Тақырыбы:Аурудың ішкі сипаты.Науқастың ауруға деген көзқарасы — презентация
logo
Тақырыбы:Аурудың ішкі сипаты.Науқастың ауруға деген көзқарасы
  • Тақырыбы:Аурудың ішкі сипаты.Науқастың ауруға деген көзқарасы.
  • Аурудың ішкі сипаты
  • Аурудың ішкі көрінісі аурудың субъективтік жағын көрсетеді. В. В. Николаеваның айтуынша науқастың аурудың бейнесінің бірнеше деңгейлері бар:
  • Аурудың ішкі көрінісі ауруға деген реакциялардың болуымен сипатталады. А. В. Квасенко, Ю. Г. Зубарев реакциялардың төрт түрін көрсетеді :
  • Аурудың ішкі сипаты
  • Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:
  • Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:
  • Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:
  • Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:
  • Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:
  • Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:
  • Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:
  • Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:
  • Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:
  • Тақырыбы:Аурудың ішкі сипаты.Науқастың ауруға деген көзқарасы
  • Пайдаланылған әдебиеттер:
1/16

Дайындаған : «Астана медицина университеті » КеАҚ » Нұр- Сұлтан 2020 ж

Изображение слайда

Слайд 2: Аурудың ішкі сипаты

Сырқаттың ішкі бейнесі әрбір науқаста көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты құрылады. Бірақ, адамның сыртқы жігерлерге реакциясы, оның темпераменті, мінезінің ерекшелігі, яғни тұлғаның ерекшелегі аса көп ықпал жасайды. Күнделікті өмірде адамның вербальді және вербальді емес белгілерге қарапайым реакциясы экстремальды жағдайлардағы реакциялардан ерекшеленеді. Бұл үшін науқастың шағымдарын, оның мінез-құлқын, сіздің сұрақтарыңызға, ұсыныстарыңызға, нұсқауларыңызға жауап беру реакциясын меңгеру және оның сырқатқа қатысты жеке типін анықтап көру қажет.

Изображение слайда

Слайд 3: Аурудың ішкі көрінісі аурудың субъективтік жағын көрсетеді. В. В. Николаеваның айтуынша науқастың аурудың бейнесінің бірнеше деңгейлері бар:

ауру жағдайына қатысты жүріс тұрысты өзгертуді көрсететін мотивациялық деңгейі. 4 түйсінудің сезімдік деңгейі; 1 жекелеген симптомдарға деген жауап берудің эмоционалдық деңгейі; 2 ауру туралы білімдер мен түсініктердің жиынтығы болатын интеллектуалдық н\е когнитивтік деңгейі; 3

Изображение слайда

4 1 гиперсоматогнозия – жекелеген симптомдардың маңыздылығын асыра бағалау; 2 3 нормосоматогнозия – науқас өз қалпын дұрыс бағалайды; гипосоматогнозия – аурудың ауырлығын дұрыс бағаламау; диссоматогнозия – ауруды жоққа шығару.

Изображение слайда

Слайд 5: Аурудың ішкі сипаты

прагмати калық – дәрігермен тез жазылу мақсатында іскерлік байланыс жасау гипернозогнози ялық – сырқаттың ауырлығын және маңыздылығына шектен тыс баға беру Гипонозогнози ялық – сырқаттың маңыздылығын бағаламау Аурудың ішкі сипаты А.Гольдшейдер, Р.А.Лурия (1929,1935 ж.) бойынша сырқаттың ішкі суретін екі түрге бөлген: Аллопласти калық сырқат суреті – сырқаттың дамуына және динамикасына байланысты, ф ункционал ьді және органи калық патологи ялық механизм дер жиынтығы Аутопласти калық сырқат суреті – науқастың өз сырқатының себебін және ақыр соңын болжау жөніндегі уайымдар жиынтығы

Изображение слайда

1. Үйлесімді немесе гормониялы (Ү/Г). Өмірге түңілмейтін, ешбір асырусыз сырқатына дұрыс баға беру. Емдеу жетістігіне жету үшін белсенді құлшыну. Өзін күтушілерге ауыртпалық түсірмеуді қалайды. Қолайсыз жағдайлар туғанда, яғни мүгедектік кезінде көңілін басқаға аудару. Қолайсыз жағдайларда quo ad vitam ойын өзінің ісіне, жақындарының өміріне, солардың қамқорлығына жұмылдырады.

