Германия Федеративтік Республикасы — презентация
logo
Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Жоспар
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Мемлекеттік туы
  • Мемлекеттік елтаңбасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Берлин қаласы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Германия Федеративтік Республикасы
  • Қорытынды
  • Германия Федеративтік Республикасы
1/25

Первый слайд презентации: Германия Федеративтік Республикасы

Орындаған: Мәжитов А.Д. Қабылдаған: Мылқайдаров Ә.Т. Германия Федеративтік Республикасы

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар

І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Мемлекеттік құрылысы 2. Халқы: а) Халқының динамикалық өсімі б) Этникалық құрылымы 3. Табиғат ресурстары мен байлықтары ІІІ. Қорытынды Жоспар

Изображение слайда

Слайд 3

Германия Федеративтік Ресрпубликасы-Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания деп те аталады. Жер аумағы 356, 96 мың км 2. 82 млн-ға жуық халқы бар. Астанасы Берлин қаласы Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33,6%-ын өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1,2 %-ын ауыл шаруашылығы өнімдері мен орман шаруашылығы береді. Экономикасының негізгі салаларына қоңыр көмір (дүние жүзінде 1 орында) мен тас көмір, қара және түсті металлургия, химия, электртехника мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жатады. Басты пайдалы қазбаларына-қоңыр және тас көмір жатады. Қоры бойынша Рур Бассейні Батыс Еуропада бірінші орынды алады. Алайда оны өндіру айтарлықтай қиындықтар туғызады. Электр энергиясы негізінен, жылу электр станцияларынан (ЖЭС) және шамамен ¼-і АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару жақсы жолға қойылған.

Изображение слайда

Слайд 4

Мемлекеттік құрылысы Германия – федеративті парламенттік республика. Жоғарғы заң шығарушы органы-парламент. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесрат үкімет өкілдері 68 мүшеліктен тұрады. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. (әр өлкеден 3-5 өкілден). Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Президент ресми түрде мемлекет басшысы деп саналғанымен, негізінде тек өкілділік міндетті атқарады. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазіргі федералды канцлері-Ангела Меркель.

Изображение слайда

Слайд 5

Изображение слайда

Слайд 6

ГФР-дің экономикалық-географиялық жағдайының маңызды ерекшелігі – ендік және меридиандық бағыттағы трансеуропалық сауда-көліктік жолдар қиылысында орналасқан оның орталық жағдайы, Балтық және Солтүстік теңіздерге шығатын кең жолдың болуы, Рейн және Дунай сияқты халықаралық өзендерді пайдалану мүмкіндігі, Батыс, Солтүстік және Шығыс Еуропаның тоғыз елімен тікелей құрлықтық көршілестігі. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады

Изображение слайда

Изображение слайда

Слайд 8: Мемлекеттік елтаңбасы

Изображение слайда

Слайд 9

Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай ГФР 16 аймақтан тұрады. Олар: 1.Бранденбург 9.Бавария 2.Берлин 10.Шлезвиг-Гольштейн 3.Саар 11.Гамбург 4.Рейнланд-Пфальц 12.Бремен 5.Гессен 13.Төменгі Саксония 6.Тюрингия 14.Мекленбург-Алдыңғы Померания 7.Саксония 15.Солтүстік Рейн-Вестфалия 8.Баден-Вютемберг 16.Саксония-Антальт

Изображение слайда

Слайд 10

Изображение слайда

Слайд 11

Әр аймақтың өз конституциясы, парламент (ландтаг және қалалық жиын) және билігі бар. Негізгі заңы – конституция 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. Негізгі Заңды федеральды конституциялы сот қадағалайды. Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді: 1.1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 2.1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. 3. Христиан әлеуметтік одағы; 4.Еркін демократиялық партиясы; 5.Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы.

Изображение слайда

Слайд 12: Берлин қаласы

Изображение слайда

Слайд 13

Халқы: а)Халқының динамикалық өсімі Қазіргі кезде Германияның 82 млн.-ға жуық халқы бар. Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халық саны жөнінен ең ірі мемлекет. Елдің демографиялық жағдайы өте күрделі, 70 жылдардың басында- ақ өлім туудан басым болып, соңғы кезде саяси босқындар тасқыны қосылып отырған тұрақты еңбек иммиграциясы салдарынан күшті депуляциядан құтылуға мүмкіндік болуда. Иммигранттардың саны жөнінен ГФР Еуропада бірінші орын алады олардың жалпы саны 7 млн. адамнан асып, барлық тұрғындардың 9%-ын құрайды. Әсіресе,1961 жылы 686 мың, 1970 жылы 2300 мың, 1982 жылы 4409 мың адамды құрады. Иммигранттардың негізгі бөлігі ірі қалаларға қоныс тепкен. Бұл жөнінен елдің ірі іскерлік, қаржы және маңызды өнеркәсіп орталығы Майндегі Франкфурт ерекше. Табиғи өсім 1946 жылдан 1965 жылға дейін төмен болды, 5-8 % 0, одан кейінгі жылдары одан да қатты төмендеп кетті.1972 жылдардан бастап, өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары болды. Қазірдің өзіңде туу көрсеткіші 10% 0 -ні құрайды, кейбір жылдары 8 % 0 дейін жеткен. Табиғи өсім 2 % 0, өлім-жітім 12 % 0.

