Первый слайд презентации: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ повестеріндегі образ сомдау ерекшеліктері
Орындаған: ҚТӘ-13 тобының студенті Сагаш С Ғылыми жетекшісі: Ф.ғ.к., доцент Смағұлова Н.Қ. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ повестеріндегі образ сомдау ерекшеліктері
Слайд 2
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Түменбай, Ә. Тарази сынды қаламгерлер үлес қосты. Осындай белгілі жазушылармен бірге К. Рахымжанов, Н. Қами, Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, Н. Ораз, Ә. Салықбай, А. Алтай, Д. Рамазан, А. Кемелбаева, Ж. Қорғасбек, Қ. Мұқаш, Д. Амантай сынды бір топ жас қаламгерлер тәуелсіздік тұсындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтере түсті. ХХІ ғасырда әңгіме жанрына тағы бір топ жас буын өкілдері келіп қосылды. Олардың қатарында мерзімді басылым беттерінде әңгімелері жиі жарияланып жүрген Қ. Аманжолұлы, Қ. Әбілқайырұлы, М. Омарова, Л. Қоныс, Ә. Қоспағарова, Б. Дәулетбаева, Л. Имашева, А. Мантаева, Ж. Мамырәлі, М. Мұқашев, Б. Сарыбай, т.б.
Тәуелсiздiктiң он жылы iшiнде жарық көрген тарихи туындылар, әрине, бәрi бiрдей, дәл өткен ғасырдың аяқ шенiнде жазыла бастамаған. Қолға алынуы, зерттелiп ойластырылуы кеңес кезiне тура келгеннiң өзiнде жазылу барысында бұрын айтудан жасқанып, қысылып-қымтырылып жүрген жерлердi ендi шындық күйiнде жеткiзуге сәтi түскенiне қуанбаған жазушы болмаған шығар деп жорамалдауға толық негiз бар. Ол шығармаларды бас- басына атапталдағанда, әдебиет қоржыны бүгiнгi Қазақстан дiлгiрлiгiне қызмет ететiн сан алуан туындыға байи түскенiне көз жеткiземiз.
Слайд 4: Роза Мұқанова - « Мәңгілік бала бейне »
Талай көрерменнің көңілін босатып, жүрегін жылатқан « Мәңгілік бала бейне » пьесасы бүл күнде театрдан да, кинематография саласынан да орын алды. Жазушы -драматург Роза Мұқанованың жұмбаққа толы шығармасын білмейтіндер кемде -кем шығар. « Мәңгілік бала бейне » - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі. Ләйләнің денесі кем болса да, оның жүрегі кең. Ләйлә - жаны тазы, көкірегі көркемдікке құштар жан. Қазіргі жас прозайктердің шығармаларындағы тың тұрғыдан түлеген мифологиялық образдардың бірі Кентавр образы.
Слайд 5: Асқар Алтай- «Кентавр»
Асқар Алтайдың «Кентавры» құлын сәбидің өмірге келуімен басталады. «… Құлын сәбиі болса былдыр - былдыр сөйлеп, жарық дүниеге келгеніне жарым жыл өтпей, күші судай тасып еді …. Жылқы тұрпатты, адам тұлғалы нәресте де тез ширады. Ол жануардай жылдам аяқтанды. Ертегідей ерте тілі шығып, ерте ес кірді. Әкесі бөтенсімей бауырына басып, анасы жерінбей жанына алған, көкесі жатсынбай иығына шығарған. Жұрт көзінен жырақта — кәрі таудың қуысында, үш бірдей пенденің уысында өсіп келе жатқан. Еркін еді, ерікті еді.» деп жазушының кентавры құлындай ойнақтап, сәби күлкісімен сықылықтап, қозы-лақ қуалап асыр салады. Құлын таймен тебісіп, тау самалымен жарыса шапқыласып еркін өседі. Су тасып, отын жарып, ошақтың отын жағады. Автор кейіпкері ертегідегідей тез өсіп жетілуімен ерекшеленсе де, мифологиядағыдай түр тұрпаты шығармаға ерекше реңк үстемелейді. Себебі жазушының ұсынып отырған туындысы : Ертегі + миф + әңгіме = фантастикалық антропологияның белгілерімен тұтас қабысып жатыр.
