Первый слайд презентации
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Инжиниринг» факультеті «Құрылыс инжиниринг» кафедрасы Орындаған Кад-19-1 студенті: Дүйсен Аружан Тексерген: Суйменова Маржан Теодолиттердің құрылысы
Слайд 2
Өлшеулер Теодолит – горизонталь және вертикаль бұрыштарды және жіптік қашықтық өлшеуіштің көмегімен ара қашықтықты өлшеуге арналған маркшейдерлік-геодезиялық аспап [2]. Зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған Теодолиттер, әдетте буссольдармен, ал олардың кейбіреулері дүрбісінде цилиндрлі деңгейлеуіштер және қашықтық өлшеуіш саптамамен жабдықталады. Теодолиттер дәлдігіне байланысты жоғарғы дәлдікті және техникалық болып, санақ құрылғысына байланысты верньерлік және оптикалық болып бөлінеді
Слайд 3
Теодолит аспабының геометриялық тəсімі жəне негізгі құрылысы Теодолит аспабы жазық жəне тік бұрыштарды өлшеуге арналған. 10529-97 ГОСТ бойынша теодолиттер дəлдігіне қарап оларды жоғарғы дəлдікті ТО5, Т1 (бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қатесі 0,5 – 1//), дəл Т2, Т5 (бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қатесі 2 – 10//) жəне техникалық Т15, Т30 (бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қатесі 15 – 30//) деп бөледі. Соңғы топтағы теодолиттер құрылыс-монтаждау жұмыстарында кеңі- нен қолданылады. Теодолиттердің маркасы олардың дəлдігін көрсетеді, мысалы, Т30 теодолитімен бұрышты өлшеудің орташа квадраттық қатесі ± 30//. Теодолитті күту жəне жұмысқа дайындау Теодолит аспабын пайдалануда, оны күтіп ұстау, ақау түсірмеу, дұрыс тасымал- дау, қорапқа салу, буып-түю өлшеу нəтижелеріне көп ықпалын тигізеді, сондықтан төмендегі жағдайлармен таныс болу керек:
Слайд 4
Теодолит аспабының геометриялық тəсімі жəне негізгі құрылысы Теодолитті буып-түйіп қорабына салумен тиянақты танысу; Теодолиттің көтергіш бұрандалары ортаңғы жағдайына келіп тұрулары керек; Аспап бөліктері, жетекші бұрандаларының айналуы бір- қалыпты жəне шайқалыссыз болуы керек; Есеп алу цифрлары, заттардың дүрбіден көрінуі жəне дүрбі ішіндегі жіп торының кескіндері анық болулары керек; Тасымалдағанда аспаптың қорап ішінде немесе үштағанға (штатив) дұрыс бекітілгенін қадағалап отыру керек; Тасымалдау кезінде аспапты тік қалпында ұстау қажет
Слайд 5
Т еодолиттерінің құрлыстары : Т еодолит табаны 1 (сурет ) тұғырықпен – 2 жалғасқан, оның теодолитті қалыпты жағдайға келтіру үшін жасалған арнайы үш бұралмалы көтергіш аяқшалары – 3 бар. Жазық бұрыштарды өлшеуге арналған, лимб жəне алидада орналасқан дөңгелек қорап – 4. Лимбты бе кіту жəне жайлап бұру (жетекші) бұрандалары – 5. Алидаданы бекіту жəне жайлап бұру бұрандалары – 6. Тік бұрышты өлшеуге арналған, лимб жəне алидада орналасқан тік дөңгелек қорап – 7. Көру дүрбісі 8. Дүрбіні жайлап бұру жəне бе- кіту бұрандалары – 9. Есеп алу құрылғысының окуляры – 10. Есепалу құрылғысына жарық беру айнасы – 11. Цилиндрлік деңгей – 2Т30М теодолитінің ерекшеліктерінің бірі, лимбті бекіту жəне оның жетекші бұрандасы жоқ, оның орнына лимбті бекіту жəне босату шүріппесі – 13 орнатылған.
Слайд 6
Теодолитті жұмысқа қосу Теодолитті жұмыс істеу қалыпты жағдайына келтіру үшін, оны бұрышы өлшенетін нүктенің (қосынның) үстіне дəл орнату жəне бабына келтіру керек. Бұрыш өлшеу нүктесінің үстіне үштаған орнатып, арнаулы бұранда арқылы теодолитті соған бекітеді. Теодолитке тіктеуіш ілініп, нүкте үстіне оның дəл келуін қадағалайды. Бұл жұмыстар шама- мен орындалғаннан кейін, аспапты қалыпты жағдайға деңгеймен тексере отырып келтіреді. Аталған жұмыстар мына ретпен орындалады: Алидада үстіндегі цилиндрлік деңгейді көтергіш екі бұрандаға параллель қойып, оның көпірікшесінің ортаға келуін көтергіш бұрандаларды бір бағытта, бір уақытта бұрау арқылы (екі көтергіш бұранданы бір уақытта қарай немесе сыртқа қарай) іске асыру керек; а) 2Т30 теодолитінің есеп ə) Т30 теодолитінің есеп алу шкаласы алу шкаласы б) 2Т30М теодолитінің есеп алу шкаласы
Слайд 7
Теодолитті жұмысқа қосу Аспапты жан-жағына 90-180 градусқа бұрып, деңгей көпір- шігінің ауытқымауын қадағалайды Цилиндрлік деңгейді 90 градусқа бұрып, үшінші көтергіш бұранда арқылы деңгей көпіршігін ортаға келтіреді Теодолитті бекіткен бұранданы босатып, аспапты үштаған үстінде жылжыту арқылы нүкте үстіне дəлдейді.
