8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ — презентация
logo
8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • Қарастыратын сұрақтар:
  • Бюджет-салық саясатының мақсаттары.
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • Дискрециялық және автоматты фискалдық саясат.
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • Бюджет артықшылығының экономикаға әсері.
  • Мемлекеттік бюджеттің тапылығын қаржыландыру
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • Мемлекеттік борыш
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • Бюджет-салық саясатының IS қисығына әсері
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
  • 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
1/35

Первый слайд презентации: 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ

Изображение слайда

Слайд 2: Қарастыратын сұрақтар:

Бюджет-салық саясатының мақсаттары. Дискрециялық және автоматты фискалдық саясат. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы. Салық мультипликаторы. Баға деңгейі өзгергендегі ынталандырушы бюджет-салық саясаты. Бюджет-салық саясатының тиімділігі. Ығыстыру эффектісі

Изображение слайда

Бюджет-салық саясаты –үкіметтің мемлекеттік шығындармен, салық салуға және мемлекеттік бюджет жағдайы өзгеріне байланысты, толық жұмысбастылықты, төлем баланысының тепе-теңдігі мен инфляциясыз ЖІӨ-ді өндірудегі экономикалық өсуге қатысты іс-шараларды жүзеге асыруды мақсат етеді

Изображение слайда

Слайд 4

Бюджет-салық саясатының әсері

Изображение слайда

Дискрециялық фискалдық саясат арнайы мемлекет тарапынан хабарланады. Яғни мемлекет мемлекеттік сатып алуларды не азайтып, не көбейтеді, салық мөлшерін де өзгертеді, трансферттік төлемдер және т.б. да өзереді.

Изображение слайда

Слайд 6

Автоматты фискалдық (дискрециялық емес) саясатта «тұрғызылған стабилизаторлар немесе тұрақтандырғыштар» болады. Бұл жерде табыс салығының пайызы, жанама салық пайыздары, әртүрлі трансферттік төлемдер де тұрақтандырғышқа саналып, олардың шамалары кез-келген уақытта экономикадағы жағдайларға байланысты автоматты түрде өзгеріп отырады.

Изображение слайда

Слайд 7

Яғни, дискрециялық емес саясат — жиынтық та­быстың циклдік тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі(төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетке түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуін) дискрециялық емес саясат қарастырады.

Изображение слайда

Слайд 8

Таза салык түсімі— бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан беретір трансферттің арасындағы айырма. Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекет­тікшығындарды өсіре отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп, мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономиканың өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет артыкшылығы құрылады.

Изображение слайда

Слайд 9

Үкімттің дискрециялык саясаты ішкі уакытша кешеуілдеумен байланысты болады, өйткені, мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі. Дискрециялык емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы жэне тапшылығы дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.

Изображение слайда

Слайд 10

Кіріктірме тұрақтандырғыш— үкіметтің экономикалық саясатын еш өзгертпей-ақ өнім көлемі мен жұмыс бастылық деңгейінің циклдік амплитудасын тмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік.өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі алынады.

Изображение слайда

Слайд 11

Кіріктірме тұрақтандырғыш— үкіметтің экономикалық саясатын еш өзгертпей-ақ өнім көлемі мен жұмыс бастылық деңгейінің циклдік амплитудасын тмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік.өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі алынады.

Изображение слайда

Слайд 12

Экономика тұрақтылығының деңгейі тікелей циклдік бюджет тапшылығы мен артықшылығы көлеміне тәуелді, бұл жағдай жиынтық сұраныс тербелісінің дағдылы «амортизатор» қызметін атқарады. Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшыдығы), іскерлік белсенділікьің құлдырауы (өрлеу) жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі (азаюы) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.

Изображение слайда

Слайд 13

Циклдік өрлеу кезеңінде У 2 > У 0 үлкен болады, сондықтан сондықтан салық салымдары дағдылы өседі, ал трансферттік төлемдер дағдылы төмендейді. Нәтижесінде бюджет артықшылығы өседі және инфляциялық дүрлігіс төмендейді. Циклдік төмендеу кезеңінде У 1 < У 0, сондықтан салық дағдылы түрде төмендейді, ал трансферттер өседі. Қорыта айтқанда, салыстырмалы түрде өнім көлемі мен жиынтық сұраныс өскенде бюджет тапшылығы құлдырауды шектейді.

