Журналистік зерттеудің ерекшеліктері — презентация
logo
Журналистік зерттеудің ерекшеліктері
  • Журналистік зерттеудің ерекшеліктері
  • Журналистік зерттеудің ерекшеліктері
  • АНЫҚТАМАСЫ
  • ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  • журналистік қызметтің т ə сілі
  • ЗЕРТТЕУДІ КІМ ЖҮРГІЗЕДІ?
  • Зерттеу ə дістері мен т ə сілдері
  • СЕБЕП-САЛДАР ПРИНЦИПІ
  • ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУМЕН КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ АЙНАЛЫСА АЛА МА?
  • ЗЕРТТЕУДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ҮЛГІСІ
  • ШЫНДЫҚ - ҚЫМБАТ!
  • Не оқу, көру керек !
1/12

Первый слайд презентации: Журналистік зерттеудің ерекшеліктері

« Ақиқат жеңер жалғанды » ( Міржақып Дулатұлы ) Л ектор : А язби Ахбергенұлы Бейсенқұлов, ХАТУ асс.профессоры Лекция №1

Изображение слайда

Слайд 2

Журналистік зерттеу дегеніміз - қоғам назарынан тыс қалған оқиға төңірегіндегі м ə ліметтерді іздеу, кейбір ақпаратты жаңалау, тексеру. Мақсаты – заң бұзушылық фактілерін тауып, оған м ə н беру, көпшілікке ақпарат беріп, құлақтандыру, сол арқылы қоғамдық пікір туғызу және белгілі бір шешімдердің жүзеге асуына ұйытқы болу немесе қозғау салу. Ең алдымен сол жат ə деттің түп тамырын табу, себептерін айқындау, жасырын жатқан көлеңкелі жақтарын ашу. Ағылшын тіліндегі investigation сөзі екі түрлі мағынасы бар: 1. зерттеу 2. тексеру

Изображение слайда

Слайд 3: АНЫҚТАМАСЫ

С.И.Ожеговтің редакциялауымен жарық көрген Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде : «Расследовать – 1. Подвергнуть <…> всестороннему рассмотрению, изучению. Расследовать факты, обстоятельства дела. 2. Осуществить <…> следствие (спец.) Расследовать преступление. <…>» - делінген. Аталған сөздікте зерттеуге қатысты екі түрлі түсінік беріледі. Қылмысты зерттеу ж ə не анықтау, екінші етістік іздеу - қылмыстық оқиғамен байланысты жағдайды зерттеу, м ə ліметтерді жинақтау ж ə не тексеру деген түсінік берілген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде : « Зертте – 1) бір н ə рсенің м ə н- жайын анықтау, 2) байқау, бақылау, тексеру, - деген анықтама беріледі. Терминдік сөздікте «расследование – тексеру, м ə селені тексеру, істі тергеу » деген. АНЫҚТАМАСЫ

Изображение слайда

Ғалым К.Қамзин журналистік зерттеуді айқындама деп түсінік береді. « Біздің бұлай ат қоюымыздың себебі : бұл жанр түрімен түпкілікті айналысушылар көмескі, бұлыңғыр деректердің, оқиғалардың астарына, орын алған құбылыстың, қылмыстың себеп-салдарына үңіледі, оның адами, психологиялық ж ə не ə леуметтік табиғатын айқындай түседі. Журналистік айқындаманың өзі түсіндірме - комментарийден өсіп-өніп шығады », деп жазады. Ал филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Медеубекұлы аталмыш жанрды айғақтама деп атауды ұсынады. Әдіс (метод), жанр, сверхтекст пе ?

