3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру — презентация
logo
3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру
  • 3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру
  • 3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру
  • 3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру
  • 3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру
  • 3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру
  • 3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру
  • 3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру
1/7

Первый слайд презентации

№3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру үшін өзен учаскесін және бекеттің орнын таңдау 3.2. Учаске таңдау кезінде жүргізілетін далалық жұмыстар 3.3. Бекетті құру, жабдықтау және нивелирлеу. Бекетті ашу. Бақылаушының міндеттері 3.4. Су өлшеу бекетінің орнын ауыстыру

Изображение слайда

Слайд 2

3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру үшін өзен учаскесін және бекеттің орнын таңдау Су өлшеу бекетінің құрылғыларын орнату үшін өзен (көл, бөген) учаскесі гидрометриялық бақылаудың міндеттері мен мақсаттарына қарай таңдалады. Барлық жағдайда да бекетке орын таңдағанда су нысанының осы учаскесінің су деңгейі режимі ерекшеліктерінің толық сипатын бере алатындай орын таңдауға ұмтылу қажет. Жазыктық өзендерде бекет орналастыру үшін таңдалған учаске жайылмасыз болуы керек. Ал жайылма бар болған жағдайда, оның ені тар, анағұрлым тік және жер бедері біркелкі тегіс, жеңсалалары мен өзбойлары жоқ, ағаштар мен бұталы өсімдіктер өспейтін учаскесіне басымдылық беру керек. Жайылмасы кең жер су өтімін өлшеуді қиындатып жіберетін болғандықтан, ондай жерді таңдаудан бас тартқан дұрыс. Бекетке жақын учаскеде өзен қолтықтарға, жеңсалаларға бөлінбей бір арнаның бойымен ағуы керек. Өзен арнасы тік болуы тиіс. Өзен арнасында ағыстың бағытын бұзып, қисық ағынша туғызатын аралшалар, аралдар, құмқайырлар, сондай-ақ мұз кептелу және сең буылу кұбылыстарының пайда болуына ықпалын тигізетін көлденең еңістіктер мен кертпештер болмауы керек. Өзен арнасы тұрақты болуы керек, яғни шайылмайтын немесе арнаның түбіне тасындылар шөгіп жиылмайтын болу керек. Су өтімін өлшеуді қиындататын болғандықтан, таңдалған өзен учаскесінде ағаштың сынықтары мен бұталары іркіліп қалмайтын, арнаны өсімдіктер басып кетпейтін (қамыс, құрақ) болуы тиіс. Бекет орналасқан жер жасанды имараттардың, осы өзеннің бойында салынған су қабылдаушы туғызатын айнымалы су тежелудің таралу шегінен тысқары жерде орналасуы керек. Таңдалған өзен учаскесінде өзеннің гидрологиялық режимін бұзатын және бекеттің жұмысына кедергі келтіретін жүк айналымы өте үлкен орман биржалары мен айлақтар болмауы керек, өзеннен құм, қиыршык тастар алынбауы, суға түсетін жағажайлар болмауы, өзенге өндірістік және канализациялык суларды жіберілмеуі тиіс. Таулы өзендерде бекетке орын таңдау кезінде жоғарыда аталғандарға қосымша бекетті өзеннің ағысы қатты жерлерден, шоңғалдардан (табалдырықтан) жоғары, өзен ағысы айтарлықтай бірқалыпты баяу ағатын, жартастың сынықтары мен шойтас, қойтастармен бөгелмеген жерге орналастыруға тырысу қажет, сонымен катар арнаның тұрақтылығына баса назар аудар керек. Өзен жағалауының кұламасы өте жайпақ және тік жерлерге де бекетті орналастыру ыңғайсыз, себебі ондай жерлер бақылау жүргізуді қиындатып жібереді. Ең ыңғайлысы құламасы орташа 20-30° жағалау. Айтарлықтай үлкен көлдер мен бөгендерде су өлшеу бекеттерінің желісі, оларда жүргізілген бақылау нәтижелері су нысанының орташа су деңгейін, атап айтқанда, денивеляция жағдайында, яғни су бетінің деңгейі желдің, көлге келіп кұятын және одан ағып шығатын өзендер ағындысымен, бөгеннен су босату әсерінен бұзылған жағдайда есептеуге мүмкіндік беретіндей етіп орналасуы керек. Денивеляция шамасына су қоймасы қазаншүңқыры құрылымының морфологиялық ерекшеліктері және жағалауының ерекшеліктері (жағалау сызығының тілімделгенділігі, судың тереңдігі, суы таяз шығанақтардың бар-жоқтығы және т.с.с.) ықпалын тигізеді. Сонымен үлкен су қоймаларында су өлшеу бекеттері желісін ұйымдастыру кезінде түрлі жағдайлардағы су деңгейі тербелісінің себеп-салдарларын алдын ала зертеп алу керек. Су өлшеу бекеттерін орналастырудың ең алғашқы жобаланған сұлбасы ұйымдастырылған су өлшеу бекеттері желісінің бақылау материалдарын талдап, сараптаудан өткізгеннен кейін нақтылануы тиіс. Көлдер мен бөгендерге гидрологиялық бекеттерді орналастыру кезінде жағаға келіп соғатын су жалдары мен мұздардың бекет құрылғыларына зияны тимейтіндей болуы керек. Гидрологиялық бекетке орын таңдау кезінде жақын маңда елді мекеннің болуы ескерілуі керек. Мысалы, телефон байланыстары керек (гидрологиялық ақпараттарды жеткізу үшін қажет). Осы айтылған шарттардың бәрін орындау мүмкін емес болғандықтан, бекетті орналастырудың оңтайлы нұсқасын табу керек.

