Бөж Тыныс алу — презентация
logo
Бөж Тыныс алу
  • Бөж Тыныс алу
  • Бөж Тыныс алу
  • Тыныс алу кезінде химиялық энергиялық заттарға бай, (су, көмірқышқыл газы )
  • Тыныс алу
  • Тыныс алу кезінде химиялық энергиялық заттарға бай, (су, көмірқышқыл газы )
  • Тыныс алу кезінде химиялық энергиялық заттарға бай, (су, көмірқышқыл газы )
  • Тыныс алу кезінде химиялық энергиялық заттарға бай, (су, көмірқышқыл газы )
  • Барлық тірі ұлпалар тұрақты энергия көзін қажет етеді,(жарық)
  • Барлық тірі ұлпалар тұрақты энергия көзін қажет етеді,(жарық)
  • Барлық тірі ұлпалар тұрақты энергия көзін қажет етеді,(жарық)
  • Тыныс алу мүшелері
  • Тыныс алу мүшелері
  • Тыныс алу мүшелері
  • Қорытынды
  • Назарларыңызға рахмет !
1/15

Первый слайд презентации: Бөж Тыныс алу

Қабылдаған : Медеуова Г. Д Орындаған : Серик. Ш Бөж Тыныс алу

Изображение слайда

Слайд 2

Тыныс алу кезінде химиялық энергиялық заттарға бай, ( су, көмірқышқыл газы ) Барлық тірі ұлпалар тұрақты энергия көзін қажет етеді,( жарық ) Тыныс алу мүшелері Жоспар :

Изображение слайда

Слайд 4: Тыныс алу

4 1 2 3 Тыныс алу — ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет, сондықтан, тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды, сондықтан, ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан. Key Word Key Word

Изображение слайда

5 60% 40% Барлық көп жасушалы организмдер сияқты өсімдік жасушаларының құрамында аэробты тыныс алудың жасуша орталығы — митохондрия бар. Сондықтан барлық өсімдік жасушалары тыныс алады жəне тыныс алу кезінде оттекті сіңіреді. Тыныс алу фотосинтезге қарама-қарсы процесс. Тыныс алу кезінде органикалық қосылыстар ауадағы оттектің көмегімен тотығып, энергия жəне көмірқышқыл газы бөлінеді. Тыныс алу жасушаның энергетикалық қажеттілігін өтеу үшін керек. Əсіресе ол өсімдіктің фотосинтезге қатыспайтын мүшелері — тамыр, сабақ жəне гүлдері үшін маңызды. Тыныс алу жəне фотосинтез процестерінің энергетикалық қарқындылығын салыстырамыз. Қалыпты күн жарығында өсімдіктер оттекті сіңіргеніне қарағанда 20—30 есе көп мөлшерде бөліп шығарады. Фотосинтез нəтижесінде бөлініп шығатын энергия мөлшері тыныс алу нəтижесінде бөлінетін энергиядан ондаған есе көп болады. Ал жарық жоқ кезде өсімдіктер оттекті көп сіңіреді. Сондықтан да дəрігерлер өсімдігі көп бөлмеде ұйықтауға болмайтындығын ескертеді. Ендігі кезекте фотосинтез бен тыныс алу процестерінің арасындағы байланысты қарастырайық.

Изображение слайда

Слайд 6: Тыныс алу кезінде химиялық энергиялық заттарға бай, (су, көмірқышқыл газы )

6 Тірі ағзалардағы ағзашалардың бүкіл ыдырау үдерісі 3 кезеңге бөлінеді. Кезең атауы Орны (Өтетін жері) Химиялық өзгерістер Энергетикалық нәтиже 1. Даярлық Асқорыту жүйесінде және лизосомаларда (қоректік вакуольдерде) Қорек заттары құрамбөліктерге және мономерлерге : глюкозаға, аминқышқылдарға, Қорек заттары құрамбөліктерге және мономерлерге: глюкозаға, аминқышқылдарға, глицериндерге және май қышқылдарына дейін ыдырайды АТФ-0 молекула Энергия тек жылу түрінде 2. Оттект і Жасушалар (гликолиз) Глюкоза пирожүзім цитоплазмасы немесе сүт қышқылына дейін ыдырайды АТФ-2 молекула 3. Оттексіз Митохондриялар Гликолиз өнімдерінің 02 мен өзара әрекеттесуі кезінде С02+Н20-ге дейін ыдырайды АТФ-36 молекула Сондай-ақ жылу түріндегі энергия

Изображение слайда

Слайд 7: Тыныс алу кезінде химиялық энергиялық заттарға бай, (су, көмірқышқыл газы )

7 қажетті ферменттердің болуы; митохондриялардағы үдерістер үшін оттегінің болуы; тасымалдаушы молекулалардың, коферменттердін, болуы; митохондриялық жарғақшалардың бүтіндігі қажет. төсеміктің болуы (глюкоза немесе өзге ағзалық заттар); Тынысалу үшін мына жағдайлар қажет:

Изображение слайда

Слайд 8: Барлық тірі ұлпалар тұрақты энергия көзін қажет етеді,(жарық)

02

Изображение слайда

Слайд 9: Барлық тірі ұлпалар тұрақты энергия көзін қажет етеді,(жарық)

9 Қоршаған ортамен зат алмасу-барлық тірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп,басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар асқорту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды. Нәруыздар аминқышқылдарына,көмірсулар глюкозаға, майлар глицерин мен май қышқылдарына дейін энергия бөліп ыдырайды.Олар қан мен лимфаға өтіп, біздің денеміздің мүшелерінің барлық жасушаларына жеткізіледі. Жасушаларда біздің организмімізге тән нәруыздар, майлар мен көмірсулар биосинтезінің химиялық реакциялары жүреді. Бұл биосинтезге күрделі органикалық қосылыстар ыдырағанда бөлінген энергия жұмсалады. Яғни, биосинтезбен бірге бұрын синтезделген заттардың ыдырауы жүреді. Демек, бір процесс барысында энергия жұмсалады және жинақталады,ал келесі процесс барысында, керісінше энергия бөлінеді.

