Первый слайд презентации: Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – Байқоңыр - Ғарыш
Слайд 2
- Байқоңыр ғарыш айлағы туралы мәтін мазмұны бойынша деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру. 8. Т 6. Тыңдалым материалының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру. 8. Ж 1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, шағын мақала жазу. - Байқоңыр ғарыш айлағы туралы жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, мақала жазу. - Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береді. - Мәтіннің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, шағын мақала жазады. Оқу мақсаттары: Сабақ мақсаттары: Бағалау критерийі:
Слайд 3
Қалтқысыз - искренне Аты аңызға айналу - ставший легендарным (букв. имя котоpого стало легендой ) Еңсеру - преодолеть Ашық ғарыш кеңістігі – открытый космос Жаңа сөздермен жұмыс
Слайд 4
Ой шақыру. Кестеде берілген ақпараттарды суреттермен сәйкестендіріңіздер. Ақпараттар Суреттер 1. Әлемдегі ең ірі жербеті ғылыми ғарыш полигоны А) 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Ә) 3. «Алтын адам» сыйлығының лауреаты. Әскери атағы – аға лейтенант. Б) 4. Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры. В)
Слайд 5
Қазақстан аумағында орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағы ғылымның ең озық саласы үшін 60 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келеді. Адамзат өкілі Юрий Гагарин ең алғаш алыс сапарға аттанған уақыттан бері қарайғы жарты ғасырдың ішінде барлығы 38 елден 545 ғарышкер біздің Байқоңырдан аттанып, ғарыш кеңістігінде болып қайтқан екен. Аттары аңызға айналған сол тұлпар топтың мүшелері – қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы шертетін толғамды сыр аз емес. Біздің тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтің 24 жыл бұрынғы ғарышқа сапары Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бастауы болды. Осы ұшуды жүзеге асыру үшін қаншама қиындықты еңсеруге тура келгені есімізде. Екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев – жалпы жиынтығы 341 тәулікке созылған 3 ғарыш экспедициясына қатысты. Ол – ашық ғарыш кеңістігіне 8-рет шығып, 42 сағаттан астам уақыт болған тұңғыш қазақ. Айдын Айымбетов тәуелсіз Қазақстанның үшінші ғарышкері атанды. Мен халқымды еліміз бағындырған жаңа жетістікпен құттықтаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 2016 ж, 12 сәуір. https:// egemen.kz/article/98346-ush-gharyshker Мәтінді мұқият тыңдап, оқыңыздар.
Слайд 6
Дескриптор: Сұрақтарға деректерді келтіре отырып жауап береді; Сұрақтарға дәлелдерді келтіре отырып жауап береді. 1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша кестеде берілген сұрақтарға деректер мен дәлелдерді келтіре отырып, жауап беріңіздер. Сұрақтар Деректер Дәлелдер Байқоңыр ғарыш айлағында ғылыми озық зерттеулер жүргізіле ме? Тоқтар Әубәуіровтің ғарышқа сапары не себепті Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бастауы болды? Ашық ғарыш кеңістігіне Талғат Мұсабаев неше рет шыққан ? Үшінші қазақ ғарышкері кім?
Жазылым. 2-тапсырма. Тарау бойынша алған білімдеріңіз бойынша «Байқоңыр - ғарыш айлағы» туралы жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, мақала жазыңыздар.
Сұрақтарға әр оқушы бір сөйлеммен жауап беріңіздер
Последний слайд презентации: Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – Байқоңыр - Ғарыш: Кері байланыс. Оқушылар, мына «Шығу парағын» пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіздер
1. «Қазақстан – Байқоңыр - ғарыш» тарауы бойынша не үйрендің? 2. Сен үшін тараудың құнды жақтары қандай болды? 3. Өзіңнің, жолдастарыңның білімін бағала. 4. Осы тарау бойынша тағы не білгің келеді?