Жеке деректер — презентация
logo
Жеке деректер
  • Жеке деректер
  • Білімі
  • Еңбек жолы
  • Аттестация
  • Біліктілікті арттыру
  • Педагогтың кәсіби жетістіктері
  • Оқушылар жетістіктері
  • Ұлттық біліктілік тесті
  • Педагогикалық тәжірибені жалпылау
  • Сабақты бақылау парағы.
  • Пікірлер
  • Жеке қосымша
  • Жеке деректер
1/13

Первый слайд презентации: Жеке деректер

Жеке деректер бөлімінде көрсетілген сізге қатысты деректер төл құжат бойынша толтырылуы керек, егер аты-жөнінде, әкесінің атында қазақ қаріптері кездесетін болса, ол қаріптер қазақша жазылғаны жөн. ЖСН нөмір, жеке куәлік нөмірі барлығын құжат бойынша қатесіз толтырыңыз. Жеке деректерде көрсетілген электрондық почта, телефон номері сізге қатысты болсын, себебі комиссия мүшелері белгілі бір сұрақтар туындаған жағдайда сол көрсетілген деректер арқылы сізге шығуға мүмкіндік алуы керек және де әлеуметтік желілердегі профиль суреттеріне өзіңіздің бейнеңізді қойыңыз, себебі сізге шыққан комиссия мүшелері сіз болуыңызға көз жеткізетін болады.

Изображение слайда

Слайд 2: Білімі

Бұл бөлімде міндетті түрде сіздің біліміңізді растайтын диплом және диплом қосымшасын жібересіз. Егер аталмыш жұмыс орнында орта білім дипломымен жұмыс жасап жатқан болсаңыз, ( жұмысқа орналасқан болсаңыз ), бірінші орта білім туралы диплом, одан кейін ғана жоғарғы оқу орнының дипломын саласыз. Егер мектептен кейін жұмыс жасап жатқан болсаңыз аттестатты саласыз. Қосымшасыз салынған диплом негізсіз болады.

Изображение слайда

Слайд 3: Еңбек жолы

Бұл бөлім өте маңызды болып есептеледі, себебі бұл бөлімде автоматты түрде сіздің жұмыс өтіліңіз есептеледі. Бұл бөлімде міндетті түрде осыған дейінгі жасаған жұмыс орындарыңызды, қазіргі таңда жасап жатқан жұмыс орындарыңызды көрсетесіз. Себебі автоматты түрде педагогикалық еңбек өтіліңіз анықталуы керек. Көрсетілген деректерді нақтылау мақсатында қосымшамен еңбек кітапшасын жібересіз. Еңбек кітапшасында егер қазіргі уақытта негізгі жұмысыңызға қосымша жұмыс атқарып болсаңыз, оны да көрсетесіз, себебі жүйе сіздің алған санатыңыздың барлық атқарып жатқан жұмыстарыңызға, алған санаттың ақысы есептелуі үшін.

Изображение слайда

Слайд 4: Аттестация

Бұл бөлімде тек қана сіздің біліктілігіңіз туралы жазбалар салынады. Ол біліктілікті растайтын куәлік және біліктілікті беру жөніндегі бұйрық. Аталған куәлік пен бұйрық анық көрінуі керек. Бұл бөлімге басқа еш нәрсе салынбайды.

Изображение слайда

Слайд 5: Біліктілікті арттыру

Бұл бөлімде аттестация аралық уақытта өткен барлық курстар, біліктілікті арттыру курстары бойынша алған сертификаттар салынады. Салынған сертификат суреттері сапалы болуы керек, әрбір салынған сертификатқа порфолио толтырушының жеке пікірі жазылады.

Изображение слайда

Бұл бөлімде сіздің осыған дейінгі алған олимпиада, конкурс, сайыстардан алған барлық дипломдарыңыз, жетістіктеріңіз методикалық әдістемеліктеріңіз салынады. Салынған суреттер сапалы болуы тиіс, және әрбір салынған жетістікке пікір жазылады.

Изображение слайда

Слайд 7: Оқушылар жетістіктері

Бұл бөлімде № 514 бұйрыққа сәйкес келетін барлық оқушы мен ұстаздың барлық жетістіктері салынады. Әрбір жетістікке мұғалім пікір жазады.

Изображение слайда

Слайд 8: Ұлттық біліктілік тесті

Бұл бөлімде ұлттық біліктілікті арттыру тестінен алған сертификатыңыз салынады. Сертификаттың жалған болмауын тексеру мақсатында QR кодты өзіңіз сканерлеп көріңіз. Сканер өтпеген жағдайда документті қайтадан сақтап, қайта шығаруға тура келеді. Себебі зерттеушілер ( эксперттер ) сканер тексеру арқылы сіздің біліктілік арттыру тестінен өткендігіңізге көз жеткізуі керек.

Изображение слайда

Слайд 9: Педагогикалық тәжірибені жалпылау

Бұл бөлімде педагогикалық тәжірибені жалпылау жөнінде құжат саласыз. Суреттер сапалы болуы тиіс, көрсетілген бөлім педагог шебер мен педагог зерттеушіге қатысты.

Изображение слайда

Бұл мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары толтырады. Және де, бақылау парағы өз қолымен немесе MICROSOFT WORD жүйесінде толтырылуы керек, және сканер сапалы түрде документке салынады.

Изображение слайда

Слайд 11: Пікірлер

Бұл бөлімде педагогтың әріптестерінің, мектеп директорының, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының немесе ата-аналардың пікірі салынады. Пікірлер MICROSOFT WORD жүйесінде немесе қолмен жазылған болуы мүмкін.

Изображение слайда

Слайд 12: Жеке қосымша

Бұл бөлімде авторлық жұмыстарыңыз, методикалық әдістемеліктеріңіз, авторы ретінде көрсетілген жұмыстарыңыз, мақалаларыңыз салынады. Барлық салынған документтерге google disk- ге салынып сол жерде сілтемені көрсетесіз. Сілтеме жұмыс жасап тұруы керек. Оны алдын-ала тексеріңіз. Жеке деректер бөлімінде жеке куәлікті саласыз. ( сканерлік көшірме және көшірме дегеніміз не ?)

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Жеке деректер

Сканерлік көшірме дегеніміз түзу, таза, белгілі бір ережелерге сәйкес, түзу болып салынуы керек. Егер салған құжаттарыңыздың сканерлік көшірмесі дұрыс болмаған жағдайда ( сапасыз болғанда ) сіздің өтіміңізді мақұлдамайды. Т ек қана jpg жүйесіндегі суреттерді ғана салған дұрыс. Сапасыз суреттерді түсіргеннен кейін, жиекшелерін кесіп алып тастаңыздар, сапасыз суреттерді қайта өзгертіңіздер. Аттесталушы тек аталмыш құжаттардың барлығы сапалы түрде салынғаннан кейін ғана аттестаттауға өтінім бересіз.

Изображение слайда

Похожие презентации