Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана — презентация
logo
Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
  • Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана
1/19

ҚР ДСМ № 151 02.12.2022 ж.Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитарлық эпидемияға қарсы санитарлық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар, санитарлық қағидаларын бекіту туралы. Орындаған: Елубаева М.Т. Қабылдаған: Бектаева Г.Р. Шымкент – 2026ж

Изображение слайда

Слайд 2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығына қосымша : « Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар » санитариялық қағидалары

Изображение слайда

Слайд 3

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар МККБИ жағдайы эпидемиологиялық диагностика деректерінің, пациентте болатын ( эндогенді инфекция) және медициналық араласу жүргізумен байланысты ( экзогенді инфекция) тәуекел факторлары әсерінің негізінде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес МККБИ анықтау өлшемшарттарын ескере отырып айқындалады. 4. Медициналық ұйымдарда МККБИ жағдайы тіркелген кезде бірінші тәулік ішінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың жедел жоспары әзірленеді. 5. Пациенттің медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шыққаннан кейін инкубациялық кезең ішінде анықталған инфекциялық аурулары медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінде есепке алынуға жатады. 6. Медициналық ұйым бойынша МККБИ ретінд есепке алуға Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес : 1) жаңа туған нәрестелердің тері инфекциялары – егер үйге шығарылғаннан кейін жеті тәуліктің ішінде пайда болса, генерализацияланған түрлері – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәулік ішінде пайда болса ; 2) акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетумен байланысты инфекциялық асқынулар – үйге шығарылғаннан кейін отыз тәулік ішінде пайда болса ; 3) хирургиялық араласудың инфекциялық асқынулары – үйге шығарылғаннан кейін күнтізбелік отыз тәуліктің ішінде пайда болса, имплантант болған кезде операция жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде пайда болса есепке алынуға жатады.

Изображение слайда

Слайд 4

Денсаулық сақтау ұйымы МККБИ- ны тіркеген кезде аумақтық бөлімшеге « Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану жағдайлары туралы ақпарат ( шұғыл хабарлама ) беру қағидаларын бекіту туралы » ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21532 болып тіркелген ) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына сәйкес шұғыл хабарлама береді. 8. Медициналық ұйым қызметкері МККБИ жағдайының тіркелуі туралы мәліметтерді аумақтық бөлімшеге берген кезде пациент медициналық ұйымға келіп түскен күні, МККБИ белгілерінің пайда болған күні, шоғырландыру, бұрын алған медициналық манипуляцияларды ( бөлімше, емдеу-диагностикалық емшара түрлері ) және эпидемиологиялық деректерді көрсетеді. МККБИ- дың әрбір анықталған жағдайы « Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы » Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген ( Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24082 болып тіркелген ) Мемлекетт i к санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының инфекциялық және паразиттік ауруларды есепке алу (№267/е нысанды ) журналына енгізіледі.

Изображение слайда

Слайд 5

Медициналық ұйымға инфекция әкелінген жағдайда инфекция жұқтыру орын алған медициналық ұйымға және аумақтық бөлімшеге эпидемиологиялық деректерді және клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін көрсете отырып, бір тәулік ішінде ақпарат жіберіледі. МККБИ жағдайы анықталған кезде эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізіледі, тергеп-тексеру барысында инфекцияның көзін, оның берілу факторлары мен жолдарын анықтау, МККБИ жаңа жағдайларының тіркелуінің алдын алу бойынша шара қолданылады. 10. Медициналық ұйымдар меншік нысанына қарамастан аумақтық бөлімшелерге тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күннің ішінде әрбір МККБИ жағдайының кезеңдік есептері мен тергеп-тексеру хаттамасын ұсынады. 11. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру « Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар » санитариялық қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығында ( Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген ) көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Изображение слайда

