Слайд 3
Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер: жоспарлау үдерісін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс
Слайд 4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРТРЛІГІ Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ Негізгі орта білім беру деңгейінің “Тіл және әдебиет” білім саласы пәндерінің ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (5-9-сыныптар) Астана 2013 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРТРЛІГІ Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ Жалпы орта білім беру деңгейінің «Тіл жəне əдебиет» білім саласы пəндерінің ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптар) Астана 2013 Ұзақ мерзімді жоспарлау
Слайд 5
Жоспарлау дегеніміз – қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстарды тиімді бөлу, келешекте міндеттер мен әрекеттерді анықтаумен байланысты үдеріс. Жоспар қаншалықты жан-жақты ойластырылған болса, соншалықты табысқа жету мүмкіндігі арта түседі. Жоспарлау кезінде алдағы болатын іс-әрекеттер, оның логикалық реті, қажетті ресурстар, мүмкін болатын барлық кедергілерді де егжей-тегжейлі ой- ластырумен қатар, белгіленген уақыт мақсатқа жетуге қаншалықты жеткілікті екені де ескеріледі. Жақсы құрылған жоспарда болашақ әрекет кезінде мүмкін болатын кедергілерді ескере отырып, қосымша жоспар да алдын-ала қарастырылады. (17- бет)
Слайд 6: Анықтамасы:
Орта мерзімді жоспарлау - тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді кіріктіре отырып жоспарлау. («Мұғалімдерге арналған нұсқаулық»)
Слайд 7
«Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулі « Дарынды және талантты балаларды оқыту» модулі «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі « Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану» «Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып оқыту» модулі « Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі «Оқудағы көшбасшылық және басқару» модулі
Слайд 8
• әрбір сабақтың оқу мақсаттарын белгілеу; • барлық оқушының жеке қажеттіліктеріне қарай дамуын жоспарлау; • оқушылардың оқуында болатын кедергілерді жою, ынтасын арттыру, қызығушылығын ояту тәсілдерін қарастыру; • оқушылардың жоғары ойлауына ықпал ету; • оқыту мен оқу нәтижелерін бағалау құралдарын айқындау; • оқытудың әрбір кезеңі бойынша алға дамудың болуын қамтамасыз ету. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау:
Слайд 9
Тәжірибедегі елеулі өзгеріс Оқушылардың белсенділігі Стратегиялардың әртүрлілігі Оқушылардан кері байланыстар Топтарға біріктіру Сергіту жаттығулары Ресурстарды дайындау АКТ құралдарын қолдану Бағалауға тарту Оқушылар ынтасын ояту Тиімділігі
Слайд 10
Тараудың тақырыбы және жалпы мақсаты: № 1.Тақырыбы және оқу мақсаты 2.Табыс критерийлері Барлығы: Көпшілігі: Кейбірі: 3.Оқытудағы кедергілерді жоюға арналған интерактивті тапсырмалар (барлық оқушы бірлесіп жасайтын жұмыс түрлері: топтық, жұптық т.б.) 4.Бағалау: оқыту үшін бағалау (әрбір тапсырмаға арналған бағалау) 5. Барлық оқушылардыңсабаққа толық қамтылуы (Тапсырмаларға бәрі қатысуы үшін мұғалім не жасамақ?) 6. Оқушылардың жоғары деңгейде ойлауын дамытуға және өз бетінше жеке дамуына мүмкіндік беру (түсіну, қолдану, талдау, бағалау, жасау деңгейін анықтау үшін) 7.Ресурстар (осы сабақта қолданылатын құралдар мен әдебиеттер) 1. 2. 3. 4. ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
Слайд 11
Оқу мақсаты оқушыға бағытталып жоспарланады. Оқушылардың белгіленген уақыт бірлігінде бұрын білмеген нені білетінін, нені үйренетінін айқындау. Күтілетін нәтиже. «Бұл менің оқушыларым үшін тым жеңіл болып кеткен жоқ па? Мүмкін олар әлдеқайда жоғары табысқа жете алар ?» деген күмәнді сұрақ тұру керек. Дарынды және талантты балалармен жұмыс. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Оқу мақсатына жетуге және оқудағы кедергілерді жоюға арналған интерактивті тапсырмалар. Бағалау : оқу үшін бағалау. Тестілерін, жеке тапсырмалар, түсіну дәрежесін бағалауға арналған ашық сұрақтарды пайдалана аласыз. Егер сіз өзара бағалау немесе өзін-өзі бағалауды ұйымдастыратын болсаңыз, алдын ала бағалау критерийлерін айқындап алып, бағалау парақтарын ұсына аласыз. Ресурстар. Оқулықтар, қосымша әдебиеттер, қайшы, желім, сызғыш, флипчарт, А4 парақтары, түрлі-түсті парақтар, бейнежазбалар, аудиожазбалар, ұялы телефондар, WIFI модем т.б.
