LEGO EV3 сенсорлары — презентация
logo
LEGO EV3 сенсорлары
  • LEGO EV3 сенсорлары
  • Сенсор
  • Сенсор
  • Түс сенсоры
  • Жанасу сенсоры
  • Гироскопиялық сенсор
  • Ультрадыбысты сенсор
1/7

Первый слайд презентации: LEGO EV3 сенсорлары

Орындаған: Бекмұрат Н 1503-10а тобы Қабылдаған: Тастанбек Б

Изображение слайда

Слайд 2: Сенсор

Датчик немесе сенсор – бастапқы түрлендіргіш, жүйенің өлшеу, сигнал беру, реттеу немесе басқару құрылғысының элементі, ол басқарылатын шаманы өлшеуге, беруге, түрлендіруге, сақтауға және жазуға ыңғайлы сигналдарға түрлендіреді. Өлшеу объектісінің жағдайы туралы ақпарат береді. Датчиктер автоматтандырылған басқару жүйелерінің құрылысында кеңінен қолданылады. EV3 бағдарламалау ортасындағы сенсорлар сары палитрамен ұсынылған.

Изображение слайда

Слайд 3: Сенсор

Түс сенсоры Ультрадыбысты сенсор Гироскопиялық сенсор Жанасу сенсоры

Изображение слайда

Слайд 4: Түс сенсоры

EV3 сандық түс сенсорының мүмкіндіктері: Сандармен көрсетілген жеті түрлі түсті ажыратуға болады: (1 - қара, 2 - көк, 3 - жасыл, 4 - сары, 5 - қызыл, 6 - ақ, 7 - қоңыр). Және де: сенсордың алдында түстің жоқтығын анықтау (код - 0); 100 балдық шкала бойынша бетінен шағылған жарықтың жарықтығын анықтау;; 100 балдық шкала бойынша сыртқы жарықтандырудың жарықтығын анықтау. Бұл сенсор қара сызық бойымен қозғалу, сұрыптау және т.б. тапсырмаларды шешуге көмектеседі.

Изображение слайда

Слайд 5: Жанасу сенсоры

Жанасу сенсор оның түймесі басылғанын немесе басылмағанын анықтайды, сонымен қатар бір немесе бірнеше рет басуды есептейді. Сенсордың көмегімен жұмысты жанасу арқылы бастайтын немесе аяқтайтын, лабиринттен шыға алатын, нысанды анықтай алатын роботтарды құрастыруға болады.

Изображение слайда

Слайд 6: Гироскопиялық сенсор

Сандық гиродатчик роботтың айналу бұрышы мен бағытын, сондай-ақ оның айналу жылдамдығын өлшеуге арналған. Өлшеу дәлдігі +/-30, максималды өлшеу жылдамдығы 4400/сек., сенсордың сұрау жылдамдығы 1 кГц. Гироскопиялық сенсор бір айналу осі айналасындағы қозғалысты анықтайды. Бұл бағыт сенсор корпусындағы көрсеткі арқылы көрсетіледі. Айналу бұрышы мен бағыты оң немесе теріс болуы мүмкін.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: LEGO EV3 сенсорлары: Ультрадыбысты сенсор

Сандық ультрадыбыстық сенсор ультрадыбыстық толқындарды жасайды және объектілерге дейінгі қашықтықты анықтау және өлшеу үшін олардың шағылуын оқиды. Ол сондай-ақ басқа ультрадыбыстық сенсорлардан толқындарды шығаруы немесе қабылдауы мүмкін, мысалы, бағдарламаны бастау үшін. Ультрадыбыстық сенсор өлшеу, салыстыру және күту режимінде жұмыс істейді.

Изображение слайда

Похожие презентации