Первый слайд презентации: Спирометрия
Орындаған: Айтқұлова А. Группа: 440 ЖМ Тексерген: Ахметжанова Ш. “ АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ “№1 Ішкі аурулар” кафедрасы
Слайд 2: Жоспар
Кіріспе Негізгі бөлім Жалпы түсінік Қолданылу көрсеткіштері Қолдануға қарсы көрсеткіштер Спирометрия жүргізудің техникасы Зерттеу протоколы Негізгі параметрлердің сипаттамасы Тиффно индексі Бронходилятационды сынама Қорытынды
Слайд 3: Кіріспе
Спирометрия — қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің әдісі. Спирометрия кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Алдымен бұл кеуде клеткасы мен өкпенің эластикалық қасиетін сипаттайтын статистикалық көлемдер мен сыйымдылыктар, сонымен қатар уақыт бірлігіндегі дем алу мен шығару кезіндегі тынысалу жолдарындағы ауаның көлемін анықтайтын динамикалық көрсеткіштер. Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды, ал кейбіреулері – форсирленген тыныс маневрлерін орындау кезінде.
Слайд 6
Спирометр « Адам өкпесінің ветиляциялық қасиеттерін функционалды зерттеу мен бағалауды өткізудің унифицерленген методикасы» іске асырылған. Берілген әдістеме 1996 жылы енгізілген.. Спирометр – бұл портативті және үстелүстілік құрылғы, сыртқы тыныс алудың 27 көрсеткіштерін анықтау және есептеуді іске асыратын және тексерудің қорытынды протоколын құрастыратын аппарат.
Слайд 7: Спирограф комплекті
Спирограф; Спирограф датчигі; Лазерлі немесе ағымды принтер; Еріндік (загубник) (5 дана); Мұрын қысқышы; Жүйелі шнур; Датчикке арналған шнур; Калибрлі шприц 3л; Эксплуатация бойынша әдістеме.
Слайд 8: Спирометрия
Барлық спирографтар ашық және жабық типті болады. Ашық типті аппаратта науқас атмосферлі ауаны жұтады, ал шығарылған ауа Дуглас қапшығына немесе Тисо спирометріне түседі (сыйымдылығы 100—200 л) Бұл ауа құрамынан жұтылған оттегінің көлемі мен бір мин.ішіндегі шығарылған көмірқышқыл газының көлемін анықтауға болады. Жабық типті аппаратта атмосфералық ауаға қатысы жоқ өзінің ауасы бар, көмірқышқыл газы арнайы жұтқышқа шығарылады.
Слайд 10
ӨФТС (ФЖЕЛ) бойынша теориялық қисықтарды салу. Спирографиялық қисық және өкпе вентиляциясының көрсеткіштері
Слайд 11: Спирометрияның қолданылу көрсеткіштері
1. Өкпе жеткіліксіздігінің типі мен дәрежесін анықтау. 2.Өкпе вентиляциясының көрсеткіштерін аурудың дәрежесі мен даму жылдамдығын анықтау мақсатында мониторингілеу. 3. Бронхиальді обструкциясы бар науқастарды қысқа және ұзақ әсерлі β2-агонист бронходилятаторлармен, ингаляциялық ГКС және мембрана тұрақтандырушы препараттармен курстық емдеудің нәтижесін бағалау. 4. Басқа зерттеу әдістерімен бірге өкпе және жүрек жеткіліксіздігі арасындағы ажыратпалы диагностиканы кешенді түрде жүргізу. 5. Өкпе ауруларымен науқастануға қаупі бар немесе зиянды өндіріс факторларының әсері бар жұмыс орындарында істейтін адамдарда вентиляциялық жеткіліксіздіктің алғашқы белгілерін анықтау.
Слайд 13: Қолдануға қарсы көрсеткіштер
Зерттеуді өткізуге мүмкіндік бермейтін науқас жағдайының ауыр болуы; прогрессирлеуші стенокардия, миокард инфарктісі, ми қанайналымының жедел бұзылыстары; Қатерлі артериальді гипертензия, гипертониялық криз; Жүктілік токсикоздары, жүктіліктің екінші жартысы; Қанайналымның III дәрежелі жеткіліксіздігі; Ауыр дәрежелі өкпелік жеткіліксіздік.