Слайд 13
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда SMART мақсат қоюға арналған жаднама
Слайд 14
Аудармасы Ойланыңыз... Ескеру қажет... S pecific ( арнайы, нақты ) Сіздің мақсаттарыңыз нақты ма ? Сабақтың мақсаты өтілетін тақырыпқа негізделе отырып, сол сабақтың барысында оқушыдан күтілетін нәтижені көздейді. Ұзақ мерзімді білім беру саласының емес, шектеулі уақыт аралығында өткізілетін оқыту мен оқу үдерісіндегі оқушыға арналған мақсат қою қажеттігін есте ұстаңыз. M easurable ( өлшеуге болады ) Сіздің мақсаттарыңыздың ауқымы қандай? Табыс критерийлері қандай ? Күткен нәтижеге қол жеткізгеніңізді қалай түсінуге болады ? Табыс критерийлерін жасауда : - сынып оқушыларының оқу әлеуетін ескеру маңызды; - критерийдің, ең бастысы, өлшем құралы екенін ұмытпаңыз; - өз пәніңіз бойынша оқу бағдарламасын басшылыққа алыңыз. Сіздің мақсатыңыз нақты 4 ( н /се 5) сабақтың көлемінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. A ttainable (қолжетімді ) Алға қойған мақсаттарға жетуге қажетті ресурстар бар ма ? Мақсатты әрекетті қалай « елестетесіз »? Қойған мақсатыңызға « жету жолдары », яғни қандай оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданатыныңыз жайлы айқын шешіміңіз болуы керек. R ealistic ( шындыққа сай ) Сіздің шектелген уақытыңыз бен ресурстарды есепке алғанда, мақсаттарыңыз шын мәнінде қол жеткізерлік пе ? Тізбектелген сабақтар топтамасының уақыты шектеулі. Сондықтан 45 минутта қанша әдіс-тәсіл қолданатыныңызды емес, оқушыдан не күтетініңізді ойластырыңыз. Пән мазмұнының баланың болашақ өміріндегі маңызын емес, оқушының сабақ соңында нені білетіні, нені жасай алатыны, нені талдай алатыны жөнінде түсінік қалыптастырыңыз. T imed ( белгілі бір уақыт аралығымен шектелген ) Шектеулі уақыт деген не? Тағы не істеу қажет ? Оны кім және қай уақытта істеу керек ? Тізбектелген сабақтар топтамасының шеңберінде қол жеткізілген мақсаттың оқушының тұлғалық дамуындағы ықпалы туралы ойланыңыз. Білім - оқушыны дамытудың негізгі тетігі екенін ұмытпаңыз.
Слайд 15
№ Критерийлер Ең жоғары ұпай мөлшері 1 Әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу 2 2 Күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқыту мен оқу мақсаттарын белгілеу 2 3 Оқыту мен оқу тәжірибесінде жеті модульдің ықпалдастырылуы 2 4 Әдістемелік тәсілдердің белгіленген мақсаттарға және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі 2 5 Үйренушілердің белсенді әрекеті үшін жағдайдың жасалуы 2 6 Өзіндік талдау жасау мен өзара бағалау, тиімді кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында бағалау 2 7 Талантты және дарынды балаларды қамту 2 8 Жоспарды рәсімдеу мәдениеті 2 Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын бағалау критерийлері
Последний слайд презентации: Орта мерзімді жоспарлаудың тиімділігі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Орта мерзімді жоспарлау : талап, түйсіну, рефлексия / Б.А. Балғынбаеваның редакциясымен. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері » ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 70 б. 2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ, Астана, 2012 ж. 1_L3W4D3-4_TrH4_D3_Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жөніндегі нұсқаулық, 7_L3W4D3-4TrHW4_D3_Жоспарлауға арналған кесте, 8_L2W4D2-3_TrHW4_D3_Жоспарлауға арналған кестені толтыру бойынша нұсқаулар ресурсын негізге алуға болады ). www.jospar.kz