Изображение слайда

Слайд 3

3.2. Учаске таңдау кезінде жүргізілетін далалық жұмыстар Рекогносцировкалық зерттеу - алдын ала зерттеу. Бекетке орын таңдауға шықпас б ұ рын, алдымен бекет орналастырылатын учаскемен м ұ рағаттық материалдарды, ғылыми әдебиет көздеріне басылған материалдарды қарап шығу арқылы алдын ала танысу қ ажет. Учаскенің үлкен масштабты картасын тауып алу керек. Рекогносцировкалық зерттеулерді жазда жүргізген ыңғайлы, ол кезде су сабасына ( қалпына ) түсіп су деңгейі т ө мен болады. Зерттеу кезінде : өзен учаскесінің қазіргі жай-күйін оның гидрологиялық режимінің ерекшеліктерін анықтау үшін, өзенде жалпы барлау; айнымалы тежелудің бар-жоқтығын тексеру ; учаскені көз мөлшермен-буссолдық түсіру, судың тереңдіктері және ағыстың жылдамдығын анықтау; өзен режимінің ерекшеліктерін айқындау үшін жергілікті тұрғындарға сауал қ ою сияқты ж ұ мыстар жасалады. Өзен учаскесін жалпы барлау. Өзен учаскесін зерттеуді жалпы учаскені барлап шолудан бастайды. Ол үшін жергілікті жердің жағдайымен жақсы таныс, өзеннің көктемгі су тасу, су тасқыны кездеріндегі гидрологиялық ерекшеліктерін, күзгі және көктемгі сең жүру, жазғы және қыскы судың сабасына түсу ерекшеліктерін жақсы білетін адамды барлап-шолуға тартқан д ұ рыс. Учаскені барлау барысында су деңгейі өзгерістерінің ауқымы мен режимін, өзен ағысының жалпы сипатын, оның сабалық кезеңдегі арнасының жай-күйін, өзеннің су тасу және су сабасына түскен кездердегі енін, жайылмасының жалпы жай-күйін, өзен табанының және жағалауының тұрақтылығын, арнаны шөп басу жағдайын, айнымалы тежелу құбылысын туғызатын табиғи және жасанды факторлардың, реттеуші қималардың бар-жо қ тығын, жылдың түрлі маусымдарындағы өзен суының лайлылығын, сең жүру және мұз құрсаулану сипаты мен ерекшеліктерін, м ұ з кептелу және сең буылу құбылыстарының туындау себептері мүмкіндігінің бар-жоқтығын айқындау кажет. Кіші өзендер үшін өзендердің қыста түбіне дейін қатып қалу және жазда кеуіп кету мүмкіндігін анықтау керек. Осыларға қосымша су өлшеу құрылғыларын орнату үшін, жағалаудың жай-күйі бағаланады, бекет учаскесінің гидрологиялық бақылау жүргізуге қатысты ыңғайлылығы анықталады.