Слайд 8
Жазық бұрыштарды теодолитпен өлшеу Жазық бұрышты теодолитпен өлшеу үшін, оны өлшенбекші бұрыштың төбесіне, дүрбі көзделетін екі нүктеге қадалар орнаты- лады да, аспапты қалыпты жағдайға келтіреді. Теодолитті орнату үш жауапты жұмыстардан тұрады. Центрлеу – теодолитті нүкте үстіне дəл қою Теодолитті қалыпты жағдайға келтіру (аспапты нивелирлеу депте атай береді) Көздеу дүрбісінің фокустық ара- қашықтығын ретке келтіру
Слайд 9
Өлшеулер Аспапты қалыпты жағдайға келтіру деп аспапты үш көтергіш бұрандалары арқылы, оның үстіне орнатылған цилин- дрлік деңгейді пайдаланып жазық жағдайға келтіруді айтады. Ол үшін, деңгейді көтергіш екі бұрандаға параллель қояды да, оларды бір уақытта, бір жаққа бұрай отырып, деңгей көпіршігінің ортасына келтіреді. Əрі қарай алидаданы 90 0 бұрады да, үшінші көтергіш бұрандамен деңгей көпіршігін ортасына келтіреді. Бұл айтылған жұмысты, деңгей көпіршігі аспапты қай жаққа бұрсаң да, ортасында қалатын жағдайға дейін жалғастырады. Теодолитті нүкте үстіне дəл қою (центрлеу) дегеніміз – аспаптың тік осі өлшенбекші бұрыш арқылы өтуін қадағалау. Ол үшін теодолитті нүкте үстіне көз мөлшерімен орнатып, үштағанның (штативтің) аяқтарын бекітеді де аспапты шта- тивке бекітетін бұрандасын бұрау арқылы босатады. Бұл кезде үштағанның жоғарғы аспап орнататын алаңы жазық жағдайға жобамен келіп тұруы керек. Аспаптың астына тіктеуіш іліп, оны нүктенің тура ортасына дəлдейді. Теодолитті үштаған үстімен жылжыта отырып, оның нүкте ортасына келуін қадағалайды Аспап дүрбісін қалыпты жағдайға келтіру дегеніміз – дүрбі ішіндегі тор жіптері жəне бақыламақшы нүктенің (заттың) анық көрініп тұруына қол жеткізу.
Слайд 10
Жазық бұрышты қайталау əдісімен өлшеу Толық бір қайталау əдісі төмендегі ретпен іске асады: Дүрбіні өз өсінен зенит арқылы аударып алып, лимбті боса- ту арқылы соңғы белгіге (А) бағыттау (бұл жолы есеп алынбайды); Лимбті бекітіп, алидаданы босату арқылы, сағат тілінің бағытына қарсы бұрып, алдыңғы белгіге (В) бағыттау жəне а 3 – есебін алу; Геодезиялық тəжірибеде қайталау əдісі жиі қолданылады, сондықтан төменде қайталау əдісінің мазмұны берілген.
Слайд 11
Горизонталь бұрыштарды өлшеу Горизонталь бұрыштарды өлшеу — теодолиттің құрылмасына, өлшеудің шарттарына және қойылатын талаптарға байланысты горизонталь бұрыштарды өлшеудің жеке бұрыш, айналма, қайталаулар әдістері бар
Слайд 12
Горизонталь Олардың горизонталь жазықтықтарының проекциялары а және b. Кеңістіктегі АОВ горизонталь бұрышты өлшеу дегеніміз сол бұрыш қабыргалары OA және ОВ проекцияларының ( оа және о b) арасындағы β бұрышын өлшеу болып табылады. Демек, aob бұрышы АОВ бұрышының жазық проекциясы. Горизонталь аов бұрышын К' горизонталь дөңгелегі бойынша өлшеуге болады. К' дөңгелегі градустық шкалаларга бөлінген, ал центрі Р " және Р ә тік жазықтықгарының қиылысу сызығы арқылы-ОО'өтеді. Дөңгелектің Р 1 және Р 2 жазықтықтармен қиылысу нүктелері а және b арқылы еКі есеп алып, олардың айырмашылыгын тапсақ, ол олшенетін горизонталь бұрышқа, немесе аов = β- ның мәніне тең болады. Демек, горизонталь бұрышты өлшейтін аспаптың негізгі лимб деп аталатын градустық және ұсақ бөліктері бар горизонталь дөңгелектен жылжымалы визірлік вертикаль жазықтықтан тұрады. Егер дөңгелектегі бөлшек цифрлары сағат тілінің айналу бағытымен белгіленсе, β бұрышы лимбпен алынған екі есептің (а және b) айырмасына тең болады, яғни Р=а-Ь. Бұрыштық өлшеулер Вертикаль Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі сызықтардың бағыттарына дейін есептегендегі бұрыштар V 1 және v 2 көлбеу бұрыштары болып табылады. Вертикаль бұрыштарды градустың шкалаларға бөлінген вертикаль дөңгелек арқылы өлшеуге болады.