Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі — презентация
logo
Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі
  • Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі
  • Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі
  • Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі
  • Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі
  • Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі
  • Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі
  • Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі
  • Ресурстарды жұмылдыру
1/8

Орындаған : Кабитай Айдын Женисхан Айкын Қабылдаған : Бисенова Алия

Изображение слайда

Слайд 2

Әлеуметтік қозғалыс – әлеуметтік институттарды, қарым қатынасты немесе өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдар, топтар және ұйымдар. Мысалы, қоғамда мектептерді жақсарту үшін немесе эмигранттардың құқығын қорғау үшін наразылық білдіруі мүмкін. Әлеуметтік қозғалыстар бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Біреуі қоғамды өзгерткісі келсе, ал біреуі адамды өзгерткісі келеді. Енді бір топ экстремалды ( қарулы қарсы тұру ) әдістеріне сүйенсе, келесі бірі заң шығарушыларға ықпал етуге немесе білім беру кездесулерін ұйымдастыруға күш жұмсайды. Жалпы осындай әдістерді қолданатындар да бар.

Изображение слайда

Слайд 3

Әлеуметтік қозғалыстардың түрлерін ажырату үшін,әлеуметтанушылар олардың енгізуге тырысатын өзгерістерінің ауқымы мен мақсатына мән береді. Мысалы бірнеше топ мемлекет бойынша қоғамдық бақшада жұмыс істеу үшін немесе соған адамдар тарту үшін жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олардың айығу қозғалыстары жеке сенімдер мен тұжырымдарды түбегейлі өзгертуге бағытталған. Мысалы жасырын маскүнемдер тобының мүшесі болашақта өмірге ішімдікке деген көзқарасын және ортасын өзгертеді деп болжанады. Керісінше реформистік қозғалыстар ( жануарлардың және әйелдердің құқығы үшін күресушілер ) белгілі деңгейде қоғамды өзгертуге ынталы. Ал революциялық қозғалыс қоғамды түбегейлі өзгерткісі келеді. Мысалы Талибан ұйымы Ауғаныстанда теократия құру үшін күресті. Ал коммунистік партия капиталистік жүйені жоюға ұмтылды. Ұжымдық мінез-құлық сияқты әлеуметтік қозғалыста қалыптасқан жағдайды өзгертуге ұмтылады. Сол себепті олар бір-бірімен байланыста болады

Изображение слайда

Слайд 4

Біріншіден, халықтың көз алдында болу үшін әлеуметтік қозғалысқа ұжымдық мінез-құлықтың қолдауы қажет. Заңсыз наразылық білдірушілер мен оларды тоқтатуға шыққан полиция қызметкерлері сияқты ешбір оқиға адамдардың назарын аударта алмайды. Екіншіден ұжымдық мінез-құлық белгілі бір уақытпен және жермен шектеледі. Ал күндердің күнінде жағдай ушығып кетсе тағы да қайталануы мүмкін. Мұндай әрекет төменгі деңгейде болса, қоғамдық қозғалысқа септігін тигізе алады. Әлеуметтік қозғалыстың пайда болуын түсіндіретін үш түрлі негізгі теория бар: 1. Салыстырмалы депривация теориясы. 2. Ресурстарды жұмылдыру теориясы. 3. Саяси процестер теориясы.

Изображение слайда

Слайд 5

Үш теория да әлеуметтік қозғалыстар теңсіздіктен, қоғамның ыдырауынан пайда болады деп санайды. Бірақ олар әлеуметтік қозғалыстың әдістерін, пайда болу себептерін және маңздылығын әр түрлі пайымдайды. Салыстырмалы депривация теориясына сәйкес, қолдағы барымыздан көбірек нәрсеге ие боламыз деп санаған кезде әділетсіз әрекеттердің нәтижесінде болды деген ойға келгенде қоғамдық қозғалыс туындайды. Депривацияны өршітетін үш жағдайды атап өтуге болады.

Изображение слайда

Слайд 6

Егер адамдар сұраныс деңгейін төмендетпесе, өздерінің әлденеден айырылып қалуына наразылық білдіреді. В және С жағдайында өмір сүру жағдайы жақсарады. Бірақ халықтың сұранысы сонымен бірге өседі. Салыстырмады депривация теориясы өмір сүру жағдайы жақсарғанда не бұрынғыдан анағұрлым жақсырақ болған кезде пайда болатын әлеуметтік қозғалыстарды түсіндіре алады. Салыстырмалы депривация теориясының негізі құрылымдық функциялық теориямен бірдей. Және осы теория сияқты қоғам қалыпты жағдайда бірқалыпты қызмет етеді деп санайды. Осы теорияға сәйкес әлеуметтік қозғалыстар әлеуметтік және мәдени ұйымдардың ықпалы мен әлеуметтік өзгерістер әркелкі болғанда ғана немесе өзгерістер қарқыны өте тез болғанда ғана пайда болады.

Изображение слайда

Слайд 7

Дегенмен әлеуметтік қозғалыстар мезгіл-мезгіл шығып тұрады. Сондықтан конфликтология теорияшылары салыстырмалы депривация әлеуметтік қозғалыстарының туындауын толықтай түсіндіре алмайтынын алға тартады. Олардың тұжырымдауынша, депривацияға ұшыраған адамдар күресу үшін ресурстарын тиімді жұмылдыра алса ғана әлеуметтік қозғалыстар пайда болады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қоғамдық қозғалыстар,наразылықжәне адамдардың ойлауы : қазіргі күйі: Ресурстарды жұмылдыру

Бұл теория ресурстарды жұмылдыру деп аталады. Ресурстарды жұмылдыру теориясына сәйкес депривацияны қозғалысқа түсіретін түрткі ашу мен ыза емес, ұйымдасу және ресурстар. Сондықтан әлеуметтік қозғалыстар кедейлерге қарағанда бай- қуатты қоғамда жиі болады. Байлар саны аз болса да бай- қуатты қоғамда наразылық білдіруге қажетті ресурстардың бәрі болады. Ал әлеуметтік қозғалыстардың негізі ұйымдасқан топтар,ал олардың көш басшылары төмен таптың наразы өкілдері емес қолында ресурстары бар адамда болып шығады. Ақпараттық технологиялардың дамуы ресурстарды жұмылдыру жылдамдығын арттырады. Мысалы үкіметке қарсы үндеулер таратып, көлемді ереуілдер ұйымдастыру үшін, ұялы телефондарды, электронды почтаны, Facebook және Twitter желілерін қолданады. Ресурстарды жұмылдыру теориясы әлеуметтанушылар үшін маңызды, бірақ оны екі себепке байланысты сынаушылар бар. Бұл теория әлеуметтік қозғалыстарды қоздыратын жеделдік пен наразылықтың маңызын жояды. Екіншіден, екі ұшты жеке наразылықтан жаңа ұжымдық бірегейлік пен ұйымдасқан саяси іске алып келетін маңызды процесті елемейді. Осындай қарастырылмаған тұстары болғандықтан саяси процесс теориясы пайда болады

Изображение слайда

Похожие презентации