Изображение слайда

Слайд 14

Циклдік тапшылықтың және артықшылықтың көлемі және салық функциялары графиктерінің «шұғыл тікшелігіне» байланысты болады. Салық функциясы (Т) бұрыштық көлбеуінің шекті салық мөлшерлемесінің (t) көлеміне тәуелді болады, ал мемлекеттік шығындар функциясының (G) бұрыштық көлбеуі - у көлеміне тең, бұл шама трасферттер сомасы мен табыс көлемі өзгерісінің қатынасын сипаттайды. Сәйкес түрде, табыс деңгейі неғұрлым үлкен болған сайын, солғұрлым мемлекеттен алынатын салық мөлшері жоғары және трансферт төмен болады.

Изображение слайда

Слайд 15

Изображение слайда

Слайд 16

Егер ағымдағы табыстың динамикасын тәуелсіз мемлекеттік шығындарды (G) тұрақты деп жорамалдасақ, сол жағдайда да экономика тұрақтылығының деңгейі жоғары болады, өйткені салық мөлшерлемесі (t) «тікше» орналасады. T` жағдайында циклдік бюджеттік тапшылық және артықшылық көп болады. Сондықтан да Т жағдайымен салыстырғанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі мен өсуіне кіріктірме тұрақтандырғыш басымдау әсер етеді. Сол мезгілде экономика кіріктірме тұрақтандырғышы бюджет – салық саясатының ұзақ мерзімдік мақсаттарына – экономика әлеуетінің өсуі мен өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге ынтаны бекіту мақсаттарына қарама – қарсы келеді.

Изображение слайда

Слайд 17

Қазыналық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі әсерлерінің біреулерін таңдау күрделі макроэкономикалық таңдау болып есептеледі. Бұл проблеманы шешу өркениетті мемлекет болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын тиеді. Әлеуетті деңгеде тепе – теңдік ЖҰӨ циклдік тербелісінің себебін кіріктірме тұрақтандырғыш жоққа шығара алмайды, тек қана бұл тербелістерді шектейді.

Изображение слайда

Слайд 18

Циклдік бюджеттік тапшылық пен артықшылықтың мәндері арқылы қазыналық саясаттың әрекеттерінің тиімділігін анықтауға болмайды. Өйткені циклдік теңгерілмеген бюджеттің болуы экономиканы ресурстардың толық қамтылған жағдайына жақындата алмайды, мұндай жағдай кез келген өнім көлемінің деңгейінде бола береді. Сондықтан да экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін үкіметтің қазыналық дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі. нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы) туындайды. Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы бюджет шығындары (табысы) және табысы (шығындары) арасындағы айырма.

Изображение слайда

Бюджет артықшылығын тұрақтандыру әсерінің ең жоғары жағдайы. Бюджет артықшылығын жою. Мемле­кетік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансферттердің өсуі немесе мемле­кеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар аркылы қаржыландыруға кедергі болатын жағдайлар пайда болады.

Изображение слайда

Слайд 20: Мемлекеттік бюджеттің тапылығын қаржыландыру

Ақша – несие эмиссиясы (тиын шығару); Займ шығару ; Мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту. Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.

Изображение слайда

Слайд 21

Инфляция деңгейінің жоғарылауы жағдайында Оливер – Танзи әсері пайда болады. Өсіп келе жатқан инфляция салдарынан экономикалық ынта пайда болады, ол салықты уақытылы төлемеу, өйткені өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі.

Изображение слайда

Слайд 22

Мемлекеттік тапшылықты жою үшін тиын шығару қолда бар қаржыны эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмкін, ол басқа түрде жүзеге асырылады. Мысалы, Ұлттық банктің мемлекеттік кәсіпорындарға жеңілдетілген пайыз мөлшерімен несие беруді кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы жүзеге асырылады.

Изображение слайда

Слайд 23

Соңғы жағдайда үкімет тауар мен қызмет көрсету ақысын уақытылы төлемейді. Егер сатып алу жеке секторлардан жүргізілетін болса, онда олар бағасын алдын ала көтереді, мұндай жағдай төлемей кетуден сақтандырады. Бұл орташа баға деңгейін көтереді және инфляция деңгейін көтеріледі.

Изображение слайда

Слайд 24

Егерде мемлекеттік сектродың төленбеген қаржылары жиналып қалса, онда бұларды Ұлттық банк қаржыландырады немесе мемлекеттік тапшылық мөлшерін өсіреді. Сондықтан тиын шығаруға қарағанда, уақытылы төленбеген төлемдер бюджет тапшылығының инфляциялық емес қаржыландыруына жатса да, бұл іс жүзінде шартты бөлу екендігі белгілі.