Изображение слайда

Слайд 7: Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:

2. Үрейлі (Ү/Т). Сырқаттың қолайсыз ағымына, мүмкін болатын асқынуларына, емнің тиімсіздігіне секімшіл болу, үнемі үрейлену. Жаңа емдеу әдістерін іздестіру, сырқат, асқынулары, емдеу әдістері туралы қосымша ақпараттар жинауға жанталасу, «авторитеттерді» тынымсыз іздеу. Ипохондриядан ерекшелегі сонда сырқат туралы объективті мәліметтер (анализдер қорытындысы, мамандардың шешемі) көп қызықтырады. Сондықтан өзінің шағымдарын айтқаннан гөрі, басқалардың айтқандарын тыңдағанды қалайды. Көңіл-күйінің үрейлігі, жабырқану – үрейдің салдарынан туындайды.

Изображение слайда

Слайд 8: Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:

3. Ипохондриялық (И). Көңілі субъективті сырқатқа және басқа жағымсыз сезімдерге жұмылдырылған. Ол туралы үнемі айналаға айтуға ұмтылады.Осының негізінде шынайы және жалған ауруды асыра сілтеп көрсетеді.Дәрілердің зиянды әсерін ерекше әсерлеп көрсетеді. Емделуді қалап тұрып, оның жетістіктеріне сенбеушілік танытады және ұқыпты тексеруді талап етіп, ем-шаралардан қорқу сезімдерін көрсетеді.

Изображение слайда

Слайд 9: Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:

4. Меланхолиялық (М). Сырқатпен басы қату, сауығып кетуге, емнің тиімділігіне сенбеушілік. Суицидальді ойларға дейін белсенді депрессиялық ойларды айту. Қоршаған ортаға пессимистік көз- қараспен қарау. Объективті мәліметтердің қолайлы болған кезінде де емге сенбеушілік. 5. Апатиялық (А). Өзінің ғұмырына, сырқаттың соңына, емнің қортындысына толық парықсыздық. Емделулер мен шараларға еріксіз көндігу. Бұрын толғандырған нәрселердің бәріне қызығушылықтың жойылуы.

Изображение слайда

Слайд 10: Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:

6. Неврастениялық (Н). Мінез-құлқы «тітіркендіргіштік әлсіздік» түрінде танылады. Тітіркендіргіштік әсіресе ауырған кезде, жағымсыз сезімдерде, емнің сәтсіздігінде, зертеулердің қолайсыз мәліметтерінде ашу ретінде байқалады. Тітіркендіргіштік алғашқы кездескен адамға тиеді және кейде өкінішпен, жылаумен аяқталады. Ауырсыну сезімдеріне көндікпеу. Шыдамсыздық. Жеңілдікті тоса алмау. Кейінен шыдамсыздық пен мазасыздық көрсеткеніне өкіну.

Изображение слайда

Слайд 11: Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:

7. Обсессивті-фобиялық (О). Үрей және күмәншылдық ең біріншіден шынайы қауіптерге емес, мүмкін болмас асқынуларға, емнің сәтсіздігіне, сонымен қатар (аз негізделген) сырқатпен байланысты өмірдегі, жұмыстағы, отбасы жағдайында сәтсіздіктеріне ауады. Шынайыдан гөрі, ойдан шығарылған қауіптер толғандырады. Үрейден қорғануға ырымдар мен салт –жораларды қолданады. 8.Сенсетивтік (С). Қоршаған ортаға өзінің сырқатының мәліметтерінің әсер ету туралы қолайсыз сезімдерге шектен тыс уайымдау. Айналасындағылардың одан қашқақтайтынына, сырқаты жайында қолайсыз өсектің таралуынан қорқу. Сырқатына байланысты жақындарына масыл болуға және олардың ұнатпаушылық қарым-қатынастарынан қорқу.

