Первый слайд презентации: Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-199/2020 бұйрығы
М ейіргерлік күтім және пациенттің қауіпсіздігі
Қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде мейіргерлік күтім мен пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мейіргер — пациентпен ең көп уақыт өткізетін және оның денсаулық жағдайындағы кез келген өзгерісті алғашқы болып байқайтын маман. Пациенттің қауіпсіздігі — бұл емдеу-диагностикалық үдеріс кезінде пациентке зиян келтіру қаупін барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені. Осы рефератта мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері және стационар жағдайында пациент қауіпсіздігін сақтаудың негізгі аспектілері қарастырылады.
Слайд 3
Мейіргерлік күтім : дәрігердің қабылдауында, күндізгі немесе тәулік бойы стационарда, медицина қызметкерін, мобильді бригаданы шақыру кезінде, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру кезінде және пациентке қатысты оның уақтылы тамақтануын, дәрі қабылдауды, толыққанды ұйқыны және өмір мен емдеу үшін басқа да аса маңызды функцияларды қамтамасыз ету мақсатында орындалатын іс-шараларды, сондай-ақ денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын қамтиды. - Мейіргерлік күтім Кодекстің 127-бабының сәйкес тәулік бойы 2-тармағына дәрігерлік байқауды қажет етпейтін жағдайларда, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде ( бөлімдерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде ), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда ( мейіргерлік күтім ауруханаларында ( бұдан әрі – МКА)) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады. - Пациентті мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдарға емдеуге жатқызу ТМККК шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ( бұдан әрі – МСАК) маманының немесе медициналық ұйымның бейінді маманының жолдамасы бойынша Портал арқылы пациентті немесе оның заңды өкілін стационарға жатқызудың мерзімі туралы хабардар ете отырып, жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады. - Пациентті мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу медициналық көмек көрсетудің жоспарлы және ( немесе ) шұғыл нысанында жүзеге асырылады. - Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік бақылауды талап ететін пациенттер МКА- ға емдеуге жатқызылмайды
Слайд 4
Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік бақылауды талап ететін пациенттер МКА- ға емдеуге жатқызылмайды. - Пациентті МКА- ға емдеуге жатқызу үшін : 1) емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдердің болуы ; 2) учаскелік дәрігердің, жалпы практика дәрігерінің немесе аудандық, қалалық емхана немесе мамандандырылған медициналық ұйым маманының жолдамасының болуы көзделеді. - Пациентті МКА мейіргерінің қарап-тексеруі оның денсаулық жағдайын, емдеуге жатқызу мерзімдерін айқындау және МКА- ға емдеуге жатқызуға қарсы көрсетілімдерді анықтау мақсатында жүзеге асырылады. - Науқасты МКА-да емдеген кезде пациент туралы мәліметтер Кодекстің 7бабының сәйкес бекітілген нысан бойынша Науқастарды 31) тармақшасына қабылдауды және емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналына және медициналық картаға тіркеледі, сондай-ақ МКА Кодекстің 7-бабының 31) сәйкес бекітілген нысандар бойынша есепке алуды жүргізеді және өз тармақшасына жұмысы туралы есеп береді. - Мейіргерлік күтім түрінде стационар жағдайында көмек алған пациентті ауруханадан шығарған кезде Кодекстің 7-бабының сәйкес бекітілген 31) тармақшасына нысан бойынша статистикалық карта толтырылады. - Науқастың медициналық картасынан алынған қажетті ұсынымдары бар үзінді көшірме пациенттің қолына немесе оның заңды өкіліне қол қойғызып беріледі және бекітілген жеріндегі МСАК медицина ұйымына беріледі. - Мейіргер пациенттің биологиялық өлімін уақтылы тіркейді. - Пациент қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде мейіргерлік көмекті жүзеге асыратын мейіргер отбасына ығыр қылмайтын әдепті нысанда психологиялық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда, психологтың консультациясы тағайындалады.
Слайд 5
МКА орта медицина персоналы мейіргерлік күтім көрсеткен кезде мыналарды : 1) пациент денсаулығының жай-күйін тәулік бойы бақылауды және асқынулардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар жүргізуді ; 2 ) оларға күнделікті қарап-тексерулерді жүргізуді қоса алғанда, пациенттерге медициналық күтім жасауды ; 3 ) пациенттерді моральдық-психологиялық қолдауды ; 4) әлсіреген пациенттерді тамақтандыруды ; 5) медициналық ем- шараларды ( дене қызуын, артериялық қысымды өлшеу, компрессорларды салу, таңуды жүзеге асыру, жауыр жараларды тазалау, тазарту клизмаларын орындау және басқалар ); 6) пациенттердің денсаулық жай-күйі нашарлаған кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ; 7) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша симптоматикалық терапия кешенін ; 8) пациенттерге санитариялық-гигиеналық көмекті ( сүрту, жуу, гигиеналық ванна, тырнақтарын алу, шашын тарау,іш киім мен төсек жаймаларын ауыстыру және басқалар ); 9) МКА мейіргері тағайындаған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, оның ішінде " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы«2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының сәйкес қорғаншылық 2) тармақшасына және қамқоршылық органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды асырап алуға, қамқоршылыққа алуға, бала асырап алатын отбасыға орналастыруға жәрдемдесу бойынша іс-шараларды орындауды жүзеге асырады
Последний слайд презентации: Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Амбулаториялық жағдайларда мейіргерлік күтім амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жұмыс істеу кезеңінде жұмыс күндері үйде жүзеге асырылады. - Үйдегі мейіргерлік күтім емдеуге жатқызуды қажет етпейтін, бірақ денсаулығының жай-күйі мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттерге көрсетіледі. - Мейіргерлік күтімге мұқтаж пациенттердің тізімін МСАК ұйымдарымен медициналық ақпараттық жүйелер арқылы қалыптастырады. - Мейіргер Кодекстің 7-бабының сәйкес бекітілген нысандар 31) тармақшасына бойынша пациенттің жай-күйін бағалауды, мейіргерлік күтім жоспарын жасауды және орындауды, дәрігер жасаған тағайындауларды орындауды, анықталған проблемаларға сәйкес күтім жасау жоспарын бейімдеуді және іске асыруды, пациенттерді, отбасыларды, күтімді жүзеге асыратын адамдарды оқытуды, бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады. - Кеңейтілген практика мейіргерлері Кодекстің 127-бабының сәйкес 5-тармағына клиникалық хаттамаларға және клиникалық мейіргерлік нұсқауларға сәйкес пациенттің ( клиенттің ) жай-күйін мейіргерлік бағалауды, мейіргерлік диагноз қоюды, мейіргерлік араласу жоспарын тағайындауды және тиімділік мониторингін қамтитын тәуелсіз кәсіптік мейіргерлік күтімді жүзеге асырады. - Мейіргерлік күтім көрсету кезінде емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша ( көрсетілімдер болған кезде ) ауырсынуға қарсы терапия жүргізу және оның тиімділігін айқындау клиникалық хаттамаларға және Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша ауырсынуды бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.