Первый слайд презентации: Түйсіктердің негізгі түрлерінің жүйелі классификациясы
Слайд 2
Сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер ету ұшін пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Слайд 3
Түйсік арқылы заттардың түсін,иісін, дәмін, қатты жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен онын кеңістікке орналасуын, жеке бөліктер i н i ң жұмысы жайлы хабарлайды.
Слайд 6: Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл кұбылысты адаптация дейді
Слайд 8: Синестезия — түйсіктердің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі
Слайд 9: Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бірізді образдар (эйдетикалық ес) деп атайды
Слайд 10
Түйсік түрлері Дәм түйсіктері Сипап сезу. Ауырсыну түйсігі Иіс түйсіктері Вибрациялық түйсік Есту түйсіктері Тепе-теңдік түйсігі Көру түйсіктері Қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер Органикалық түйсік
Слайд 11
Көру түйсіктері – сәулеленуші заттардың жарық толқынының нәтижесінде пайда болатын жарық толқындары көздің қарашығы арқылы көру рецепторлары болып көз торына әсер етеді.
Слайд 13
Есту түйсіктерін туғызатын тітіркендіргіш дыбыс толқындары, дыбыс беруші денедегі ауа тербелісі. Бұл дене тербеліс рецепторы құлақтың келте органы болып есту анализаторына әсер етеді. Онда есту нервтерінің сезімтал ұштары болады. Дыбыстарды екіге бөлуге болады: музыкалық және шулы.
Слайд 14
Иіс түйсіктері жағымды иістерге рахаттануға және денсаулыққа зиянды заттардан сақтануға мүмкіндік береді.
Слайд 15
Дәм түйсіктері . Бұлардың тітіркендіргіштері біздің ауызымызға түсіп, тілдің, жұтқыншақтың, таңдайдың, көмейдің нерв ұштарына әсер ететін заттардың ұсақ бөлшектері. Дәм түйсіктерінің төрт түрі бар: тәтті, ащы, тұщы, қышқыл. Тәтті дәм тілдің ұшында, ащысы – тілдің түбі, қышқылы – тілдің екі жақ шеті. Тұзды тілдің екі жақ шеті мен ұшы жақсы сезеді.
Слайд 16
Сипап сезу. Бұлар комплексті түйсік, өйткені онда жанасу және қозғалыс түйсігі ұштасып жатады. Бұлар қозғалып отыратын қолдың немесе денелердің басқа заттарға тиіп кетуінен туады.
Слайд 17
Қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер . Қозғалыс анализаторының қызметі арқылы адам өз қозғалысын бақылап реттей алады. Қозғалыс түйсігінсіз біз қалыпты түрде қозғалыстарды жасамаған болар едік.
Слайд 18
Тепе-теңдік түйсігі – кеңістікте біздің денеміздің орналасуы. Тепе-теңдікті түйсіну ішкі құлақта орналасқан.
Слайд 19
Ауырсыну түйсігінің өзінің қорғаныстық маңызы бар. Олар адамға организмдегі қолайсыздықжөнінде хабарлайды. Егер ауырсыну түйсігі болмаса, адам салмақты, жарақатты сезіне алмас еді. Ауырсыну нүктелері (арнайы рецепторлар) терінің беткі қабатында және ішкі органдарда, бұлшық етте орналасқан.
Слайд 20
Вибрациялық түйсік тербелісті бейнелейді. Мұндай түйсіну мысалы адамның қолының дыбыс шығатын рояльдің қақпағына тигенде түйсіну алады. Бұл түйсік адам үшін үлкен рөлі болмайды және өте нашар дамыған.
Последний слайд презентации: Түйсіктердің негізгі түрлерінің жүйелі классификациясы
Органикалық түйсік – біздің организмнің жұмысы туралы айтады. Бұған ашығу, тою, шөлдеу денелердегі, ішкі органдардағы өзгерістер жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. Бұл түйсік ішкі органдардың біріндегі қалыпты әрекеттің бұзылуынан пайда болады.