Изображение слайда

Слайд 12: Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:

9. Эгоцентрикалық (Я). “ Сырқатқа беріліп кету ”. Жақындарының және айналадағылардың көңілін өзіне қарату мақсатында өзінің уайымы мен қиыналысын сыртқа көрсету. Барлықтары бар жұмысын тастап, тек науқастың ғана жанын ойлап, қамқоршылық етуді талап етеді. Айналасындағылардың әңгімелерін өзіне қабылдайды. Басқа адамдардан да қамқорлық талап етеді және оларға жақтырмай қарайды. Үнемі өзінің сырқатқа ерекше қатысын көрсетуге ынталанады. 10. Эйфориялық (Ф). Көңіл- күйі негізсіз көтереңкі, кейде ойнақы. Сырқаты мен еміне жеңілтек қарайды. Сырқаттың өздігінен жазылатынан үміттенеді. Сырқатына қарамастан өмірден барлығын алуды тілейді. Күн тәртібіне жеңілтек қарауы ауру ағымына қолайсыз әсер етеді.

Изображение слайда

Слайд 13: Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:

11. Анозогнозиялық (3). Сырқат туралы, оның зардабы туралы ойларды есінен белсенді шығарып тастайды. Сырқаттың байқалуларын, белгілерін басқа жеңіл аруларға жатқызып, мойындамайды. Тексерілулер мен емделуден бас тартады. «Өзінің заттарымен» емделгенді қалайды. 12. Эргопатиялық (Р). «Сырқаттан жұмысқа беріліп кету». Сырқаттың ауырлығына, қиналуына қарамастан жұмысын жалғастыруға тырысады. Бұрынғыдан гөрі ынтамен жұмыс істейді, барлық уақытын жұмысқа арнайды, емделуге тырысады, бірақ жұмысты жалғастыру мүмкіндігін тастамайды

Изображение слайда

Слайд 14: Науқастың сырқатына қатынасуының негізгі 13 типке бөлінеді:

13. Паранойлық (П). Сырқаттың біреудің жаман ойынан туындағанына сенімді болу. Процедуралар мен емделулерге шектен тыс күмәншылдықпен қарайды. Мүмкін болар асқынуларға немесе дәрілердің кері әсеріне, дәрігерлердің және қызметкерлердің немқұрайды қарайтынына жала жабуға ұмтылады. Осыған байланысты жала жауып, жазалауды талап етеді. Сырқатқа байланысты қарым-қатынас жүйесі сипатталған типтердің біреуіне де келмеуі мүмкін. Бұл жерде белгілері өзара ұқсас (үрейлі-обсессивті, эйфориялық-анозогнозиялық, сенсетивтік-эрогпатиялық және т.б.) аралас типтер туралы сөз болуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 15

Сауалнаманы берместен бұрын науқаспен сенімді қатынас бекітеді, сауалнаманың мақсатымен, толтыру техникасымен таныстырады. Мысалы, әрбір тақырыпқа 1-ден 3-ке дейін (одан көп емес!) таңдаулар жасауға және таңдаулардың санын дөңгелектеуге болады. Егер еш бір анықтамалардың қатысы жоқ болса, онда О символы қойылады. Түсініктеме зерттеуді жүргізіп отырған дәрігерге қажет. Ол науқастың белгілі тақырыпқа жауап бергісі келмегенде, кестенің бос қалғанынан біледі. Бірақ, нөл саны мен толтырылмаған кестенің саны үштен аспауы керек. Тіркеу парағын толтыруға уақыт шектелмеген. Бірақ басқаларымен кеңесуіне болмайды.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тақырыбы:Аурудың ішкі сипаты.Науқастың ауруға деген көзқарасы: Пайдаланылған әдебиеттер:

Молотов-Лучанский В.Б., Мациевская Л.Л., Цаюкова Н.А. Маркова А. К. Психология профессионализма.- М., 1996. Уикипедия – қазақша ашық энцеклопедия Google. kz

Изображение слайда

Похожие презентации