Изображение слайда

Слайд 14

Изображение слайда

Слайд 15

Этникалық құрылымы Елдің 99% немістер, сонымен бірге датттар мен голландықтар да тұрады. Ерте кезден бастап ІІІ-ІҮ ғасырларда бұл аймақта славяндықтар мен кельттер мекен еткен. Неміс ұлтының негізін қалаған германдық көшпелі тайпалар бавар, сакс, алеман, тюрингендер болды. 90 жылдардың ортасында ГФР тұрғындарының ішінде (мың адам) түріктер - 1855, бұрынғы югославтар –шамамен 1000, итальяндықтар -560, гректер-350, поляктар-285, австриялықтар -185, румындар-165,испандар-135, француздар-90, чех және словактар-65, венгрлер-60, мароккалықтар-80, ливандар-55, Шри-Ланкадан шыққандар-45, ауғанстандықтар-40, үндістаннан-45 мың адам болды. Бұған сонымен бірге ТМД елдерінен келген немістер мен басқа эмигранттарды қосуға болады./

Изображение слайда

Слайд 16

ГФР халқының орналасуы ең алдымен өте жоғары орташа тығыздығымен сипатталынып (1 шаршы шақырымға 230 адамнан), сонымен бірге кейбір аудандарында тығыздық 1 шаршы шақырымға 1000-2000 адамнан және одан да көп келеді. ГФР Еуропадағы халқы ең тығыз орналасқан елдердің бірі. 2009 жылы 1км 2 –ге 229 адамнан келеді. Оның ішінде солтүстіктегі Рейн-Вестфалияда 1км 2 –ге 500 адамнан, Саарда 1км 2 –ге 440 адамнан, Төменгі Саксонияда 1км 2 –ге 150 адамнан келеді. Халық әр аймақта әр түрлі таралған. Халықтың ең тығыз орналасқан жері-Рейн, Майн, Неккар өзендерінің аңғарлары мен Саар облысында. Мұнымен бірге ГФР –дүниежүзілік ең жоғары урбанизациянған елдердің бірі, түрлі дәрежелі қала агломерацияларының санынан бұл аймақта бірінші орын алады. Халқының 75 % -тен астамы қалада тұрады.

Изображение слайда

Слайд 17

Ресми тілі және мемлекеттік – неміс тілі. Неміс тілінің диалектісі орталық аудандардағы немістер тобында ерекше байқалады. Ал жоғарғы және төменгі немістер арасындағы жер шалғайлығына қарамастан,оларда ортақ әдеби тіл бар. Әдеби неміс тілінің негізі жоғарғы немістер құраған диалект-саксондық тіл. Диалект айырмашылығы, әсіресе бұрынғы ГДР және ГФР арасында қатты байқалады

Изображение слайда

Слайд 18

Табиғат ресурстары мен байлықтары Германия аса жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Ұлттық табыстың жартысынан астамын өнеркәсіп береді. Басты пайдалы қазбаларына-қоңыр және тас көмір жатады. Қоры бойынша Рур Бассейні Батыс Еуропада бірінші орынды алады. Алайда оны өндіру айтарлықтай қиындықтар туғызады. Германияда калий тұзының үлкен қоры Заале мен Везер өзендерінің аралығында шоғырланған. Ал темір рудасы импорттық бәсекеге лайықты. Никель мен марганец 100 жылдан бері өндіріліп келеді. Германия түсті металдарға бай емес. Онда жанармай түрлерімен қамтылмаған. Солтүстік аймақта жылына 5-6 миллион тоннадай мұнай өндіреді, ол бұл ресурсқа деген қажеттіліктің 5 %-ын да өтемейді. Мұнда скважиналар өте төменде. Скважиналардың саны-2900.

Изображение слайда

Слайд 19

Рур Көмір Бассейні

Изображение слайда

Слайд 20

Отынды пайдалануда мұнай 1-орынға шықты, табиғи газдың үлесі өсті. 50-60 жылдарда Роттердам-Кёльн, Вильгельмсхафен- Кёльн, Марсель-Карлсруэ-Ингольштадт мұнай құбырлары салынды. Генуя мен Триестен Ингольштадқа мұнай құбырлары тартылды. Бірнеше мұнай айыру заводтары салынды.

Изображение слайда

Слайд 21

Изображение слайда

Слайд 22

Германия қоңыр көмірді кең көлемде игереді. Басты көмір бассейндері батыста Кельннен (400 м тереңдікте) Галлаға - Лейпциг және төменгі Лаузицеге дейін, оңтүстік-шығыста Берлиннен күншығыс германдық карьеріне дейін. Германияның солтүстік-батысында мұнайдың және табиғи газдың қосалқы қорлары бар. Рудалық қазынды байлықтарынан темір, қорғасын, мырыш, мыс рудалары және бейрудалары, калий тұзы өндіріледі. Лотарингия аймағы темірге өте бай. 1970 жылы 33,7 млн. тонна шойын, 45 млн. тонна болат қорытылған.

Изображение слайда

Слайд 23

Изображение слайда

Слайд 24: Қорытынды

Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33,6%-ын өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1,2 %-ын ауыл шаруашылығы өнімдері мен орман шаруашылығы береді.Экономикасының негізгі салалары: қоңыр көмір (дүние жүзінде 1 орында) мен тас көмір шығару, қара және түсті металлургия, химия, электртехникасы мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері.Машина жасаудан, әсіресе жеңіл автокөлік шығарудан Жапония, АҚШ елдерімен бәсекелестікте.Әлемде германдық автокөліктер ең алдыңғы брендті иеленіп те келеді. Ең әйгілі автокөлік маркалары «Мерседес», БМВ, «Фольсваген». Германия сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орынды алады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері (50%), АҚШ, Жапония, ТМД елдері. Қорытынды

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Германия Федеративтік Республикасы

Назарларыңызға рахмет

Изображение слайда

Похожие презентации