Жұмсақ тіндердің іріңді процес стері. Suppurative processes of soft tissues — презентация
logo
Жұмсақ тіндердің іріңді процес стері. Suppurative processes of soft tissues
  • Жұмсақ тіндердің іріңді процес стері. Suppurative processes of soft tissues.
  • Жоспары
  • Кіріспе
  • Іріңді инфекцияның жіктелуі
  • Жұмсақ тіндер хирургиялық инфекциясын 4 дәрежелі тереңдікке бөледі :
  • Жергілікті іріңді аурулар
  • Жіктемесі
  • Жұмсақ тіндердің іріңді процес стері. Suppurative processes of soft tissues
  • Абсцесс
  • Клиникалық көріністері
  • Диагностика
  • Абсцестің   емі
  • Сыздауық (фурункул)
  • Клиника
  • Емі
  • Көршиқан (карбункул)
  • Клиника
  • Емі
  • Жұмсақ тіндердің іріңді процес стері. Suppurative processes of soft tissues
  • Флегмона
  • Клиника
  • Емі
  • Гидраденит
  • Клиника
  • Жұмсақ тіндердің іріңді процес стері. Suppurative processes of soft tissues
  • Емі
  • Госпитализация
  • Жұмсақ тіндердің іріңді процес стері. Suppurative processes of soft tissues
1/28

Н ұржанова С 605 топ

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспары

Кіріспе Негізгі бөлім Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары Этиология Клиникалық көріністері Асқынулары Диагностика Хирургиялық көмекті ұйымдастыру Жоспары

Изображение слайда

Слайд 3: Кіріспе

Инфекция  дегеніміз – микроорганизмдердің макроорганизмге енуі, оның ішінде көбейіп, қоздырғыш тасымалдаушылыққа, дертке соқтыратын күрделі өзара әсерлесу комплексі. Іріңді инфекцияның   қоздырғыштарын ғылыми түрде К. Косһ (1878ж.) зерттеп, бактериялардың өзіндік спецификасы туралы ілімнің негізін салып кетті. Іріңді материалды жануарларға егу арқылы іріңді процестер жасап, олардың әрқайсысының өзіне тән қоздырғыштары бар екенін дәлелдеген К. Косһ болды. Хирургиядағы инфекция дегеніміз  – көптеген дерттер мен операциядан кейінгі асқынулар. Бұл патологиялық процестер мыналар : Іріңді дерттер. Жедел хирургиялық ауруларда болатын іріңді-бұзылыстық процестер. Ашық және жабық жарақаттар кезіндегі іріңдеулер. Операциядан кейін дамитын инфекциялық асқынулар. Кіріспе

Изображение слайда

Слайд 4: Іріңді инфекцияның жіктелуі

Изображение слайда

ға теріде және шелде пайда болатын аурулар жатады. Оларға шиқан, сыздауық (фурункул), көршиқан (фурункулез), карбункул – сом, ит емшек (гидраденит), іріңдік (абсцесс), шелдің жайылымды қабынуы (флегмона), тілме (рожа),түйнеме-күйдіргі ( сибирская яза) эризипилоид аурулары жатады. Осы аурулардың бәрін біріктіретін жайлар бар. Ол клиникалық белгілері. Мәселен, қызару, ауырсыну сезімі, дене қызуының көтерілуі, ісіну, мүше қызметінің нашарлауы сияқты жағдайлар барлық ауруларға бірдей белгілер. Жергілікті іріңді аурулар

Изображение слайда

Слайд 7: Жіктемесі

Изображение слайда

Слайд 8

Этиологияоық фактор бойынша жіктемесі : инъекциядан кейінгі, жарақаттан кейінгі ж ə не  т.б. Қауіп-қатерлі факторлар Қауіп-қатерлі факторлар :  жеке гигиена ережелерін сақтамау. Генетикалық   бейімділік, иммунитеттің төмендеуі.