Слайд 6

12. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеулер тізбесі мен көлемі нақты эпидемиологиялық жағдайға сәйкес айқындалады. 13. МККБИ тіркелген кезде инфекция көзін анықтау мақсатында байланыста болған адамдарда : медициналық ұйымның персоналында, адамдарды күтетін пациенттерде инфекциялық аурулар қоздырғыштарының болуына зертханалық тексеру жүргізіледі. 14. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылығы анықталған медицина персоналы диагнозын анықтау және емделу үшін инфекционистке тексерілуге жіберіледі. Тасымалдаушылар тексерілу және емделу кезеңінде санация кезінде жұмыстан шеттетіледі немесе эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады. 15. Медициналық манипуляцияларды жүзеге асыратын медицина персоналың қол гигиенасы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес медицина ұйымы қызметкерлерінің қолдарын өңдеу кезеңдерін ескере отырып жүргізіледі.

Изображение слайда

Слайд 7

16. Терінің және сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет қолданылатын стерилді қолғаппен жүргізіледі. Бір пациенттен ( донордан, реципиенттен ) артық адаммен байланыста болған кезде бір рет қолданылатын қолғаптың сол бір жұбын немесе оларды өңдегеннен кейін қайта пайдалануға жол берілмейді. 17. Бір рет қолданылатын стерилді қолғаптар кез келген хирургиялық емшараларда, босандыруда, инвазивті рентгенологиялық емшараларда, қан тамырларымен жанасу және онымен манипуляциялар кезінде ( орталық сызық ), пациенттерде ашық тыныс алу контуры бар өкпені жасанды желдетуде трахеобронхиалды діңді санациялау кезінде, қанмен, шырышты қабықтармен және зақымдалған терімен жанасқан кезде, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің болуы мүмкін кезде, қынапты тексеру кезінде, толық парентеральды қоректендіруге арналған препараттарды және химиялық-терапевтік құралдарды дайындау кезінде қолданылады. 18. Қалған медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде пациенттің зақымдалмаған терісімен жанасқанда бір рет қолданылатын стерилденбеген қолғаптар қолданылады. Бір рет қолданылатын стерилденбеген қолғаптар күре тамырға жіберу үшін жүйелерді ағытқан кезде, күре тамырға салу құрылғыларын қою немесе алып тастау кезінде кезінде қолданылады.

Изображение слайда

Слайд 8

19. Бір рет қолданылатын стерилденген, стерилденбеген қолғаптар биологиялық сұйықтықтармен ластанған кезде, сондай-ақ олардың бүтіндігі бұзылған кезде одан әрі пайдалануға жол берілмейді. Бір рет қолданылатын қолғаптарды ұзақ уақыт қолдану қажет болған кезде, жаңа қолғапты киер алдында қолды антисептикпен сүртіп, оларды әр 2 сағат сайын ауыстырып отыру қажет. 20. Денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу сапасын бактериологиялық бақылау осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу сапасын бактериологиялық бақылау жөніндегі нұсқаулықты ескере отырып жүргізіледі. 21. Медициналық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, уақтылы сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату « Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар » санитариялық қағидаларын бекіту туралы » ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген ) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ - 96/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Изображение слайда

Слайд 9

1. Медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды анықтау өлшемшарттары Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция ( бұдан әрі –МККБИ) жағдайларын анықтау науқастың жағдайын тікелей бақылаудың, стационарлық науқастың медициналық картасын, зертханалық және диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін зерделеу нәтижесі болып табылады. МККБИ-ы диагностикалық өлшемшарттардың кешені және науқасқа медициналық көмек көрсету негізінде айқындалады. 2. Зертханалық деректер клиникалық, биохимиялық және микробиологиялық зерттеулердің нәтижелерін және диагностикалық зерттеудердің, оның ішінде рентгенологиялық, ультрадыбыстық, компьютерлік томографияның, ядролық-магниттік резонанстың, радиоизотопты сканерлеудің, эндоскопияның, биопсияның және пункциялық биопсияның қосымша әдістерін қамтиды. 3. МККБИ диагнозы анықталған кезде науқастың денсаулық сақтау ұйымына инкубациялық және жұқпалы кезеңдерде келуін болдырмау қажет.

