Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын — презентация
logo
Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын
  • Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын
  • Бизнес - жоспар
  • Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын
  • Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын
  • Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын
  • Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын
  • Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын
  • Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын
1/8

Тексерген:Тұсынғожин Д.Қ Орындаған: Мұқажан Мақпал

Изображение слайда

Бизнес- жоспар  — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі.  Нарықтық   ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес- жоспар, көбінесе, банктен   кредит   алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Изображение слайда

Слайд 3

Бизнес- жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады : жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет ) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады ; тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады ; бәсекелестер мүмкіндігі ( тауарларының сапасы мен бағасы ) туралы мәліметтер талданады ; маркетингтік зерттеу нәтижелері ( тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады ; өнім (не қызмет ) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады ;

Изображение слайда

Слайд 4

ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді ; жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады ; жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады ; жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады ; қаржы көздері ( жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес- жоспар   тауар,  ақша,  өндіріс факторы   қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді

Изображение слайда

Слайд 5

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар- есеп беру жылы жұмыскерлердің тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын, өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілген заңды тұлғалар.

Изображение слайда

Слайд 6

«Шағын бизнес» кәсіпорындарды- мына критерийлерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар): Жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін; Активтердің жылдық орташа жалпы құны 60 000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;

Изображение слайда

Слайд 7

Мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар; Толық серіктестік ; Сенім серіктестігі; Жауапкершілігі шектеулі серіктестік; Қосымша жауапкершілікті серіктестік; Өндірістік кооператив.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Бизнес, әлеуметтік экономикалық мән және кәсіп орын

Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субъектілерді бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады: Белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған; Жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған; Уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.

Изображение слайда

Похожие презентации