Изображение слайда

Слайд 9: Абсцесс

дегеніміз  - Жіті ж ə не созылмалы ошақты инфекцияларда пайда болатын ж ə не сол ошақта тіндердің қалыпты құрылымының бұзылуына ə келетін ( көбіне перифокалді ісікпен бірге жүретін ), қапшықпен шектелген іріңдік. Тері мен тері асты шелмайының абсцестері : сыздауық, көршиқан. Қоздырушысы : Staphylococcus aureus. Абсцесс

Изображение слайда

теріге жақын орналасқан абсцесте қабынудың жергілікті белгілері ( терінің қызаруы, ісінуі, жергілікті температураның көтерілуі, солқылдатып ауруы, ауырған мүшенің функциясының бұзылуы ) айқын көрінеді, кейде тері жұқарып   флюктуация ( бүлкілдеу ) симптомы пайда болады. Абсцесс қуысындағы іріңнің түріне, консистенциясына, иісіне қарап қоздырғыштардың түрлерін анықтауға болады : сасық, сұр түсті ірің шірікті қабыну тудыратын микрофлораға тән болса, сарғыш – жасыл ірің стафилококқа, иісі тәтті, көкшіл – жасыл түсті іріңдікті   көкірің таяқшасы тудырады. Көлемді абсцесте   іріңді интоксикация ( іріңді – резорбциялық қалтырау синдромы) салдарынан   науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріліп, әлсізденеді, тәбеті төмендеп, басы ауырады. Клиникалық көріністері

Изображение слайда

Слайд 11: Диагностика

Қан анализдерінде : лейкоцитоз, нейтрофилез, лейкоциттік формула солға жылжып, ЭТЖ өседі. Абсцесті гематома, киста, ыдыраған қатерлі ісіктерден ажырата білу керек. Диагнозды анықтауда науқастың шағымдары, анамнезі, сырқаттың жергілікті және жалпы көріністеріне сүйене отырып, арнайы тәсілдерді қолданады. Ең нәтижелі тәсіл –  абсцесті пункциялап, алынған сұйықтықты бактериологиялық зерттеуге жіберу. Ішкі мүшелер мен тіндерде терең орналасқан абсцестерді анықтап, пункциялау үшін ультрадыбыс, рентгендік зерттеулерді жиі қолданады. Диагностика

Изображение слайда

Слайд 12: Абсцестің   емі

:  асептика заңын сақтай отырып, пункция жасау, іріңді эвакуациялау, қуыста тұрған иненің бойымен іріңдікті тіліп ашу, қуысын антисептик ерітінділерімен жуып, силикон түтікшелері, марля томпондарымен дренаждау. Жалпы ем хирургиялық іріңді инфекцияларды емдеу принциптеріне сәйкес жүргізіледі ( қан, плазма құю, антибиотиктер тағайындау, иммундық терапия жүргізу ). Абсцестің   емі

Изображение слайда

Слайд 13: Сыздауық (фурункул)

- түкті фолликулдың ж ə не оны қоршаған тіндердің Жіті іріңді-некроздық қабынуы. Одан ə рі қабыну май бездеріне ж ə не қоршаған д ə некер тіндерге ауысады. Көбінесе терінің ластануға ( білек, қол ұшының сырты) ж ə не үйкеліске ( мойынның артқы беті, бел, бөксе аймағы, сан) жиі ұшырайтын аймақтарында байқалады. Қоздырушысы көбінесе Staphylococcus aureus, сирек Staphylococcus pyogenes albus. Сыздауық (фурункул)

Изображение слайда

Слайд 14: Клиника

лық көрінісінде :   шаш түбінде инфильтрат, ортасында болар болмас іріңдік   (пустула), айналасында гиперемия анықталады. Инфильтрат жұмсарып, іріңдеп жарылады, қанды ірің мен өліеттенген шаш түбірі сыртқа шығады, орнында 2-3 күнде тыртықтанып бітетін, жара пайда болады. Егер де тері жабындысында фурункулдан тараған қызыл жолдар, жолақтар пайда болса, регионарлы лимфа бездері шошынса, ол инфекцияның жайылып, лимфа тамырларының, лимфа бездерінің қабынуымен (лимфангиит, лимфаденит) асқынуының    белгісі. Бетте орналасқан фурункул өте қауіпті : іріңді тромбофлебит, менингит, сепсиспен септикопиемиямен асқынуы мүмкін. Клиника