Изображение слайда

Слайд 25

Егерде мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттік займ шығару арқылы қаржыландырылса, онда орташа нарықтың пайыз мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетін инвестицияны төмендетеді. Бұл таза экспорттың төмендеуіне, тұтыну шығындарының төмендеуіне алып келеді. Осыдан ығыстыру әсері пайда болады, ол қазыналық сясаттың ынталандырушы әсерін азайтады.

Изображение слайда

Слайд 26

Мемлекеттік облигацияны бюджеттен тыс төмен қорларға төмен пайыз мөлшерлемесімен орналастырса, онда бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыру қосымша салық салу механизміне айналады. Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту бюджет проблемасы бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын азайтып, салық базасын кеңейту мүмкін болады.

Изображение слайда

Слайд 27

Қысқа мерзімді кезеңде салық мөлшерлемесінің төмендеуі: Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғыш деңгейінің төмендеуі нәтижесінде; Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауынан пайда болатын мемлекеттік емес секторлардың ығыстыру әсерінің өсуінен (бұл құбылыс ақша ұсынысының тұрақты жағдайында, ақша нарығындағы ақша сұранысының өсуінің жоғары жағдайға реакциясы); Бюджет тапшылығын өсіру, бір мезгілде салық салудың мөлшерлемесін және бюджетке салық түсімін төмендету арқылы мүмкін болады.

Изображение слайда

Слайд 28: Мемлекеттік борыш

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін қарыз алу мемлекеттік борыштың пайда болуына апарып соқтырады. Мемлекеттік борыш – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты жинақталған сома.

Изображение слайда

Слайд 29

Мемлекет қарыз алу қажеттілігіне орай мемлекеттің несие берушілер алдындағы міндеттемесі болып табылатын мемлекеттік құнды қағаздарды шығарады және сатады. Ол қарызды әр түрлі мерзімге белгілеуі мүмкін. Қысқа мерзімдіге бір жылға дейінгі займдар жатады. Бұл жағдайда мемлекет несие берушілерге өзінің векселдерін, қысқа мерзімді борыштық міндеттемелерін ұсынады.

Изображение слайда

Слайд 30

Мерзімі бір жылдан артық займ орта және ұзақ мерзімдіге жатады. Мемлекет орта және ұзақ мерзімді займ алғанда, облигация шығарады. РФ тәжірибесінде мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер мен федералдық займның орта мерзімді облигациясы белгілі. Займдар белгілі бір мерзімге алынады. Мерзімі толғанда алынған соманы қайтару қажет. Бұған қоса, займдар белгілі бір пайызбен беріледі. Оның төлемі мемлекеттік борыштың қызмет көрсетуі деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 31: Бюджет-салық саясатының IS қисығына әсері

IS қисығының әр нүктесі берілген пайыз мөлшерлемесіндегі табыстың деңгейін көрсетеді. Кейнс кресінің қисығындағы табыс деңгейі бюджет-салық саясатымен тығыз байланысты G мен Т тұрақты десек, бюджет-салық саясатының өзгеруі IS қисығын жылжытады

Изображение слайда

Слайд 32

Е Y = E E2 =C+I+G E2 = Y 2 В E 1 =C+I+G E1 =Y1 А а) сурет. Кейнс кресі Y1 Y2 Y r В I(R) IS/ IS в) сурет. IS қисығы Y1 Y2 Y

Изображение слайда

Слайд 33

Мемлекеттік шығынның өсуі IS қисығын оңға жылжыту себебі, Кейнс кресі бюджет-салық саясатының өзгеруі жоспарланған шығындарды өзгертетіндіктен, ол табыс деңгейін дейін өсіреді. Салықтың кемуі, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді, ол IS қисығын оңға жылжытады. Салықтың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы табысты азайтып, IS қисығын солға жылжытады. Яғни, немесе және керісінше.

Изображение слайда

Слайд 34

Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін бюджет-салық саясаттың өзгерісі IS қисығын оңға жылжытса, сұранысты кемітетін бюджет-салық саясаттың өзгерісі IS қисығын солға жылжытады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 8 – ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ

РАХМЕТ!!!!

Изображение слайда

Похожие презентации