Тақырыбы : “Д ’’ дәрумені — презентация
logo
Тақырыбы : “Д ’’ дәрумені
  • Тақырыбы : “Д ’’ дәрумені
  • Жоспары
  • Жұмыстың мақсаты :
  • Дәрумен (Витамин) – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті
  • Витамин жайлы қысқаша түсінік
  • Витаминдер
  • D витамин і
  • D витамин і Авитаминозы
  • D витамин і Авитаминозы
  • D витамин і гипервитаминоз
  • D витамин і Майда еритін витаминнің құрамына кіретін тағам өнімдері:
  • D витамині
  • D витаминінің витамерлері
  • Қорытынды
  • Тақырыбы : “Д ’’ дәрумені
1/15

Первый слайд презентации: Тақырыбы : “Д ’’ дәрумені

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Тақырыбы : “Д ’’ дәрумені Орындаған: ДжумабаеваАксауле Сағындыкова Назгүл тобы : ЖМ 11-026.2 к Қабылдаған : Есімжан А СӨЖ

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспары

Витаминдердің маңызы Витаминдердің топтық құрамы Химиялық табиғаты D витамин інің авитаминозы D витамин інің гипервитаминозы Витамерлері Қорытынды

Изображение слайда

Слайд 3: Жұмыстың мақсаты :

Анықтау, Дәрумендер ағзаға не үшін қажет

Изображение слайда

Витамин ( латынша v і ta – тіршілік ) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

Изображение слайда

Слайд 5: Витамин жайлы қысқаша түсінік

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды.

Изображение слайда

Слайд 6: Витаминдер

Суда еритін витаминдер С, РР және В тобындағы барлық витаминдер жатады. Майда еритіндер А, D, Е, К витаминдері жатады. Витаминдер

Изображение слайда

Слайд 7: D витамин і

D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

Изображение слайда

Слайд 8: D витамин і Авитаминозы

“Рахит” ауруы Рахит Күн сәулесі тимей, күн нұрының қуатты қызуын сезінбеген баланың аяғы қисайып, сүйектері басқадай деформацияға ұшырауы ( рахит ) мүмкін. Баланы нәрленген сүтпен және Д витаминімен ( балық майы ) қоректендірген жағдайда бүл аурудың алдын алуға болады. Әйтсе де рахитті болдырмаудың ең ұтымды да жеңіл жолы сол, баланың денесі күн сәулесін күн сайын кем дегенде 10 минут бойына қабылдауы керек. Бүл орайда денені күнге күйіп кетуден сақтау қажет. Ешқашанда Д витаминінің дозасын артық және үзақ уақыт беруші болмаңыз, бұдан бала уланып қалуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 9: D витамин і Авитаминозы

“Остеопороз” ауруы Остеопороз – бұл тірек-қозғалыс аппаратының асқынған ауру түрі, ауру кезінде сүйек ұлпасы әлсіреп, оның сыну қаупі күшейеді. Ересектернде кальцийдің жетіспеуі кариес және остемаляцияға ал, қарт кісілерге остеопороз байқалады. Сүйектің бейорганикалық матриксінің бұзылуы D витаминінің тапшылығы сүйектінінен кальцийдің шайылуының күшеюмен және бүйрек каналдарында кальций реабсорциясының бұзылуымен түсіндіріледі.

Изображение слайда

Слайд 10: D витамин і гипервитаминоз

Изображение слайда

Балық Уылдырық Жұмыртқа сарысы Сүт Сары май

Изображение слайда

Слайд 12: D витамині

D дәрумені шылым шеккіштерді оның зиянды әсерінен қорғай алады. Егерде шылымқұмар ағзасында D дәрумені жетіспейтін болса, өкпе жұымысының нашарлауы байқалады. Осы ғ ан орай 600-ден астам адам зерттеуге қатысты. Ғалымдар дәруменді жеткілікті көлемде қабылдаудың шылым шеккіш аламның өкіпесіне оң әсерін тигізетіндігін байқады. Мұндай қорғаныс D дәруменінің антиоксиданттық қасиеттеріне байланысты.

Изображение слайда

Слайд 13: D витаминінің витамерлері

Д витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары – Д2 ( эргокальциферол ), Д3 ( холекальциферол ) витаминдері. Химиялық құрылымы жағынан бұл витаминдер, жо¬ғары молекулалы циклді спирттер – стеролдардың туындылары : Д2 мен Д3 витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы және 10-шы көміртек атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді.  Д2 және Д3 витаминдері дәмсіз, түссіз, иіссіз кристалдар, 115-117°-та балқиды. Органикалық еріткіштерде : хлороформда, бензолда, эфирде, ацетонда, спиртте жақсы ериді де, су мен глицеринде ерімейді.   Бұл витаминдер тотықтырғыштардың әсерінен В сақинасындағы 7-ші және 8-ші көміртек атомдары арасындағы қос байла¬ныстары үзіліп, өте тез бұзылады.  Д3 витамині ас арқылы түспесе де, организмде тиісті провитаминнен синтезделе береді.

Изображение слайда

Слайд 14: Қорытынды

Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тақырыбы : “Д ’’ дәрумені

Остеопороз

Изображение слайда

Похожие презентации