Изображение слайда

Слайд 15: Емі

Фурункулды консервативті емдеуден бастайды, қабыну ошағын 70% этил спирті, 2% салицил спирт ерітінділерімен сүртіп, УЖЖ, т.б. физиопроцедуралар жасалады. Іріңдеу кезеңінде, іріңдікті тіліп ашып, өліеттерден тазартып, антисептиктермен жуып, жара тазарғанша протеолиттік ферменттер, натрий хлордың 10% ерітінділеріне малынған дәке (марля), резина дренаждар қойылады, жараны ультракүлгін сәулесімен қыздырады. Тазарған жараларды антисептикалық майлармен таңу салып, емді жалғастырады. Операциядан кейінгі жара емдеу нәтижесінде жетіліп, тыртықтанып жазылады (9-сурет). Фурункулдың лимфангиит, лимфаденит, тромбофлебит, менингит, сепсиспен асқынған түрлерінде науқастарды жедел ауруханаға жатқызып, антибиотиктер, сульфаниламидтер, инфузиялық, иммундық терапиялар жүргізіледі Емі

Изображение слайда

Слайд 16: Көршиқан (карбункул)

- тері мен тері асты клетчаткасының ауқымды некрозы пайда болуына ə келетін бірнеше түкті фолликулдар мен май бездерінің Жіті іріңді-некроздық қабынуы. Көршиқан көбінесе мойынның артқы бетінде, жауырын аралық ж ə не жауырын аймағында, белде, бөкседе, сирек қол, аяқта дамиды. Қоздырушылары - Staphylococcus aureus немесе стафилострептококктық инфекция, сирек стрептококк. Көршиқан (карбункул)

Изображение слайда

Слайд 17: Клиника

Көршиқан кезінде – бастапқысында тез ұлғайатын беткейлік пустуламен кішірек қабынбалық инфильтрат пайда болады. Тіндердің ширығуы пальпация кезіндегі кенеттен ауырсынуларға алып келеді, сонымен қатар кеңейген, өзіндік ауырсынулар. Инфильтрат аумағындағы тері ширыққан ж ə не ісінген. Некроз ошағының үстіндегі эпидермис бірнеше жерден жарылған, бірнеше тесіктер түзіледі ("сито"), олардан қою жасыл сұр түсті ірің шығарылады. Тесіктерде некроздалған тіндер көрінеді. Жеке тесіктер бірігеді, теріде үлкен ақаулар түзіледі, олардан көптеген ірің ж ə не некроздық тіндер бөлінеді. Температура 40 С дейін көтеріледі, аздаған уыттану байқалады ( жүрек айну ж ə не құсу, т ə беттің жоғалуы, қатты бас ауырулар, ұйқысыздық, сирек жағдайда сандырақ ж ə не естүссіз жағдай ). Клиника

Изображение слайда

Слайд 18: Емі

Шиқан кезінде операция сирек жасалады. Бірақ іріңді-некроздық діңгектің нашар шығуы кезінде теріні өткір скальпельмен кеседі. Шиқанды кесуге болмайды, себебі іріңді инфекция өзге қоршаған тіндерге жайылуы мүмкін. Шиқанды қатты басуға ж ə не қабынба ошағына массаж жасауға қатаң тиым салынады. Шиқан кезінде консервативті ем тиімсіз болса, үдемелі уыттану операция жасау үшін көрсетім болып табылады. Операция наркозбен жүргізіледі ж ə не операцияның м ə ні шиқанды некроздың барлық қалыңдығы арқылы, өмірге қабілетті тіндерге дейін крест т ə різді кесуде. Натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен, Вишневский майымен ж ə не өзге де антисептиктермен таңу. Емі

Изображение слайда

Слайд 19

Изображение слайда

Слайд 20: Флегмона

– дерма мен оның астындағы тіндердің бактериялық инфекция болуына байланысты дамитын жайылмалы қабынуы. Қабынудың жергілікті белгілерімен ( тері қызуының жоғарылауы, қызару, ауыру сезімі, лимфангит болуы ) қатар жүйелік клиникалық белгілер ( қызба, лейкоцитоз) жиі көрініс табады. Флегмона

