Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе — презентация
logo
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
1/11

Первый слайд презентации

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Орындаған :  Рахметқалиева  Бақыт​ СПиС –   3 01 Тексерген : Жубатырова Ботагоз Есту, көру, сөйлеу, зияты, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 2

Инклюзивтік білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балаларды мынадай топтарға біріктіре отырып оқыту ұйымдастырылған. Олар : 1. Есту қабілеті бұзылған балалар 2. Көру қабілеті бұзылған балалр 3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар 4. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар 5. Психикалық дамуы тежелген балалар 6. Ақыл-ой кемістігі бар балалар

Изображение слайда

Слайд 3

Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық – педагогикалық сипаттама

Изображение слайда

Слайд 4

Тірек-қозғалыс аппараты мен зияты бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

Изображение слайда

Слайд 5

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-шы бабына сәйкес, республиканың барлық азаматтарының ұлты, тілі, жынысы, әлеуметтік жағдайы және денсаулық жағдайына қарамастан жалпы орта білім алуға тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған « Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы », « Білім туралы » және « Кемтар балаларды әлеуметт i к және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы » Қазақстан Республикасының заң нормалары бар.

Изображение слайда

Слайд 6

Сонымен бірге, білім беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған : көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау ; есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту ; ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау ; қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға – толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру ; сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру.

Изображение слайда

Слайд 7

Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады. Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әс i ресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі. Арнайы сынып жағдайында естімейтін және нашар еститін балалар негізгі орта білім беру деңгейінде білім алады. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ұзақтығы бастауыш және негізгі мектепте - 11 жыл : - «0» ( дайындық сыныбы ), - бастауыш деңгейі (1-4 сынып ), - 1-ші негізгі деңгей (5-7 сынып ), - 2- ші негізгі деңгей (8-10 саты ). Нашар еститін және кейін естімей қалған балалардың оқыту ұзақтығы: - бастауыш деңгейі – 0 – 4 сынып, - негізгі деңгей – 5 – 10 сынып,

Изображение слайда

Слайд 8

Көрмейтін (зағиптар ) деп көру көмегі арқылы зат формасының сұлбасы мен жарықты сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар есептеледі. Мұндай екі көзінен толық айрылу ( тотальді ) болып саналады. Бұлардың қатарына көру аймағы 10% көретіндер де жатады. Медициналық зағиптықтан практикалық зағиптықты ажырата білу қажет, жарықты сезгіштігі немесе қалдық көруі бар, жарықты, заттардың сұлбасын, түстерін қабылдай алуы, қалғандары медициналық зағиптыққа жатады. Практикалық зағиптық (қалдық көруі бар) кәдімгі түзету құралдарын ( көзілдірік ) қолдануда көру ұшқырлығы жарықты сезінуі 0,05 сипатталады. Көру қабілеті бұзылған оқушылардың арнайы сынып жағдайындағы мектептегі білім беру ұзақтығы : а) зағип оқушылар : - бастауыш білім беру деңгейі – 0 ( дайындық ), 1-4 сыныптар ; - негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар ; - жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар. б) нашар көретін балалар : - бастауыш білім беру деңгейі – 0 ( дайындық ), 1-4 сыныптар ; - негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар ; - жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.

Изображение слайда

Слайд 9

«Тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы» (ТҚАБ) ұғымы жинақтамалық сипатқа ие және өзінің құрамына органикалық орталықты немесе шеткері пайда болған қимыл-қозғалыстық бұзылуды қамтиды. ТҚАБ балалардың қимыл әрекетінің бұзылуынан басқа интеллектуалды даму кемістігі де байқалуы мүмкін : балалардың 40-50%-ында психикалық дамуының тежелуі болса, барлық балалардың 10% -ға жуығында – түрлі сатыдағы ақыл-ой кемістігі байқалады. Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы : - бастауыш білім беру деңгейінде – 0 ( даярлық ), 1-4 сыныптар ; - негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар ; - жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.

Изображение слайда

Слайд 10

«Сөйлеу тілінің күрделі бұзылысы» (СТКБ) ұғымы сөйлеу функциясы бұзылуының әртүрлі түрлерін біріктіреді. Қарастырылып отырған санатқа жататын балалардың басым бөлігін сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалар құрайды. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД) балаларда сөйлеу жүйесінің барлық : фонетикалық, фонематикалық және лексика-грамматикалық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады. Сөйлеу қабілеті күрделі бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы: - бастауыш білім беру деңгейінде – 0 ( даярлық ), 1-4 сыныптар ; - негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. Негізгі мектепті бітіргеннен кейін жеткіншек білімін ТЖКБ ұйымдарында жалғастыра алады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе

Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекшелігі – жоғары психикалық функцияларынының, мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін реттеуінің бұзылуы болып табылады. Ең алдымен, танымдық процестер зардап шегеді : түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, зейін. Эмоционалдық-ерік өрісінің, моторикасының және жалпы адамның бұзылуы байқалады. 1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (АХЖ-10 ДДҰ) қабылдаған жіктеуге сәйкес, ақыл-ой кемістігі зерденің төмендеуінің төрт ( негізгі ) деңгейін қамтиды: жеңіл, орташа, ауыр және терең. Арнайы сынып жағдайында ақыл-ой кемістігі бар балаларды мектепте оқытудың ұзақтығы : - бірінші сатысы – 0 ( даярлық ), 1-4-сыныптар; - екінші сатысы – 5-9-сыныптар. Егер мектепте бастауыш кәсіптік еңбекке дайындау үшін жағдай болса, онда 10-кәсіптік сынып ұйымдастырылуы мүмкін.

Изображение слайда

Похожие презентации