Слайд 14: Спирография жүргізудің техникасы
Зерттеу таңертең ашқарынға жүргізіледі, зерттеу алдында (30 мин.) Зерттелуші тыныштық қалпында болуы керек. Сонымен қатар зерттеу басталғанға дейін (12 сағ.) бронхолитик қабылдауға болмайды. Статистикалық көрсеткіштер қалыпты тыныс алуда анықталады. Ауаның орташа көлемі қалыптыда 500-800 мл. Мұнда көбінесе альвеолярлы ауа көлемі маңызды, ол газ алмасу процесіне байланысты. Пациент қалыпты тыныс шығарған соң максимальды тыныс шығарады, бұл тыныс шығарудың резервті көлемі және қалыпты тыныс алған соң максимальды тыныс алу – тыныс алудың резервті көлемі болып табылады. Статистикалық көрсеткіштер анализінде тыныс алудың көлемі есептеледі, бұл өкпе тінінің эластикалық қасиетін және тіршілік сыйымдылығын көрсетеді. Яғни жоғарыда көрсетілгендей алдымен максимальды тыныс шығару көлемі, кейін макс.тыныс алу көлемі.Мұнда форсирленген тыныс шығару көлемі ( 70-80% ). Зерттеудің соңғы сатысы ретінде өкпенің максимальды вентиляциясы анықталады, максимальды ауа көлемі ( 1 мин ішінде вентиляцияланған) төмендеуі өкпе вентиляциясының обструкциялы және рестрикциялы бұзылысын көрсетеді.
Слайд 15: ЗЕРТТЕУ ПРОТОКОЛЫНДА:
Пациент жасы, салмағы, бойы, жынысы; Зерттеу күні; Абсолютті және проценттік көрсеткіштер; Әрбір көрсеткіштің ауытқу дәрежесі; Форсирленген тыныс шығарудың процедура графигі; Зерттеу қорытындысы; Өлшенген және есептелген көрсеткіштер
Слайд 16: Негізгі параметрлердің сипаттамасы
Тест ЖЕЛ = ( өкпенің тіршілік сыйымдылығы ): ЖЕЛ (VC = Vital Capacity) - өкпенің тіршілік сыйымдылығы РOвд (IRV = inspiratory reserve volume) – резервті көлем – максимальды уақыт аралығындағы дем алатын, дем шығаратын кездегі көлем. РOвыд (ERV = Expiratory Reserve Volume) = дем шыгарудағы резервті көлем ЕВ (IC = inspiratory capacity) - дем алудағы сыйымдылық –тыныс алу көлемі мен резервтегі көлем массасы) ОЗЛ (TV = tidal volume) –жабық өкпенің сыйымдылығы ФОЕЛ (FRC = functional residual capacity) – өкпенің қалдық көлемі ОВ (RV = residual volume) – қалдық ауа.Оның көлемін тек спирометриямен гана анықтау аздық етеді. ОЕЛ (TLC = total lung capacity) - өкпенің жалпы сыйымдылығы.
Слайд 18: ӨФТС тесті
ФЖЕЛ = ФЖЕЛвыд (FVC = forced vital capacity) - (проба Тиффно). Өкпенің өмірлік форсирленген сыйымдылығы- тез арадағы және куш тускендегі дем шығару көлемі. ОФВ1 (FEV1 = forced expiratory volume in 1 sec) - 1 секунд ишиндегі дем алу-алғашқы сәттердегі дем шығарғандағы көлемі. ОФВ3 (FEV3 = forced expiratory volume in 3 sec) – 3секунд арасындағы дем шығару көлемі. ОФВпос = Опос = ОПОС (FEVPEF) - ПИК кезіндегі көлемнің жылдамдығы. СОС25-75 (MEF25-75) – 25 пен 75 арасындағы өкпенің орташа жылдамдық көлемі. СОС75-85 (MEF75-85) – 25 пен 85 арасындағы өкпенің орташа жылдамдық көлемі СОС0.2-1.2 – 200 пен 250 арасындағы өкпенің орташа жылдамдық көлемі
Слайд 20: ТИФФНО ИНДЕКСІ
ОФВ1 ( обьем форсированного выдоха) – Форсирленген тыныс шығару кезінде адамның 1-ші секундтағы тыныс шығарудағы ауа көлемі. ФЖЕЛ (функциональный жизненный объем легких) – Өкпенің өмірлік форсирленген сыйымдылығы - тез арадағы және күш тускендегі дем шығару көлемі. Бұл көлем адамның жынысына, жасына және бойына байланысты. Тиффно индексі бойынша бронхиальді обструкция дәрежесін анықтайды (ХОБЛ): норма – 70-75 %, I дәреже – 65-50 % II дәреже – 50-35 % III дәреже – менее 35 %
Слайд 23
ОФВ1 пробадан кейін – 75 % ОФВ1 пробаға дейін – 65 % ОФВ1 пробадан кей ін – ОФВ1 пробаға дейін ОФВ1 пробаға дейін Х 100 % 75 – 65 65 Х 100 % = 15,3% Қайтымды обструкция ≥12% Қайтымсыз обструкция ≤12% Бронхиальд і астма ХОБЛ
Последний слайд презентации: Спирометрия: Қорытынды
Спирометрия — қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің әдісі. Спирометрия кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Спирометрия қазіргі таңда кең қолданысқа ие болып журген бірден-бір әдіс. Болашақта ғылыми-техникалық прогресс нәтижесіне байланысты, көптеген әдістер шығады деген ойдамыз... Өкпе тіпті, бүкіл ағзалардын ауру көрсеткішін төмендету және емдеу - біздің борышымыз!