Изображение слайда

Слайд 10: Барлық тірі ұлпалар тұрақты энергия көзін қажет етеді,(жарық)

10 Энергия көзі сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді. Сарқылатын минералды ресурстардың көмегімен энергия өндіру классикалық әдіске жатқызылады. Оған көмір, газ, мұнай және уран кіреді. Add Text Add Text Add Text Add Text Add Text Add Text Add Your Title Энергияны баламалы жолмен өндіру салыстырмалы түрде жаңа сектор болып есептеледі. Бұған күн сәулесі, жел, өзендегі су, жер астындағы жылу және биомассаның көмегімен энергия өндіру жатады. Бұлар сарқылмайтын әрі қоғамдық ортаға зиянсыз деп танылған. Сондықтан мұнай мен табиғи газ таусылғанда энергия тапшылығын көрмеу үшін, қазірден бастап оны өндірудің баламалы әдістерін дамыту керектігін әлемдегі барлық елде түсінеді, мүдделі. Энергияны баламалы жолмен өндіру көпжылдық зерттеу мен қыруар қаржыны талап ететіндігі, көптеген елдердің қолын байлап отыр. Бірақ ерте ме, кеш пе, бәрібір ауысу керек.

Изображение слайда

Слайд 11: Тыныс алу мүшелері

03

Изображение слайда

Слайд 12: Тыныс алу мүшелері

12 Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет. 1 – мұрын қуысы; 2 – жұтқыншақ; 3 – көмекей қақпақшасы (бөбешігі); 4 – көмекей; 5 – кеңірдек; 6 – оң жақ өкпе; 7 – бронхылар; 8 – сол жақ өкпе; 9 – кеңірдектің жартылай шеміршекті сақиналары; 10 – көкет Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см, диаметрі 15–18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды. Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген.

Изображение слайда

Слайд 13: Тыныс алу мүшелері

13 Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Көк еттің (диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп жене төмен түсуі ас қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп, ішек-қарындарға уқалау (массаж) іспетті әсер етеді. Егер адам терең дем алса, бұл әсер күштірек болады. Кеуде қуысындағы өкпе сығылып және босау арқылы жүрекке, қолқа, өкпе артериялары, жоғарғы және төменгі қуыс веналарына да, ас қорыту мүшелеріндегідей әсер етеді де, жүрек қанды сорып алуына көмектеседі. Мұнымен қатар, дем алу ырғағы жүйке жүйесі арқылы да организмге әсер етеді. Нәрестелерде тыныс аритмиясы деген ерекшелік болады: дем алғанда пульс жиілеп, дем шығарғанда және пауза кезінде азаяды. Тыныс аритмиясы, әсіресе жыныстық жетілу кезінде жақсы байқалады. Ересек адамдарда мұндай әсер болғанымен балалардағыдай айырмашылық онша көп емес. Тыныс ырғағының аз да болса, қанның қысымына, капиллярлық қан айналысына да ықпалы бар. Өз еркімен тәжірибеге қатысқан студенттерде дем шығарғанда қолдың бұлшық еттерінің күші аздап көбейгені байқалған. Тыныс ырғағы көздің жарық сезімталдығына да аздап әсер етеді.

Изображение слайда

Слайд 14: Қорытынды

14 Тыныс ырғағы адамның миының қызметіне де, әсер ететінін білу педагогтер үшін аса маңызды. Кейбір күнделікті бақылауда орын алатын жағдайларды естеріңізге алыңыз: адам аса зор ықыласпен тың тындағанда дем алу сәл уақытқа кідіреді. Дем шығарғанда ынта күшейеді, ал дем алған сәтте төмендейді. Тыныс алу жиілігі жоғары болғанда, айталық, ашуланғанда адам көңіл қойып, бар ынтасымен ойлана алмай қалады. Мұндай жағдайда ол өзін-өзі басып, тыныштандыруы тиіс. Тыныш отырып, қалыпты ырғақпен демалғанда адамның ойлау қабілеті жоғары болады. Сондықтан сабақ оқып жатқанда, оның алдында баланың көңілін өзгертетін әсерлер болмауы тиіс. Осыған байланысты гигиеналық талаптар бойынша мектепте қиын пәндердің алдына дене шынықтыру сабағын қоюға болмайды. Кей кезде баланың сабағының нашар болуы оның мұрын қуысында пайда болып өсіп кеткен аденоидтарға (мұрын қуысындағы бездердің өсуі) байланысты болады. Аденоидтарды алып тастағаннан кейін басының ауырғаны, кейбір балалардың түнде төсекке дәретке отыруы, т. б. басылады, ұйқысы жөнделеді, сөздері анық болып, сөйлеу қабілеті дұрыс дамиды.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Бөж Тыныс алу: Назарларыңызға рахмет !

Изображение слайда

Похожие презентации