Изображение слайда

Слайд 21: Клиника

Ауру температураның 38-40оС-қа жоғарылауымен жедел басталады. Тез интоксикация белгілері басталады. Мазасыздық ə лсіздікке ауысады. Терісі сұр түске енеді, м ə рм ə р суреті пайда болады. Жиі беткей дем алу, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, қанда лейкоцитоздың жоғарылауы байқалады. Аурудың алғашқы сағаттарында-ақ теріде қызарған ж ə не тығыздалып шектелген, пальпация жасағанда ауыратын аймақ пайда болады. Зақымдалған ошақтың терісі ыстық ж ə не қыртыстанбайды. 8-12 сағаттан кейін зақымдалған аймақ 2-3 есе үлкейеді, сол жердің терісі көгереді, қоршаған тіндердің ісінуі пайда болады. Біртіндеп инфильтрация ошағының ортасында жұмсару пайда болады. Кейбір жағдайда тері некрозы пайда болып, ауқымды жаралық кемістік түзе отырып терісі түсіп қалады. Жараның түбі сұр түсті, некрозданған шелмай қалдықтары көрінеді, жиектері тесілген, тегіс емес, түйіршіктер жоқ. Жараның мұндай түрі жағымсыз болжам туралы ойлауға итермелейді. Жағымды ағым кезінде некрозданған тері түсіп қалғаннан кейін өлшемі үлкен емес ( диаметрі 3-6 см) жаралар пайда болады, олар біртіндеп түйіршікке толып, жиектері эпителилене бастайды. Ə рі қарай жаралық кемістіктің орнында көбінесе дөрекі тыртық пайда болады, ол кеуде торының деформациясына, бел лордозы мен кифозына ə келеді де, баланың жасы өскен сайын үдей береді. Клиника

Изображение слайда

Слайд 22: Емі

Жалпы жансыздандыру арқылы теріде зақымдалу ошағы үстінде ж ə не сау терімен шекарасында шахмат т ə ртібімен көптеген тіліктер жасайды. Тіліктің ұзындығы 1-1,5 см, тереңдігі теріасты шелмай қабатына дейін жетуі тиіс. Кейін натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен немесе антисептикпен (фурацилин, диоксидин, хлоргексидинтиоглюконат, калий перманганаты) 2-3 сағатқа таңғыш салады. Келесі таңу кездерінде процестің таралуын бақылап отырады, қажет болса қосымша тіліктер жасайды. Тері некрозында ж ə не шекаралық ( демаркациялық ) сызықтар пайда болғанда некрэктомия жүргізеді. Жараны некроздық массалардан ж ə не іріңнен тазалағаннан кейін жақпа маймен таңғыш салады. Емдеу барысында физиотерапиялық шаралар жүргізіледі (УФО, УВЧ ж ə не т.б.), сонымен қатар түйіршіктердің өсуі мен эпителиленуі консервіленген плацента, фибринді пленка, жараны ультрадыбыспен, лазер с ə улесімен өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті еммен параллель интенсивті ем жүргізіледі, оның құрамында дезинтоксикациялық, антибактериялық ж ə не иммуностимулдеуші шаралар болуы тиіс. Ұзақ уақыт массивті антибиотикотерапия қолданғанда микоз пайда болуының алдын алу ж ə не емдеу үшін итраконазол оралді ерітіндісі 5 мг\кг\ күніне, 10 күн бойы тағайындалады Емі

Изображение слайда

Слайд 23: Гидраденит

(Hydradenitis; гректiң hidros – тер + аden – без + itis; синонимі: тубероздi абсцесс, hydradenitis phle gmonosa, аЬsсеssus sudoripfrus (Verneuil) staphulodermia suppurativa; ескi атауы – сучье вымя) – терiнiң майлы безiнiң, маңындағы тері астышел қабатымен бiрге iріңдi қабынуы, колтық асты шұңқырмен кейде шап аймағына таралады. Көбiнесе алтын түстес стафилококкпен түзіледі. Гидраденит