Изображение слайда

Слайд 4

Өзен учаскесінде айнымалы тежелуді аны қ тау. Арнаның т ұ рақсыздығы секілді, гидрометриялық өлшеулердің дәлдігін төмендететін және оларды өңдеуді қиындататын айнымалы тежелудің туындау мүмкіндігі мен оның бар-жоқтығын айқындау өте күрделі жұмыстардың бірі. Айнымалы тежелудің туындау себептері : а) зерттелетін учаскеден төмен орналасқан бөгетпен өзен ағындысының жасанды реттелуі ; ә ) белгіленген т ұ стамадан төмен жерден келіп к ұ ятын өзен салаларының табиғи су деңгейі тербелістері немесе ағын су қабылдаушылардың ( өзен, көл, теңіздер ) су деңгейлерінің тербелісі ; б) өзен арнасының уақытша мұзбен ( мұз кептелу, сең буылу ) немесе өзенмен ағызылатын салмен тарылу (арналық үйілу ); в) өзен түбін айтарлықтай өзгеріске ұшырататын арна деформациясы ; г) белгіленген түстамадан ағысты бойлай темен жакта арнаны шөп басып кету болуы мүмкін. Гидротехникалық имараттардың әсерінен туындайтын айнымалы тежелудің таралу қашыктығын (16-сурет) имаратты жобалаудың су техникалық ізденіс материалдарынан немесе имараттың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметшілерден, жергілікті т ұ рғындардан сұрау арқылы анықтауға болады. 16-сурет. Айнымалы тежелу сұлбасы

Изображение слайда

Слайд 5

Топографиялың және өлшеу жұмыстары. Топографиялық жұмыс учаске таңдалғаннан кейін барып жүргізіледі. Топографиялық жұмыстардың мақсаты - таңдалған учаскенің планын бекеттік құрылғылардың орынын көрсете отырып, су нысанының және оған іргелес жатқан жергілікті жердің пландық-биіктік белгілерімен қоса алу. Учаскені түсіру бойынша топографиялық жұмыстардың көлемі бір жағынан, су нысанының өлшеміне, екінші жағынан, жаңадан ашылғалы отырған бекетте жүргізілетін жұмыстың кұрамына тәуелді. Арнасының және жайылмасының жер бедері күрделі үлкен өзендер үшін жартылай инструменталды түсіру алғашқы алдын ала түсіру болып есептеледі. Мұндай бекеттерде барлық бекеттік құрылғыларды орнатып болғаннан кейін инструментальды пландық-биіктік түсіру жүзеге асырылады. Жартылай инструментальды түсіру кезінде: а) бекеттің биіктік белгілерін анықтау яғни пландық биіктік негізді жүргізу; ә) өзеннің көлденең және ұзына бойы қимасын нивелирлеу, тереңдіктерді өлшеу; б) жылдамдықты өлшеу және су беті ағысының бағытын анықтау; в) учаскенің жағдаятын көз мөлшермен түсіру және планын сызу; г) учаскенің баян-жазбасын жасау сияқты жүмыстар жасалады. Пландык және биіктіктік негіз ретінде магистраль мен көлденең қималар қызмет атқарады. Өзеннің ені бойынша түсіру шекарасы байқалған ең жоғары (тарихи) су деңгейінің белгісі бойынша анықталады. Түсіру шекарасы ең жоғары су деңгейі белгісінен 0,50-1,00 м жоғары болуы керек, ал ұзындығы бойынша өзеннің өлшемдері бойынша аныкталады. Су сабасына түскен кезде ені 100 м болатын өзендерде учаске өзеннің бес еселенген еніне тең болуы тиіс, ал одан анағұрлым енді өзен-дерде сабалык арнаның екі-үш еселенген еніне тең болуы керек. Жайылмасы кең өзендерде түсіру ұзындығы жайылманың ерекшеліктеріне қарай белгіленеді.