Изображение слайда

Слайд 5: журналистік қызметтің т ə сілі

Зерттеуші А.Д.Константинов зерттеуді журналистік қызметтің т ə сілі деген түсініктеме береді. Яғни « қоғамдық назардан тыс қалған деректерді зерттеу ж ə не халыққа тарату », - деп анықтама жасайды. Ғалым А.Станько журналистік зерттеуді жанр деп таниды. «Автор ə леуметтік құбылыстың жағымсыз жақтарына жұртшылықтың назарын аудару үшін ж ə не құқықтық тұрғыдан ə діл бағасын беру мақсатында жан-жақты зерттейді. Сондықтан да журналистік зерттеу публицистиканың жанры». Бұл пікірді Дж. Уллменнің пікірі де растай түседі. « Журналистік зерттеу : қазіргі т ə сілдер ж ə не техника» атты еңбекте « жекелеген тұлғалар мен мекемелердің өз қызметтеріне қатысты құпия сақтағысы келген маңызды тақырыбына арналған немесе негізделген материал»,- деп анықтама беріледі. Осылайша зерттеу түсінігі ауқымды мағынасында материалды т ə тпіштеп зерттеу дегенге саяды. Журналистика саласындағы зерттеу журналистің құпия деректерді өз бетінше ашудың, жария етудің т ə сілі ж ə не публицистикалық жанр.

Изображение слайда

Слайд 6: ЗЕРТТЕУДІ КІМ ЖҮРГІЗЕДІ?

Журналистік зерттеуді қиындықтан қашпайтын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін, яғни қайсар ə рі табанды адамдар жүргізе алады. Осы тектес қасиеттермен қатар журналистке бірқатар ə дістер мен т ə сілдер де қажет. Оны да үш топқа бөліп қарастыруға болады : 1. Құқықтық білім, заңдарды жетік білу. Журналист жұмысын реттейтін заңдарға Конституцияны, ҚР «БАҚ туралы » заңын, ҚР « Ə кімшілік құқықтар туралы » заңын, ҚР « Мемлекеттік құпиялар туралы » заңын жатқызуға болады. Журналистік зерттеулердің көпшілігі журналистің қолына құпия құжаттардың түсіп қалғанына орай басталады. Осы тұста репортер сол құжаттағы м ə ліметтің мемлекеттік құпияға жататын, жатпайтынын ажырата білуі қажет. Егер мемлекеттік құпияны жариялап жіберсе журналист ə кімшілік, тіпті қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Изображение слайда

2. Ақпарат көздерімен байланыс орната білу. Кез- келген адам журналист үшін ақпарат көзі бола алады. Ə детте журналистер мекемелердің басшыларын, белгілі бір сала мамандарын ақпарат көзі деп қарастырып, олармен байланыс орнатып жатады. Ал кей журналистер осы м ə ліметтің барлығын арнайы кестеге енгізіп, компьютерде сақтайды. Оның материалы тың жаңалыққа толы ж ə не қоғам үшін аса маңызды болуы керек. Журналист өзіне дейінгі ешкім жүргізбеген оқиғаға зерттеу жүргізеді. Екіншіден, қозғалып отырған тақырып аудитория назарын елітіп ə кетуі керек, ə рі бұрын соңды белгісіз болып келген м ə селе жария етіледі. Журналистік зерттеудің мақсаты-белгілі бір құбылыс пен процесстің себебін анықтау, оның ə рекет ету механизмін көрсету. Зерттеу нысаны ретінде көбіне көлеңкелі құбылыстар, заңсыздықтар қамтылады. Журналистің ұсақ фактінің өзін көрер қырағылығы, мұқияттылығы мен өрелі ойлылығы зор роль атқарады. Зерттеу оқиғалар, адамдар, құжаттар ж ə не жеке бақылау сияқты ақпарат көздеріне негізделеді.

Изображение слайда

Слайд 8: СЕБЕП-САЛДАР ПРИНЦИПІ

Журналистік зерттеу жөнінде анықтама берген батыс зерттеушілері көбіне оны жемқорлыққа қарсылықпен байланыстырады. Барлық мемлекет үшін жемқорлық қазіргі уақытта ең ауыр тақырып. Ол туралы саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, кандидаттар, депутаттар, президенттікке үміткерлердің барлығы көп айтады. Барлығы онымен күресуге у ə де береді. Біздің тілімізде бір-біріне мағынасы жағынан ұқсайтын бірақ, өзіндік қолдану жағынан айырмашылығы бар сөздер бар. Олар : Ə ділдік заңдылық Шындық пен ақиқат Еркіндік пен ерік Шыншылдық пен тазалық Осы сөздердің барлығы журналистік зерттеуге де тікелей қатысы бар. Барлық шындықты айта отырып, адамгершілікті де аяқ асты етуге болмайтынын естен ə сте шығаруға болмайды. Кто захватил столицу Сибири и как её освободить https://www.youtube.com/watch?v=hx48jaOroRQ&ab_channel=%D0%90%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81%D0%B5%D0%B9%D0%9D%D0%B0%D0%B2%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9