Изображение слайда

Слайд 10

2. Хирургиялық араласу саласындағы инфекциялар 4. Инфекциялық процестің шоғырлануы бойынша хирургиялық араласумен байланысты инфекциялар : тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциялары, тілік айналасындағы терең енген хирургиялық жара инфекциялары және ағзаның және қуыстың хирургиялық араласу айналасындағы инфекциялары болып бөлінеді. 5. Тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциялары операциядан кейін отыз күннің ішіде пайда болады және тек тілік айналасындағы тері мен теріасты тіндерін қамтиды. Пациентте инфекцияның мынадай белгілерінің немесе симптомдарының кемінде біреуінің : 1) үстіңгі тіліктен іріңді бөліндінің болуы ; 2) үстіңгі тілік айналасынан асептикалық жолмен алынған сұйықтықтан немесе тіннен микроорганизмдердің бөлінуі ; 3) хирургиялық тілік айналасының ауырсынуы, аздаған ісіну, қызару, температураның көтерілуі оң нәтижені көрсетеді ; 4) хирургтың немесе басқа емдеуші дәрігердің хирургиялық араласу айналасындағы үстіңгі инфекция диагнозы болуы тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциясын анықтау өлшемшарттары болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 11

6. Тілік айналасындағы терең енген хирургиялық жара инфекциясы имплантат болмаған жағдайда операциядан кейін күнтізбелік отыз күннің ішінде немесе операция жасалған жерде имплантат болған кезде бір жылдың ішінде пайда болады. Инфекцияны осы операциямен байланысты деп есептеуге негіздің болуы және тілік айналасындағы терең жұмсақ тіндерді ( фасциялды және бұлшықет қабаттарын ) қамтуы және науқаста инфекцияның мынадай белгілерінің немесе симптомдарының біреуінің : 1) осы хирургиялық араласу айналасындағы ағзадан немесе қуыстан емес, тілік тереңдігінен іріңді бөліндінің болуы ; 2) пациентте инфекцияның мынадай белгілердің немесе симптомдардың : жара себіндісі теріс нәтиже беретін жағдайларды қоспағанда қызбаның болуы (37,5 ° C жоғары ) немесе ауырсыну болған кезде жараның жиектерінің өздігінен ашылуы немесе оны хирургтың әдейі ашуы ; 3) қарап-тексеру, қайта операция жасау, гистологиялық-патологиялық немесе рентгенологиялық зерттеу кезінде терең тілік айналасында абсцесс немесе инфекция белгілерінің байқалуы ; 4) хирург немесе басқа емдеуші дәрігер хирургиялық араласу айналасындағы терең енген инфекция диагнозы болуы тілік аймағында терең хирургиялық инфекцияны анықтау өлшемшарттары болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 12

7. Хирургиялық араласу айналасындағы ағзадағы немесе қуыстағы инфекция имплантат болмаған жағдайда операциядан кейін отыз күннің ішінде немесе операция жасалған жерде имплантат болған кезде бір жылдың ішінде пайда болады. Инфекция операциямен байланысты болып есептелуі және инфекция (операция кезінде ашылған немесе алынған тері тілігінен, фасциялардан және бұлшықет қабаттарынан басқа ) организмнің кез-келген бөлігін қамтуы және науқаста инфекцияның мынадай белгілерінің немесе симптомдарының біреуінің : 1) ағзада немесе қуыста орнатылған дренажда іріңді бөліндінің болуы ; 2) ағзадан немесе қуыстан асептикалық жолмен алынған сұйықтықтан немесе тіннен микроорганизмдердің бөлінуі ; 3) қарап-тексеру, қайта операция жасау, гистологиялық-патологиялық немесе рентгенологиялық зерттеу кезінде ағзаны немесе қуысты қамтитын абсцесс немесе инфекцияның басқа да белгілерінің байқалуы ; 4) ауруханадан шыққаннан кейін отыз тәуліктің ішінде хирург немесе басқа емдеуші дәрігері қойған хирургиялық араласу айналасындағы ағзадағы немесе қуыстағы инфекция ( тиісті ағзадағы операциядан кейін пайда болған перитонит, остеомиелит, пневмония, пиелонефрит, медиастинит, эндометрит, цистит, уретрит, эндокардит) диагнозы болуы хирургиялық араласу айналасындағы ағзадағы немесе қуыстағы инфекцияны анықтау өлшемшарттары болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 13

Денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу сапасын бактериологиялық бақылау жөніндегі нұсқаулық 1. Бактериологиялық бақылау Бактериологиялық бақылау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, сондай-ақ бөлімшелер жабылғаннан кейін орындалған профилактикалық іс-шаралардың сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. Ағымдық дезинфекциялау жүргізу кезінде бактериологиялық бақылау : босандыру залдарында, операциялық блокта, ем-шара, таңу бөлмелерінде, қарқынды терапия палаталарында, сүт беру бөлмесінде, босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталарында, балалар палаталарында жүзеге асырылады. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша перзентханаларды тексеру кезінде шайындылар таза, сонымен қатар бұрын пайдаланылған заттардан да алынады. Акушерлік стационарларда әртүрлі микроорганизмдерден МККБИ туындауы мүмкін екенін ескере отырып, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша тексеру кезінде нақты жағдайға байланысты, бактериологиялық зерттеулер ауруханаішілік инфекцияны тудыруы мүмкін бактерияларға, оның ішінде стрептококктарға, жалғанмонадтарға, энтеробактерияларға және т.б. жүргізіледі. Бөлінген микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау ерекше тәртіп бойынша ( ішінара – микроорганизмдер қайта анықталған жағдайда ) және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Изображение слайда

Слайд 14

2. Зерттеу объектілерінің тізбесі : Зерттеу объектілеріне мыналар жатады : 1) ауа ортасы ; 2) медициналық құрал-саймандар ; 3) медицина персоналының қолы мен киімі, операция орнының айналасы ; 4) хирургиялық тігіс материалы; 5) қоршаған орта заттары.

Изображение слайда

Слайд 15

3. Ауаның микробтық тұқымдалуын зерттеу Ауаны бактериологиялық зерттеу ауаның 1 текше метріндегі микроорганизмдердің жалпы санын, ауаның 1 текше метріндегі зең және ашытқы саңырауқұлақтарының санын, ауаның 1 текше метріндегі стафилококк колонияларының санын анықтауды көздейді. Бұл ретте хирургтың, операция мейіргерінің жұмысына байланысты микроорганизмдердің көп пайда болуы мүмкін операция орнындағы ауа ортасының жағдайына ерекше назар аудару керек. Ауа сынамасы аспирациялық әдіспен Кротов аппараты, ПАБ, ПОВ-1 және басқа да ұқсас модельдер арқылы іріктеледі. Сынаманы іріктеу аппараты болмаған жағдайда ауаның жалпы тұқымдалуын анықтау үшін 10 минут бойы, стафилококктарды анықтау үшін 20 минут бойы ет-пептонды агары бар табақшаға микрофлораның седиментациясы ( шөгу ) әдісімен жабық үй-жайлар ауасының микрофлорасына зерттеу жүргізуге жол беріледі. Орталықтандырылған стерилдеу бөлімшелері жабдықтарының бетінен алынған шайындыларда санитариялық-көрсеткіштік және патогендік микроорганизмдердің болуына жол берілмейді.