Слайд 6
Не адам емес, не жылқы емес адамзат дегенде ата-анасымен, көкесі ет жақын бауыр болып, қалған адам, ел- жұрт атаулыдан қашып, жатсынып жырақта өмір сүрген құнан-жігіттің жалғызсырап өмірі өтіп жатты. Өз ортасынан өздері баласы үшін жерініп, әуелгіде « іштен шыққан шұбар жылан » деп, кейін Тәңірдің бергені деп бауырына басып, айланып толғанып өмірлерінің мәнін құлын балаға тіреген ата ананың жалғыздығы құлын сәбилерінің жалғыздығының қасында түк емес еді. Шындығына келгенде, құлын бала жалғыздықты, жатсынуды түсініп те байқап та үлгірмеді, тек ол өзіне « адамдарға жолама, аулақ жүр » деген тыйымды түсінгісі келседе түсіне алмады және түсінгісі келмеді.
Слайд 7: М. Мағауин
« Қаңғыбастар мен шағалалар », « Тортай шалдың есегі », « Бабаның оралуы » сынды әңгімелерінде үлкен ой қозғаған. « Қаңғыбастар мен шағалалар » атты әңгімесіне қайыршылық жолға түскен жандар өмірі, екінші әңгімеге кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының ауыр тұрмысы негіз болса, соңғы әңгіменің айтары тіптен бөлек. Мұндағы зиратты қорлап, баба жілігін сындырған Алақайдың өмірі қазіргі жаңа қазақтарға ой салады. « Құмырсқа қырғын », « Коммунистік реализм», « Қасқыр – Бөрі », « Қос ағаш » сынды әңгімелерінде құмырсқа, қасқыр, ағаш арқылы қазақтың кешегісінен хабар беріп, болашағын меңзейді. Қазақ халқының тағдырын көркем бейнелеген « Қос ағаш » әңгімесінен ұлттығымыздың жойылып бара жатқанын аңғару оңай. Бір ауылдың айбыны тәрізді көрінетін Қос ағаштың күйреп, тозып, ақыр соңында отынға айналуы бір жағынан уақыт дөңгелегінің толассыз домалауымен өмірдің озатындығынан хабар берсе, екіншіден, сол уақытпен бірге ұлттық қасиеттерімізден айырылып бара жатқандығымыз жөнінде ой салады.
Слайд 8: Қ. Жұмаділов
« Тіленші » әңгімесіне ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы Кеңес Одағы ыдыраған тұстағы қазақ халқының тығырыққа тіреліп, экономикалық құлдырауға душар болған кезіндегі күйі әнші жігіттің тағдырымен бейнеленген. « Бұқарбайдың бұқасы » атты әңгімесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жаңа қоғамды тосырқай қабылдаған жандардың қоғамның ыңғайына қарай бейімделе бастағандығы көркем бейнеленсе, « Ақынның ақырғы күндері » (2000) атты әңгімесінде С. Сейфуллиннің трагедиялы өмірі суреттелген.
Слайд 9: Ә.Тарази
«2999999+1» әңгімесінен отызыншы жылдардағы жаппай қудалаудың салдарынан ОГПУ қызметкерлерінің қазақ даласына жасаған қуғын-сүргінінің бір көрінісі елес береді. « Келін » әңгімесіндегі бір ауылды серілігімен дүрліктірген Танабай, бір сәттік сезімнің құрбаны болған Жауһаз, « Өлім » әңгімесіндегі Кірпішбайдың айрандай ұйыған отбасына іріткі түсірген досы Еркебұлан, оның серілігіне ерген Бәтиха сынды жандардың арамызда жүргені де жасырын емес. Осылайша жазушы таныс және бейтаныс кейіпкерлерін күнделікті өзімізбен араласып жүрген жандардың арасынан іздейді. Жаратылысы бөлек, ешкімге ұқсамайтын Сұлтанмен оқырман бірнеше әңгімеде кездеседі. « Ауыл шетіндегі үйдегі » қарындасын құсқа сататын, «Жабы сәйгүліктегі » Көкала атты айғырларға талатып өлтіретін, « Сауал » әңгімесіндегі араққа тойып елге масқара болатын Сұлтан әпенділігімен оқырман есінде ұзақ сақталатын кейіпкер.