Изображение слайда

Зерттеуші М.Берлин : « Журналистік зерттеу журналист тарапынан болатын күш-жігер, идея ж ə не ұсыныссыз жарыққа келмейді »- дейді. Қателік кетсе, қоғамда теріс пікір туып, қарсыласушы жақтың абыройына нұқсан келетіні анық. Журналист- ақпарат майданының жауынгері десек, ол иелігіндегі қандай да бір ақпаратты ешкімнің ыңғайына жығылмастан, ə р тараптың үніне құлақ аса отырып, өзінше ой түю арқылы жазып шығуда шеберлік танытқаны жөн. Ең бастысы, қолына қалам ұстаған кез келген адамда ішкі т ə уелсіздік болуға тиіс. Сол арқылы ол қоғамда белгілі бір м ə ртебеге ие болып, аудиторияның сенімін ақтайды деп білемін. Репортердің бойынан табылуға тиіс басты қасиеттер : ***Т ə жірибелілік ; *** Адамдармен тез тіл табысып, сенімін жаулап алу ; *** Қызықты ақпаратты иемденуге деген құштарлық пен құжаттарды іздестіруге кеткен уақытты зая кетті деп есептемеу ;

Изображение слайда

Слайд 10: ЗЕРТТЕУДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ҮЛГІСІ

1972 жылы «Уотергейт» қонақүйінде орналасқан АҚШ- тың демократиялық партиясының штаб п ə тері тоналғаннан бастап журналистік зерттеу жүргізген « Washington Post» газетінің екі журналисі Карл Бернстайн мен Боб Вудворд оқиғаны екі жыл бойы зерттеп, ə лемдегі ең ықпалды адамдардың бірі, сол тұстағы АҚШ президенті Ричард Никсонның ж ə не оның аппаратының жемқорлық ə рекеттерін, жасаған ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылығының бетін ашты. Ашып қана қойған жоқ, ə ділетсіз президентті тақтан тайдырды. Журналистік зерттеудің құдіреттілігі сонда – ол мемлекеттік саясатты, қоғамдық пікірді күрт өзгерте алады, білдей бір мемлекеттің немесе ұлттың қауіпсіздігін сақтап қала алады. «Уотергейт»

Изображение слайда

Слайд 11: ШЫНДЫҚ - ҚЫМБАТ!

Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны. Шерхан Мұртаза Шындық - ащы һәм ажарсыз. Шерхан Мұртаза « Ең басты қажеттілік – ақиқатты тани білу » ( Г.Гегель ) « Ақиқат – адамға соқырды ертіп жүрген жетекші секілді қажет » ( М.Горький ) « Ақиқат екінші бір шындыққа қарсы келмейді » ( Д.Бруно ) « Ақиқат еш уақытта жасырын қалмайды » (Леонардо да Винчи)

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Журналистік зерттеудің ерекшеліктері: Не оқу, көру керек !

Вся президентская рать ( ALL THE PRESIDENT'S MEN) фильм, книга и реальная история. 1976 год. Режиссер – Алан Пакула, Сценарий: Боб Вудворд, Карл Бернстайн, в ролях: Дастин Хоффман, Роберт Редфорд, Джек Уорден, Холл Холбрук, Мартин Бальсам, Джейсон Робардс. Четыре премии «Оскар». Тертычный А. А. Расследовательская журналистика. Учебное пособие. М.: Аспект Пресс, 2002. - 384 с. http://evartist.narod.ru Уллмен Дж. Журналистские расследования: современные методы и техника / пер. с англ. - М. : Ви- оланта, 1998. - 224 с. Пора Расследовать! Пособие для начинающих журналистов-расследователей. https://web.archive.org/web/20181119083054/http://www.pora.press/

Изображение слайда

Похожие презентации