Изображение слайда

Слайд 16

4. Стерилдікті бақылау үшін материал сынамаларын алу Тікелей операция алдында асептиканың қатаң қағидаларын сақтай отырып, стерилдікке сынамалар алу құрғақ ыдыста жүргізіледі. Стерилдікті бақылау объектілері : операциялық араласулар үшін дайындалған тігіс материалы; медициналық құрал-саймандар, операция орны, хирургтың өңдеу жүргізгеннен кейінгі қолы ; таңу материалы, іш киім, қолды құрғатуға арналған сулықтар болып табылады. Стерилдікті бақылау үшін мынадай қоректік орталар пайдаланылады : тиогликоль сорпасы, Сабуро сорпасы. Көрсетілген екі ортаға бір мезгілде себу міндетті. Өнімді немесе оның бөлігін тікелей қоректік ортаға себу кезінде ыдыстағы ортаның мөлшері сынаманы толық батыру үшін жеткілікті болуы тиіс. Тиогликоль сорпасына себуді 37 0 С температурада термостатта, Сабуро ортасына 20-22 0 С температурада ұстайды. Себінді 8 тәулік бойы термостатта инкубацияланады. Материалды стерилдікке зерттеуді ( тігіс материалы, құрал-сайман, таңу материалы) БАТРАК 4100 экспресс- анализаторында жүргізуге болады. Өсіру мерзімі мен нәтижелерін есепке алу аппаратқа қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Изображение слайда

Слайд 17

5. Операция орнының терісін және хирургтардың қолдарын өңдеудің тиімділігін бактериологиялық бақылау Операция орнының сыртқы денесі мен хирургтардың қолынан алынған шайындыларды стерилденген сулықтармен ( мөлшері 5 те 5 см) немесе стерилденген физиологиялық ерітіндіге малынған тампонмен жүргізеді. Алақанды, екі қолдың да тырнағының айналасын және саусақ арасын мұқият сүртеді. Сынама алынғаннан кейін тампонды стерилденген физиологиялық ерітіндісі бар түтікшеге салады, ол 5,0 мл тиогликоль ортасы бар екі түтікшеге 0,5 мл-ден егіледі. Себіндіні 37 0 С температурада 48 сағат бойы инкубациялайды. Нәтижелерді есепке алу : операция орнының сыртқы денесін және хирургтардың қолын сүрту қоректік ортада микроорганизмдердің өсуі болмаған кезде тиімді болады.

Изображение слайда

Слайд 18

6. Қоршаған орта заттарының микробтық тұқымдалуын зерттеу Денсаулық сақтау ұйымдарында қоршаған орта заттарының микробтық тұқымдалуын бактериологиялық зерттеу таза және бұрын пайдаланылған заттардан алынған ішек тұқымдас, стафилококктар және көк іріңді таяқшалардың микроорганизмдердін анықтауды көздейді. Бақылау объектілері: польстер, кереует, жаңа туған нәрестелерді қабылдауға дайындалған науа; шырышты соруға арналған аппарат баллоны, вакуум-экстрактор шлангі; жаңа туған нәрестені бастапқы және қайталанған өңдеу жиынтығы; акушерлердің алжапқышы, өкпені жасанды желдету аппараты, оттегі жеткізгіш саптамасы мен шлангі; жаңа туған нәрестені орауға арналған үстел, таразы; көз таяқшалары, тамшуырлар; құрал-сайман үстелінің беті, дәрі-дәрмектер мен құрал-саймандарды сақтауға арналған медициналық шкаф сөрелері, қызуөлшегіш, тоңазытқыштың ішкі беті; хирургтардың, анестезиологтардың, акушер-гинекологтардың, неонатологтардың, акушерлердің, емшара жасайтындардың, балалар мейіргерлерінің қолдары; қоспаларды құюға және дайындауға арналған ыдыс, мақта шариктері және дәке сүрткіштер; операция жасайтын үстел, анестезиолог үстелі, операция жасалған науқастарды тасымалдауға арналған каталкалар; тазалау жүргізуге арналған шүберек.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана

Қолданылған әдебиеттер : https://bestprofi.com/document/2830951835?0

Изображение слайда

Похожие презентации