Оңтүстік Қазақстан обл — презентация
logo
Оңтүстік Қазақстан обл
  • Оңтүстік Қазақстан обл
  • Оңтүстік Қазақстан обл
  • Геологиясы мен кен байлықтары
  • Климаты
  • Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
  • Халқы
  • Шаруашылығы
  • Өнеркәсібі
  • Өнеркәсібі:
  • Көлігі
  • Оңтүстік Қазақстан обл
  • Оңтүстік Қазақстан обл
1/12

Первый слайд презентации: Оңтүстік Қазақстан обл

Орындаған: Әміров Б Тобы: Экономика 341

Изображение слайда

Слайд 2

Оңтүстік Қазақстан облысы  –  Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі   әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,707,459 адам (2013). Орталығы –  Шымкент   қаласы Солтүстігінде   Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала ( Шымкенттен басқа ), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

Изображение слайда

Слайд 3: Геологиясы мен кен байлықтары

Облыс жерінің көпшілік бөлігі   Тұран [ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан ( тақтатас, құмтас, әктас ), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан ( құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған ) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.

Изображение слайда

Слайд 4: Климаты

Облыстың   климаты   континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты.  Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

Изображение слайда

Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария,  Шу өзенінің   аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін   Төле би,  Түлкібас   аудандары аумағында мемлекеттік   Ақсу – Жабағылы қорығы  (1926) ұйымдастырылған.

Изображение слайда

Слайд 6: Халқы

Оңтүстік Қазақстан облысында республика халқының 15%-ы тұрады (2011). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км²-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді ) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам ) жетті. Облыс халқының басым бөлігін   қазақтар  (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), Әзірбайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам,  Сарыағаш   ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.

Изображение слайда

Слайд 7: Шаруашылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 8: Өнеркәсібі

Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен   мұнай   өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу,  тамақ   өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент,  Кент a у   қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар : “ ПетроКазахстанОйл Продактс ” ААҚ ( мұнай өңдеу ) және “ ИнтеркомШина ” ААҚ (шина шығару ). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “ Южполиметалл ” ЖАҚ ( қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер ); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары : “ Карданвал ” ААҚ ( автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын ), “ Южмаш-К ” ЖАҚ ( ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару ), “Экскаватор” ААҚ, “ Кентау трансформатор зауыты ” ААҚ, “ Түркістан-насос ” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “ Шымкентцемент ” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “ Химфарм ” ААҚ ( дәрі-дәрмек өнімдерін шығару ); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “ Адал ” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “ Қайнар ”, “Шымкент сыра”, “ Бахус-Деронсек ” АҚ-дары, “ Арай ”, “ Амангелді ” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “ Әсем-ай ”, “ Алекс ” ЖШС-тері айналысады.  Темекі   өнімдерін JTL “Central As і a” ЖАҚ-ы шығарады.

Изображение слайда

Слайд 9: Өнеркәсібі:

Изображение слайда

Слайд 10: Көлігі

Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары :  Орынбор  – Ташкент,  Түркістан  – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар : Алматы –  Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы ” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Изображение слайда

Слайд 11

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Оңтүстік Қазақстан обл

Назарларыңызға рахмет !!!

Изображение слайда

Похожие презентации