Изображение слайда

Слайд 6

Өзен учаскесінің баян-жазбасы. Баян-жазбаның негізгі міндеті өзеннің гидрологиялық режимінің негізгі сипаттары, бекеттің маңындағы өзен учаскесінің жай-күйі және гидрологиялық бақылау жағдайы жөнінде түсінік қалыптастыру үшін барлық қажетті мәліметтерді беру. Баян-жазба қажеттілігіне қарай фото-суреттермен, сызбалармен, сұлбалармен көрнекіленеді және: а) өзен, көл жөнінде жалпы мәліметтерден (өзеннің атауы, өзен алабы, өзеннің ұзындығы, көл айдынының ауданы, алаптың ауданы); ә) бекет учаскесі жөнінде жалпы мәліметтер (сағадан бастап есептегенде қанша шақырымда орналасқан, берілген тұстама үшін су жинау алабының ауданы, бекеттің атауы, станцияның орналасқан жерінің әкімшілік сипаттамалары: облыс, аудан, ауыл әкімшілігі, бекетпен байланысу құралы); б) учаскенің морфологиялық және морфометриялық сипаттамалары (өзен аңғары мен жайылмасының енін, аңғар беткейлері мен түбінің сипатын, жайылманың құрылымы, жер бедері, топырағы және өсімдік жамылғысын, сабалық арнаның пландағы сызбасын, арна жағасының сипатын, арнаның енін және ондағы тереңдіктердің таралуын, арна түбінің грунтын, өзен арнасы мен жағалауының орнықтылығын, арнаны шөп басу жағдайын, су бетінің еңістігін, өзен ағысының жалпы сипатын, ағыстың жылдамдығы мен бағытын көрсете отырып, өзен аңғары мен жайылмасының қысқаша сипаттамасын беру); в) су режимінің негізгі сипаттамалары: жылдық айналым ішіндегі су деңгейі тербелісінің жалпы сипаты, су деңгейінің маусымдық таралуы, су деңгейі тербелісінің тәуліктік сипаты, су деңгей тербелісінің орташа және ең үлкен ауытку аралығы; өзен арнасының қатып калу және құрғап кету ықтималдығы, су сабасына түскендегі және су тасу кезіндегі су өтімінің жуықтап алынған шамасы жөнінде пайымдаулар; г) қысқы режим: судың қату және сөгілу үдерістері, сең жүру және мұз жамылғысын құрсану сипаты, су іші мұзының және анжырдың пайда болу мүмкіндігі; ғ) өзенді шаруашылық мақсатта пайдалану жөнінде мәліметтер: (сумен қамту, сал ағызу, кеме қатынасы, суармалау, энергетика), өзеннің режиміне эсер етуі мүмкін бекет учаскесіне жақын жерде орналсқан су шаруашылығы имараттарына қысқаша сипаттама беру сияқты деректерден тұруы тиіс.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 3 ЛЕКЦИЯ. СУ ӨЛШЕУ БЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 3.1. Су өлшеу бекетін орналастыру

3.3. Бекетті құру, жабдықтау және нивелирлеу. Бекетті ашу. Бақылаушының міндеттері Бекетті құру және жабдықтау өзен (көл) учаскесін зерттеу кезінде жүргізілген далалық жұмыстардың материалдары бойынша жасалған жоба негізінде жүзеге асырылады. 17 Сурет

Изображение слайда

Похожие презентации