Слайд 10: Махаббат тақырыбы
Тәуелсіздік жылдардағы қазақ прозасында.Әр жаңа уақыт әдебиетке өз тақырыбын ала келеді. Сөз өнерінің ежелден сіңісті тақырыптарына жаңа ырғақ, екпін қосады. Бірақ түп тамырымен өзгерте алмайды. Махаббат секілді мәңгілік тақырып әлемдік әдебиеттің барша кезеңінің, бар жанрының өзегі. “Қыз, бозбала жиылмай, тойдың сәні келмейді” дейтіндей, махаббат боздақтарынсыз әдебиет сәні келмейді. Прозаның кесек жанрының “ роман”аталуы оның асық жүректерді жырлайтын, ер- әйелдіңбөлекше жарастығын шертетін табиғатына мезгейді. “Бұлардың арасында роман болған” деген тіркесті жиі естиміз. “Махаббатсыз дүние бос”, -депті ұлы Абай. Ғашық жүректердiң күйдiм-жандымынсыз роман да бос.Махаббатсыз роман тұл. Жалынсыз бос сөз.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бір әлеуметтік-экономикалық жүйенің екінші жүйені ауыстыруына дөп келді. Махаббаттың ақ туын желбіреткен жаңа романдар бірінен кейін бірі жарық көргені айтылғанға толық дәлел. Қай заманның материалына жазылса да, махаббат тақырыбы ар-инабат, биік моральдық талап деңгейiн берiк ұстанған бағытынан жазбады.
Слайд 11: Б.Нұржекеұлы
«Бейтаныс әйелдің құпиясы» (2002) атты жинағындағы әңгімелердің негізгі тақырыбы – махаббат. «Бейтаныс әйелдің құпиясы» – әйел мен еркек арасындағы құпия сезім сырларын паш ететін әңгіме. «Қамыт жағалы қоңыр көйлек», «Қыз сезім», «Құпия махаббат», «Мұнтаздай Мұмтаз», «Қырғыз келіншек», «Өш алудан өршіген әдет», «Екі қырсық», «Күю» атты әңгімелердің де негізгі тақырыбы махаббат мәселесі болғандықтан жазушы еркек пен әйел арасындағы сезімдік байланыстарды ашуға ұмтылған. Әңгімелердің барлығы да махаббат мәселесін көтергенмен олардың бірі екіншісін қайталамайтын соны дүниелер.
Слайд 12: Н. Ораз
«Оңаша арал» (2006) жалғызілікті әйелдер мұңынан сыр шертеді. Оның «Түнгі жалғыздық» (2008) әңгімесінің де сағыныш пен мұңға құрылғанын ескеретін болсақ, жазушы осындай қайғы мен мұңға толы әңгімелерінде адам жанына үңілуде психологизмді терең игергендігін байқатты. «Біз, ол, «Мерседес» және махаббат» атты әңгімесінде ауылдың жайма шуақ өмірі мен қаланың тынымсыз тіршілігін бір-біріне қарама-қарсы бейнелеу арқылы олардың арасындағы айырмашылықты көрсеткен.
Слайд 13: Д. Рамазан
«Сағындым сен жанқалада» (2008) адам бойындағы бір сәттік сезімнен адамгершілік, ар мәселесін жоғары қоя білсе, «Сүйген жүрек» (2008) тек қана екі ғашық арасындағы емес, туған жерге деген махаббат қоса өрілген. Махаббат мәселесін бүгінде Отанына қайта оралып жатқан оралмандар тағдырымен ұтымды ұштастырған
Слайд 14: Тәуелсіздік жылдардағы мемуарлық, естелік көркемпроза
Тарихи ұлы бетбұрыстарда әдебиеттің мемуарлық, естелік, өмірбаяндық түрi қарқынды дамиды. Жиырмасыншы жылдары елімізде Кеңес өкіметінің орнауы, қазақ елінің автономияға ие болып, жаңа белеске көтерілуі Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” атты көркем мемуарын туғызды. Тәуелсіздігіміздің еркін тынысты тұнық ауасында ұлттық сана- сезім өсті, азаматтық белсенділік артты, азаттық алған халық қайта туғандай күй кешуде. Бұл құбылыстың бір қоғамдық- саяси құрылыстан екіншіге көшкен өтпелі кезеңмен астасуы рухани өміріміздiң астан- кестеңiн шығарды, бар болмысымызды жаңғыртып жаңалады.
Слайд 15
Әдебиет зерттеуші ғалымдар көркем мемуардың шыққан ата тегін іздегенде роман жанрын жиі ауызға алады. Әдебиеттің бұл екі түрін - роман мен естелік көркем жанрларын бір- бірімен іштей байланыстыратын өзекті тақырып -жазушының өз басынан кешкен жайлары. Екеуiн жақындастыратын белгі – жеке адам өмірінің қоғамдық өмiрмен жалғас, сабақтас суреттелетiндiгiнде, зерт пен өнер құймасынан жаратылатын табиғатында, психологиялық лиризмінде. Алшақтататын белгi– мемуардың публицистикаға тым үйірлігі, құжатқа көп жүгінетін мәнері. Қайсыбір мемуарлардың жанрлық сыпаты төңiрегiнде әлсін әлі ду ете қалатын айтыстар өмірбаяндық прозаның фактологиялық материалға, хаттарға, фотоға, цифр, цитатаға тәуелдігіне байланысты туындап жүр.
Слайд 16: А.Кемелбаева
Діни-философиялық негіздегі «Ғибадат» (2000) әңгімесінде публицистикалық сарын басым болса, бірінші жақтан баяндалған «Құс» әңгімесі философиялық ой-толғамдарға құрылған. Модернистік, постмодернистік ағымдарды жете меңгерген жазушының алғашқы әңгімесінде дін тақырыбы көтерілген. Ол қасиетті Құран сүрелерінен мысалдар келтіре отырып, жалғанды жаратушы Алланың ұлылығын мойындайды. Алла тағалаға жасалған құлшылық оған деген шексіз сүйіспеншіліктің белгісі болса, бұл әңгіме о дүниенің бар екендігіне сендіре отырып, ақырзаманнан Аллаға жасаған құлшылық қана алып қала алатындығын нанымды бейнелеген туынды. Екінші әңгімедегі зулаған көлік астында тапталып жататын құс пен қаңғыбас иттердің өлексесіне көпшілік мән бере қоймауы мүмкін, алайда жазушы олардың да Алла тағала жаратқан тіршілік иесі екендігіне көңіл аудартады.
Слайд 17: Тәуелсіздік жылдардағы лирика
Қазақ елi тәуелсiздiкке қол жеткiзген 1991 жылғы атаулы күннен жаңа қоғамдық дәуiр, жаңа тарихи кезең басталды. Осыған орай, тәуелсiздiк жылдарындағы қазақ поэзиясының мақсат- мұраты, тыныс- демi, өрнек- айшықтары да жаңаша, өзгеше болып қалыптаспағы заңды болатын. Алдымен кешегi кеңестiк замандағы идеология келмеске кеттi. Тәуелсiздiк мұраттарын тәуелсiздiк алғаннан кейiн қалай жырлау керектiгi жөнiнде қалыптасқан қағида, дайын қалып жоқ-тұғын. Қазақ поэзиясы өзiнiң дәстүрлi даму арнасынан ауытқымаса да, мазмұндық, көркемдiк, идеялық жаңа шешiмдер табуға ұмтылды. Тоқсаныншы жылдардың бас кезiнде-ақ ұлттық мүдде, елдiк мұрат дейтiн ұғымдарға ерекше екпiн түсiрiле бастаған. Ұлттық сананың, тарихи сананың оянуы өткен жолымызға қайта үңiлтiп, қаншама жылдар бойы айтылмай, жазылмай келген ақиқаттың ақ таңдақтары мен қара таңдақтарын анықтауға, жүрiп өткен асуларымыз бен алдық деген асқарларымыздың қаншалықты тарихи маңызы болғанын бағалауға, мәдени, әдеби әлемiмiздегi жарық жұлдыздарымыздың тарихи әдiлеттi орнын тануға мүмкiндiк ашты.
Слайд 18
Соңғы жылдары ақталған, әдебиет тарихына қайта оралған,айтулы алаш арыстары негiзiн қалаған, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, I.Жансүгiров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов, Ғ.Мұстафин сияқты әдебиет классиктерi шаңырағын көтерген қазiргi қазақ әдебиетi оның әр жанрдағы, әралуан тақырыптағы көркем туындылары әлемдiк көркемдiк оймен қанаттас дамуда. Қазіргі әдеби сыны, оның бүгінгі тарихи деңгейі де айта қалғандай өреге көтерілген. Әсiресе егемендiк алғаннан кейiнгiжылдары жарық көрген әдеби-сын, әдеби-эстетикалық талдау еңбектерi қазiргi әдеби процесiмiздiң даму, өркендеу бағытында екендiгiн, көркемдiк- эстетикалық танудың жаңа белестерiне қол артып отырғандығын анық аңғартып отыр. ХХ ғасырдың соңындағы тарихи мәні зор 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қуғын-сүргінін көрген жазушының «Сібір офицері» мен «Прописка» әңгімесіне кеңестік жүйенің ыдырауына, қазақ елінің тәуелсіздік алуына алып келген Желтоқсан оқиғасын негіз етіп алған. Бірінші әңгімедегі кеңес офицері Бураханның тағдыр тәлкегіне ұшырауы қазақ жастарының көз жасының өтеуі болса, екінші әңгімедегі Арқаттың прототипі Асқардың өзі. Қазақстанның астанасы Алматыдан пана таба алмай сабылған Арқаттың өз елінде жүріп «өгей күй кешкен» қайғылы өмірі қазақ трагедиясы екені рас.