхош
  • ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ
1/14

Первый слайд презентации: ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті Орындаған: Балтабекова К.М. Тобы: АНК-51 Тексерген: Ахметова Г. Б. Көкшетау 2016

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспары :

Ежелгі үнді философиясы 1. Үнді философиясының ерекшеліктері 2. Үнді философиясының мектептері 3. Қ ұдайлары мен негізгі ұғымдары Жоспары :

Изображение слайда

Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді - қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі мен өзара байланысы. адамгершілік, адамдар арасындағы қарым – қатынас. Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема. Ежелгі шығыс философиясы

Изображение слайда

Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы 7-6 ғасырларда брахманизмге оппозициядан басталады. Үнді қоғамы 4 – кастаға бөлінді. Абыздар ( брахмандар ) Әскери-ақсүйектер ( кшатрийлер ) Басы бос қоғам мүшелері ( вайшилер ) Төменгі каста ( шудралар ) Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден билікке масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын. Ежелгі үнді философиясы

Изображение слайда

Слайд 5: Варна» сөзі

« түс, қабық, бояу » дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна – тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады «Варна» сөзі

Изображение слайда

Слайд 6

Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері: 1) ғылыми оймен байланысының аздығы; 2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы; 3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы; 4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі; 5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

Изображение слайда

Слайд 7: Ведалар кезеңі

Ежелгі үнді философиясының алғашқы кезеңі ведалық кезең деп аталады. Ведалар – білім, қасиетті аян жолымен пайда болған білімдер, әр кезеңде жазылған кітаптар. Брахмандар – әдет-ғұрыптармен, олар бойынша қара сөздермен жазылған кітаптар Араньяктар (орманшылар кітабы) – Құдайға құлшылық ету, әдет-ғұрыптар туралы. Упанишадтар – философиялық көзкарастар, философиялық білімдер. Ведалар кезеңі

Изображение слайда

Слайд 8: Буддизм ілімі

Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда( б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар: Өмір азапқа толы; Ол азаптардың себебі бар Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар; Азаптан құтылудың кезі бар. Өмір қасірет, адам қасіреттен құтыла алмайды, қасіреттен құтылудың бір ғана жолы – Сансараға (қайта туылу) арқылы жету керек. Ол үшін адам өзінің құштарлығын, нәпсісін тиып, әр түрлі әдептілік қағидаларды мойындап, жанды таза ұстауы қажет. Адам өзінің жаман қасиеттерімен күресуі керек. Сонда ол Нирванаға жетеді. Нирвана – жанның жоғарғы рахат сезімі, өз-өзіңе үңілу, сөну дегенді білдіреді. Буддизм ілімі

Изображение слайда

Слайд 9: Джайнизм ілімі

Негізін салған Махавира Вардхамана. Джайнизм – бұл Үнді философиясында үлкен орын алады. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің басты мақсаты: адамның тіршілік мәселелері. Негізгі мазмұны – этика, адамның түрлі құштарлықтардан азат ету. Джайнизмнің басты принципі - Ахимса, яғни ешбір тірі тіршілік иесіне зиян келтірмеу. Джайнизм білімге ерекше мән береді. Білім өз құмарлығын жеңген және оған басқаларды үйрете алатын рухани ұстаздар арқылы беріледі. Сондай-ақ білім тек ұстазды тыңдау ғана емес, өзін-өзі танып білу, мінез-құлық пен іс-әрекетті қалыптастыру. Джайнизм ілімі

Изображение слайда

Слайд 10: Чарвака-Локаята

Үнді еліндегі философиялық материалистік жүйе. Олардың айтуынша, бүкіл ғалам, табиғат табиғи жолмен - дүниенің төрт негізгі элементтерінен: жер, су, от, ауа дан жаралған. Бұл элементтер белсенді және әрекетшіл. Бір күйден екінші күйге ауысып отырады. Олардың өзара әрекетінен адам, сана пайда болады, ал дене өлгенде қайтадан сол элементтерге айналады. Чарвака-Локаята

Изображение слайда

ИНДРА - найзағайдын,күн куркіреудін Құдайы; Митра – күн Құдайы; Варуна – аспан Құдайы; Агни – от Құдайы Яма – өлім құдайы; Тапас – дене інкар, жылылық; Рита – ғарыштағы тәртіп ; Пуруша - ғарыш адамы, рух, жан ; Карма – адамның тағдырын құрайтын жан - дүние ; Сансара – ғарыштағы қысылған, күйзелген жан – дүнйе әлемі Мокша – бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу ; Дхарма – заң мен әділет Құдайы ; ҮНДІ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰДАЙЛАР МЕН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР;

Изображение слайда

Слайд 12: Ауробиндо Гхош (1872-1950 жж.)

А. Гхоштың философиялық жүйесі құрылым жағынан күрделі, өйткені оның философиялық жүйесі “синтез” ұғымының төңірегінде құралған, яғни ол “синтез” ұғымынбарлық салада қолданды. Батыс пен Шығыстың мәдениетін салыстырғанда, материя мен рухты салыстырғанда қарастырды.яғни ол өз жүйесін “интегралды йога” деп анықтайды. “Интегрализм” оның дүниетанымдық мәселелерінің басқарушы принципі болып табылады. Бірақ Ауробиндоның философиялық жүйесінде интегрализнің негізгі объектісі болып үндінің діни-философиялық дәстүрлері, оның шінде веданталар мен йогаға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Ауробиндонынң бүкіл философиялық-діни жүйесі “интегралды йога( деп аталады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – адам өмірінің барлық саласында құдіреттілік, қасиеттілік орын алып, тұрақтануы, яғни адам табиғатын, іс-әрекетін, ақыл парасатын рухани дамытып, тазарту. Ауробиндо Гхош (1872-1950 жж.)

Изображение слайда

Слайд 13: Ауробиндо Гхош

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ

Назарлары ңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации