Первый слайд презентации: Зерттеу жұмысында мәліметтерді талдау және сипаттау
Орындаған: Таниева М.А Тексерген:Иманбаева З.Ө Ақтөбе 2020 жыл
Слайд 2: Жоспар
1. Мәліметтерді сипаттау 2.Өзгерістерді сипаттау 3.Байланыстарды анықтау 4.Орташа шамаларды анықтау
Слайд 3
1.Мәліметтерді сипаттау кезеңінде зерттеудің нәтижелерін сипаттау мыналарды білдіреді. Зерттелетін обьектінің тіркелетін құбылыстарының өзара байланысын анықтау; Алғашқы эмирикалық мәліметтерді реттеу; Тұрақты байланыстар мен тенденцияларды іздеу; - зерттелетін обьектінің тұрақты қасиеттерін іздеу; Алынған мәліметтерді сипаттау кезінде материалды алғашқы қорытындылау үшін мәліметті сығу рәсімі қолданылады. Сонымен, негізгі ұғымдар мен индикаторлар жиынтығы мәліметтерді түсініктемелеудің кейінгі формасын береді. Сипаттамалық талдау әдістерінің бірі топтастыру әдісі болып табылады. Мәліметтерді топтастыру әдісі Осындай топтың әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы белгілі бір зерттеу мәселесі бойынша алынған пікірлерді түсіндіруге көмектесе алады. Топтастырылған сипаттамалық мәліметтерді салыстыру былай жүзеге асырылады: 1. басқа зерттеулердің мәліметтерімен; 2. бір-бірімен; 3. басқа белгілермен. Топтастыру рәсімі нәтижесінде алынған мәліметтерді салыстыру зерттелетін құбылыстың жай-күйі мен сипаты туралы алғашқы қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Слайд 4
2. Зерттеу жұмысында орын алған өзгерістерді сипаттау үшін әртүрлі диаграммаларды қолдануға болады. Өйткені диаграмма ақпаратты түсінікті түрде жеткізуге көмектесетін тәсіл. Мәліметтерді сипаттау барысында қолданылатын диаграммалар түрлері өте көп. Оның ішінде кеңінен қолданылатын түрлеріне: сызықтық, шеңберлі, бағандық, кестені, шашыранды нүктелік,пиктограмманы жатқызуға болады. Сызықтық диаграмма уақыт барысында алынған өзгерісті сипаттауға арналады Белгілі бір уақыт аралығында өзгеріске талдау жасау алдағы уақытта орын алатын өзгеріс жөнінде болжау жасауға ықпал етеді. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар экономика саласындағы инфляция өзгерістеріне талдау жасау арқылы өзінің қаржыларын басқарудың жолдарын алдын-ала болжай алады.
Слайд 5
3. Зерттеу жұмысын жазу барысында құбылыстардың немесе жәйттардың өзара байланысын анықтау керек болады. Өзара байланысты анықтау екі көрсеткіштің арасындағы өзара қарым-қатынасты анықтаудан тұрады. Бұл ара-қатынасты анықтау статистика ғылымында «корреляция » деп аталады. Мысалы, қылмыс өсімі мен жұмыссыздық өсімінің өзара байланысы т.б. Корреляция деген ұғым ара қатынас деген мағынаны білдіреді. Бір ғана таңдауда екі көрсеткіштің арасында қандай да бір байланыс бар ма деген жағдайда қолданылуы мүмкін. Мысалға, балалардың салмағы мен бойының арасындағы арақатынас, IQ деңгейі мен сабақ үлгерімі арасындағы арақатынас және т.с.с анықталады. Осы арақатынасқа байланысты жағымды корреляция немесе теріс корреляция жағдайлар орын алады. Қарастырылып отырған көрсеткіштердің арасында байланыс болмауы да мүмкін
Последний слайд презентации: Зерттеу жұмысында мәліметтерді талдау және сипаттау
4. Орташа шама деп, біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшерін, яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасын айтады. Орташа шамалардың түрлері Статистикада зерттеп отырған құбылыстар мен процестердің негізіне, алдына қойған мақсатына және бастапқы берілген көрсеткіштердің мәніне сәйкес орташа шаманың бірнеше түрі қолданылады, олар мыналар: 1. Арифметикалық 2. геометриялық 3. құрылымдық 4. үйлесімдік 5. шаршылық (квадраттық) орташа шамалар Осы көрсетілген орташа шамаларды қолдану барысында оларды қандай жолмен есептеу керек деген теориялық және тәжірибелік күрделі сұрақтар туады. Олай болса, қолда бар деректердің мәніне сәйкес орташа шаманың қандай түрін пайдалансақ, қарастырып отырған белгі варианттарының орташа мәнін дұрыс табамыз? Мәселе осында. Оны есептеу үшін алдымен әрбір нақты жағдайда осы орташа шама нені білдіретінін, оның қандай шамалардың қатынасы арқылы есептелетінін анықтап алуымыз қажет. Содан кейін есептеп шығарылған орташа шаманың өзіне сәйкес әлеуметтік –экономикалық мағынасы болуы тиіс.