Изображение слайда

Слайд 24: Клиника

Ауру күйд i ре қышынудан, ауырсыну сез i м i аз және қолтықасты шұңқырында ыңғайсыздық сез i нуден басталады. Одан кей i н тығыз, шектелген i р i ңд i инфильтрат тер i ден жарты шар тәр i зд i томпиып шығып, ақырындап едәу i р (1-1,5 см.) мөлшерге жетед i. Алдымен ошақтың үст i қызарып, инфильтратпен жабысып, кеш i рек қою-қызыл түске айналады. Содан кей i н түй i н жұмсарып, оның ортасында абсцесс флюктуация түзейд i. Ошақты кес i п ашқанда аздаған мөлшерде қаймаққа ұқсас i р i ң бөл i нед i. Б i р ғана гидраденитт i ң циклы орташа алғанда 10-15 күнге созылады. Гидраденитт i ң рецидивті ағымы кез i нде (2-4 аптадан кей i н) түз i лген б i р i ншіл i к ошақ тыртығы айналасында қайтадан гиперемия, i с i к және айқын ауырсыну сез i м i, осы тұста қозғалыстар б i рден шектелгені байқалады. Инфильтрат енд i үлкен көлемд i, тығыз және терең болады. Көп жағдайда i р i ңд i процесс флегмоноздық түрде дамиды. Науқастың жалпы жағдайы б i ршама зардап шегед i. Дене қызуы субфебрильд i, мазасыздану, қалтырау, бас ауруы, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылау белг i лер i болады. Инфильтратта орналасатын көп микроабсцестер ошағына кес i п- ену және i р i ңд i жою қорытынды ем бермейд i, сол күй i нде қалады және i р i ңд i процесс ары қарай дамиды. 2-3 күн i ш i нде дене қызуы жоғарылайды. Зақымдануда тер i асты шел қабатының ұзақ некролиз i, тоқтаусыз i р i ң ағуымен жалғасады. Айналасындағы т i ндерд i ң инфильтрациясы азаймайды. Операциядан кей i н жарақат толық жабылып б i ткеннен кей i н де, қатты және ауырсыну сез i м i сақталатын инфильтрация қалады. Клиника

Изображение слайда

Слайд 25

Изображение слайда

Слайд 26: Емі

Науқастар қолтық асты шұңқырындағы көлденең тыртықты, қабыну процес i мен стационарға қайта кел i п түсед i. Аурудың флегмонозды ағымы кез i нде i р i ң шандыр асты беткей i мен қолтық асты шұңқырының тері асты шел қабатына таралуы мүмк i н. Өте асқынып кеткен жағдайда немесе адекваттық дренаждау жасалмаса, субпекторальдық флегмонаның даму қауп i бар. Қолтық асты шұңқырында б i р i нш i л i к инфильтрат пайда болса, б i р i нш i сағаттарда ылғалды тез кепт i рет i н жартылай спиртт i таңғыштар тағайындалады. Бұл кезеңде лимфатропты антибио тиктермен 3-5 күн аралығында емдесе нәтижел i болады. Майлы таңғыштар жылу және физио терапиялық емдер инфильтратты күшейт i п, ошақтағы абсцесс тез арада дамуына көмектеседі. Түз i лген абсцесс кез i ндег i операцияда i р i ңн i ң инцизиясы және эвакуациясымен шектелмеу керек. Қуысқа Фолькман қасығымен хирургиялық кюретаж жасалу керек. Операциядан кей i нг i енг i зулер жарақатта ашық әд i спен жасалынады. Аурудың рецидивт i ағымы кез i нде көптеген операциядан кей i нг i тыртықтар және тер i асты шел қабатының инфильтра циясының болуында хирургиялық ем ек i этапта жүрг i з i лу керек. Б i р i нш i этапта жалпы жансыздандыру және қолтық асты шұңқырының тер i қатпарларындағы ошақты i р i ңге кес i п ену қатар жүрг i з i лед i. Инфильтрацияланған тер i асты шел қабаты кес i п алынып тасталады. Жарақатқа операциядан кей i нг i енг i зулер ашық, м i ндетт i түрде регионарлық әдіспен антибиотиктер жіберілед i. Емі

Изображение слайда

Слайд 27: Госпитализация

лауға көрсетімдер : көршиқан, флегмона. Профилактика Біріншілік профилактика: жеке гигиена ережелерін сақтау, иммунитетті жоғарылату. Профилактикалық шаралар : сүтқоректілердің тістеуінен кейін антибиотиктерді профилактикалық қолдану, жараны алғашқы хирургиялық емдеу, инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін антибиотикотерапия тиімді. Ə рі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері : жоқ. Госпитализация

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Жұмсақ тіндердің іріңді процес стері. Suppurative processes of soft tissues

Изображение слайда

Похожие презентации